«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Оныншы тарау. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу



бет58/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   130
Оныншы тарау. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.


10.1. Көлік қызметтер жүйесі нарығының сипаттамасы.


Көлік жүйесі кез келген өндірістің негізгі буыны ретінде қаралады және барлық шикізат, отын, өнім түрлерін жеткізуде басты роль атқарады. Көлік жүйесі елдер арасындағы экономикалық интеграцияда және халықаралық саудада маңызды фактор болып саналады. Көлік жүйесі туристерді тасымалдауда басты роль атқарады және адамдар денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қаралады. Қазіргі уақытта кез келген көлікке келесі талаптар қойылады:

  • тасымалдау бойынша тұрғындардың қажеттіліктерін толық және уақытында қанағаттандыру;

  • жұмыстың жоғары үнемделуін қаматамасыз ету және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету;

  • негізгі қорлар мен көлік құралдарының айналымдылығын жеделдету мақсатында жүктерді жеткізудің мерзімдерін қысқарту;

  • қозғалу пункттерінде, жүру пункттерінде және жету пункттерінде жолаушыларға комфорт деңгейін жоғарлату.

Қазақстан Республикасы көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқару негізі ретінде 1994жылы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы»Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық реттеу, лицензиялау, салық салу, қаржыландыру, баға белгілеу, инвестициялық және әлеуметтік саясат жүргізу Қазақстан Республикасы заңдылығын орындалуын бақылау арқылы іске асырылады. Көлікті басқару Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министірлігімен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Ережеге сәйкес оның негізгі мақсаттарына келесілер жатады:

  • көлік саласында Қазақстан Республикасы мүдделерін қорғау;

  • көлік саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүргізу;

  • барлық көлік түрлерінің қызмет етуінің құқықтық тәртібін анықтайтын заңдылық актілер, стандарттар, нормалардың жобаларын жасау;

  • көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылау;

  • барлық көлік түрлерінің дамуының мемлекеттік ұлттық бағдарламаларын және концепцияларын жасау;

  • тасымалдаумен байланысты қызметтердің ел экономикасының және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

  • көлік жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу қызметтерін іске асыру және жұмыстарын координациялау.

Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.
Көлік жүйесі жалпы пайдалану көліктері және жеке пайдалану көліктерін қамтиды. Жалпы пайдалану көліктеріне темір жол, теңіз, әуе, автомобиль, өзен, құбырлар жатады. Жеке пайдалану көліктеріне жеке меншіктегі адамдардың өз қажеттіліктеріне пайдаланатын көліктер жатады.
Қазақстан Республикасы көлік инфрақұрылымының дамуының стратегиялық бағыттарының негізгі мақсаты, бұл Көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынына қол жеткізу болып табылады. Төмендегі кестеде нысаналық индикатор көрсеткіштері бойынша 2009 -2015жылдар аралығындағы өзгеру, даму тенденциясы көрсетілген. Соның ішінде, жүк тасымалын 2015 жылы 20,8 %-ға, жолаушылар тасымалын 11,6%-ға, жүк айналымын 19,7%-ға, жолаушылар айналымын 23,8%-ға арттыру көзделген.
Кесте12.


ҚР көлік инфрақұрылымының дамуының стратегиялық бағыттары, нысаналық индикаторлары мен көрсеткіштердің іс-шаралары мен нәтижелері.



Нысаналық индикаторлар



Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

3

4

5

6

7

8

9

10

1. 2015 жылы жалпы пайдадан қосылған құнын 63% көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерін арттыру

%

7,9%

16,2

24,7

33,5

43,6

54,7%

64,3%

Жүк тасымалдары

млн. тонн

1 939

1 968

1987

2 064

2136

2 222

2 343,5

Жолаушылар тасымалдары

млн. адам.

11 798,9

11 861,6

11984,5

12 162,3

12 587,9

13 091,5

13 651,4

Жүк айналымы

млрд. т-км

262,7

267,2

278,3

278,0

278,8

299,3

314,7

Жолаушылар айналымы

млрд. ж-км

130,5

132,5

135,9

142,5

147,5

153,4

161,6



Темір жол көлігінің тиімділігі, қолда бар ассортимент, пайдаланушыларға берілетін қызметтің қол жетерлігі мен сапасы, қызметтік инновацияларды енгізу деңгейі нарықтың қазіргі заманғы талаптарына толық мөлшерде жауап беруі үшін және
темір жол көлігі жұмысының мемлекет экономикасының барлық салаларына маңызын ескере отырып, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірге ҚР темір жол көлігін бұдан әрі дамыту бойынша ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жасаған. Осы бағдарламаның негізгі міндеттері қолданыстағы институттандыру құрылымын және саланың экономикалық моделі реформасын түзету негізінде реформалау процесін жүргізу болып табылады.
Аталған бағдарлама табиғи-монопольдік қызметтер мен тасымалдау қызметін толығымен бөлу, тасымалдау қызметі тарифін қайта реттеу, әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдаумен байланысты тасымалдаушы шығындарын 100%-дық субсидиялау және т.б.мәселелерді болжамдайды.
Реформалау процесіне сай, жолаушылар тасымалы жүк тасымалынан бөлінген, ал магистралдық жүйенің қызметі табиғи монополия саласына жатқызылып, Қазақстан темір жолының негізгі қызметі түрінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Ресей және Беларусь елдерімен Кеден одағына біріккендіктен отандық темір жол саласының бәсекелестік қабілетін нығайтудың маңызы, қазіргі кезеңде зор болып саналады, әйтпеген жағдайда Қазақстан өзінің осы сала бойынша нарығын тарылтып алуы мүмкін. Осыған орай темір жол саласы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, оны заман талабына сай қайта жаңғырту үшін қызмет тарифтері көтерілуде. Ол, 2011 жылмен 2014 жылдың аралығында 15 пайызға көтеріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстанда 2013 жылдан бастап жолаушылар тасымалын 100 пайыз субсидиялаудың қажеттігі туралы мәселелер қарастырылуда. Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне сәйкес субсидиялау көлемі 2011 жылы 19,4 миллиард теңгені, 2012 жылы 22,2 миллиард теңгені құрауы тиіс. 2020 жылға дейінгі мерзім ішінде Қазақстанның темір жол саласына 4,26 триллион теңгенің инвестициясы салынады. Осы мерзім ішінде 12 мың шақырым жолдың үстіңгі қабаты жаңартылып, 236 нысанға жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 1500 локомотив, 5300 жүк, 2000 жолаушылар вагондары сатып алынады деп болжамдануда. Мұның барлығы темір жол саласы қызметтерінің бәсекелестік деңгейін арттыра отырып, экономикамыздың индустриалды- инновациялық дамуына септігін тигізеді.
Инвестициялардың 72 пайызы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы есебінен, 4 пайызы республикалық және жергілікті бюджеттерден, 24 пайызы жеке инвестициялар арқылы тартылады. Мемлекет бөлетін қаржы негізінен жолаушылар вагондары мен жылжымалы құралдар сатып алу үшін бағытталған. Оған жалпы жиыны 162 миллиард теңгеден астам қаржы жоспарланған..
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сай, Қазақстанның темір жолын пайдалану ұзындығы 14,3 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 мың км, жүктелімдігі – км-іне 24,2 млн тонна-км –ді құрайды.
Еліміздің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымдағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60 % құрайды, мұндағы барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен табыстардағы оның үлесі 20 % құрайды. Қазіргі уақытта республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидия бөлумен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.
Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер дифференциаланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалған сегменттеріне байланысты ерекшеленеді.
Көрсетілген тасымал сегменттерінен үш топты атауға болады.
1 топ – төмен кірісті тасымалдар: тас көмір (экспорт, облысаралық қатынас), кен (экспорт, облысаралық қатынас), құрылыс жүктері (импорт), нан (экспорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (облысаралық қатынас);
2 топ – жоғары кірісті тасымалдар: мұнай жүктері (экспорт), қара металл (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), химиялық және минералды тыңайтқыштар (экспорт, импорт, облысаралық қатынас), қалған жүктер (импорт);
3 топ – өз шығынын өтейтін тасымал: тас көмір (импорт), мұнай жүктері (импорт, облысаралық қатынас), кен (импорт), құрылыс жүктері (экспорт, облысаралық қатынас), нан (импорт), қалған жүктер (экспорт).
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан рыногындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады.
Темір жол желілерін салуда, келесі жобалар қарастырылған
Кесте 13
Негізгі инфрақұрылымдық жобалар



№ р/с

Жобалар

Ұзақтығы
км

Құны млрд. тг.

Қаржыландыру көздері

Іске асыру мерзімдері

Темір жол желілерін салу

1

Өзен – Түрікменстанмен шекара

146

65

Республикалық бюджет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ займдық қаржысы

2009 – 2011

2

Қорғас – Жетіген

293,2

153,2

Республикалық бюджет,
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің және займдық қаржысы

2009 – 2012

3

Ералиев –Құрық

14,4

7,5

Концессия

2011 – 2013

ҚР автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, олардың 97,1 мың км астамы жалпы қолданыстағы автожол. Жалпы қолданыстағы автожолдың ұзақтығынан 23,5 мың км республикалық маңызы бар 73,6 мың км жергілікті желіге жатады.


Соңғы 10 жылда саланы дамытуға жергілікті желімен қоса 994,2 млрд. теңге бөлінген, бұл ретте 2001 жылы 27,7 млрд.теңге болса, 2010 жылы 219,4 млрд.теңге болды. Осы жылдары жалпы қолданыстағы жолдың 40 пайызына, яғни 38,6 мың км жолға қайта жаңарту және әр түрлі жөндеулер жүргізілді, соның ішінде 22 мың км республикалық желі.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асырылуда, аталған жобаны қаржыландыру заемдық қаражаттардан, республикалық бюджет және концессиялық негіздегі жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылуда. Жобаны қаржыландырудың негізгі үлесі сыртқы қарыздардың 9 қаржылық институттары құрайды және жалпы соммасы 3,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын қарыздар туралы Келісімдерге қол қойылған.
2011 жылғы 1 қаңтардағы республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін ақпараттар негізінде қарастыратын болсақ 37 пайызы жақсы, 42пайызы қанағаттанарлық және 21 пайызы қанағаттанарлықсыз, жергілікті маңызы бар автожолдардың – 9 %- жақсы, 49 % қанағаттанарлық, 42 % - қанағаттанарлықсыз деңгейде.
2010 – 2014 жылдар кезеңінде шамамен 21 мың км автожолдардың қайта жаңартуы мен жөнделуі жоспарлануда, оның ішінде реконструкция 5 мың км, республикалық желінің 6 мың км жөндеу, жергілікті жолдар желісі бойынша 10 мың км.
МДП жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі уақытта шамамен 4650 автомобиль көлігі тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елімен шамамен 109 мың дана келісім бланктерімен алмасу жүргізіледі.
Тұрақты қатынас бойынша 110 халықаралық және 115 облыс аралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар. Халықаралық қатынастарды дамытуда көлік дәлізін дамытудың атқаратын ролі зор. Қазіргі кезеңде, дәліз бойынша логистика қызметін жақсарту, қозғалыс жылдамдығын арттыру, дәліз инфрақұрылымын кеңейту сияқты мәселелер қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Республикада 53 әуекомпаниялар және әуе кемелерінің эксплуатанттары өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 39 әуекомпаниялар коммерциялық әуе тасымалдарын және 1 әуекомпания коммерциялық емес әуе тасымалдарын, әуе кемелерінің 13 эксплуатанттары авиациондық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын ұшып өту және басқа жұмыс түрлері бойынша авиациялық жұмыстарды орындайды
Қазақстандық әуе тасымалдаушылары «Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ 18 шетел мемлекеттерінің аумағында ұшады. Қазақстанда 19 әлем елдерінен тұрақты жолаушылар тасымалымен 25 шетел авиакомпаниялары жүзеге асырады. Ішкі әуе қатынасы саласында 40 бағдар бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылады.
2005-2008 жылдар аралығында Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік қозғалысының өсуі жылына 10% құрайды. Егер 2005 жылы транзит 84,8 млн. ұшақ-километрді құраса, ал 2008 жылы – 121,1 млн. ұшақ-километр, 2009 жылы – 114,2 млн. ұшақ-километр, ал 2010 жылы – 128,4 млн. ұшақ-километр құраған..
Қазақстан Каспий бассейніндегі жүк ұйымдастыратын мемлекет болып табылады. Каспий бассейніндегі экспортталатын жүктердің негізгі түрлері мұнай, металл, астық және басқалары болып табылады. 2010 жылы Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңі көрсеткішінің 91,8 %-н құрайтын 11,7 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде: мұнай – 8,7 млн. тонна, металл – 1,7 млн. тонна, астық – 0,3 млн. тонна.
Су көлігімен тасымалдаудың негізгі бағыттары Ресей (Махачкала), Әзірбайжан (Баку) және Иран (Нека, Амирабад) порттары болып табылады.
Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде жүзеге асырылады: ұзындығы 3983,5 км су қатынасы учаскелерінде Ертіс (1719,5 км), Іле-Балқаш (1308 км) және Орал-Каспий (956 км). 2010 жылы ішкі су көлігімен шамамен 1,2 млн. тонна әртүрлі жүктер тасымалданып, 2009 жылғы тасымалдау деңгейіне сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет