«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет84/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130
Тапсырма 3.
Жалпы өндіріс үрдісін дайындау және ұйымдастыруда белгілі бір жүйелілік болады. Сол сияқты жаңа өнімге баға белгілеуде де жүйелілік қалыптасқан.
Бір – біріне ұқсас өнімдер өндіретін төменде көрсетілген фирмалардың әрқайсысы баға белгілеу жүйесін өзінің қалауымен басшылыққа алады.
Жеке фирмалардың әрекетінің заңды екендігін бағалаңыз. Сіздің көзқарасыңызға сай қолайлы вариантты таңдаңыз және дәл сол вариантты неге таңдағандығыңызды түсіндіріңіз.
Жоғарғы кестеде ұсынылған кезеңдердің қайсысы неғұрлым маңызды және неліктен? Сіз таңдаған варианттағы қандай кезең неғұрлым маңызды және неліктен?


Тапсырма 4.
Белгілі бір қаланы азық түлікпен толық қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, мамандардың көмегімен азық – түлік нарығына қатысты, көтерме сауда және бөлшек сауда нарықтары тексерілді.
Мамандар, жинақталған нақты деректер негізінде, қаланы азық - түлікпен қамтамасыз етуге кедергі келтіретін төмендегі жағдайларды анықтады:
Азық – түлік өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің жоқтығы, соның салдарынан баға бәсекелестігінің нашарлығы.
Отандық азық – түліктің сапасының нашар болуы және оның баға деңгейінен көрінбейді.
Тауар өндірушілерден ірі тауар тобын сатып алған кезде ұсынылатын шегерімдер жүйесінің жетілмегендігі.
Тауар өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта көптеген ірі және ұсақ делдалдардың болуы, соның салдарынан бағаның бірнеше есе қымбаттауы.
Экономикалық жағдаят, инфляцияға байланысты, бағаға қатысты туындайтын мәселелер.
Келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз:
Жоғарыда берілген мамандардың қандай тұжырымдарымен сіз келісесіз, ал қай позициялар сіз үшін күмәнді?
Баға саясатының қандай қосымша мүмкіндіктерін пайдалану, нарықтың азық – түлік өнімдерімен толтырылуына көмектесуге мүмкіндік туғызады.
Аталған маңызды мәселелерді шешуде жеке өз жүйеңізді ұсыныңыз.


Тапсырма 5.
Германияның ең жақсы автомобиль компаниялары соңғы кезеңде, габариті кіші автомобильдерді өндірумен неғұрлым белсенді түрде айналысады.А және Б компаниялар нарыққа осындай автомобильдерді шығарды, бірақ олардың экономикалық нәтижелері әр түрлі болды. Олар кестеде көрсетілген:
Кесте 9.







А

Б

1.

Автомобиль маркасы







2.

Жасап шығару шығындары,млн. тг.

4,1

1,8

3.

1 –автомобильді жинақтауға еңбек шығындары, адам-сағат

40

28

4.

Сату бағасы, млн. тг.

5,6

5,6

5.

Пайда

жоқ

бар



А компаниясының қателіктерін анықтаңыз?
Баға саясатының қандай мүмкіндіктері қолданылмай қалғандығын бағалаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет