Есеп- 7. Кәсіпорын тауар өндірушіден 240 млн.теңгеге өнім сатып алды. Бұл өнімді кәсіпорын 300 млн. теңгеге өткізді.
Қосылған құн салығы -12% болған жағдайда: 1) тауар өндіруші (жабдықтаушы), 2) сатып алушы кәсіпорын бюджетке қандай салық мөлшерін төлейді.
Есеп- 8. Құс шаруашылығында жұмыртқа өнімінің өзіндік құнының калькуляциясын құрастырыңыз.
Жұмыртқа өнімінің бір өлшемін өткізуден алынатын пайда әлде залалды анықтаңыз.
Келесі деректер берілген:
а) шығындар:
мал азығы – 123 860 мың теңге;
амортизация - 7694 мың теңге;
өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы - 6269 мың теңге;
технологиялық мақсаттағы қосымша материалдар, жанар жағар май, электроэнергия - 5528 мың теңге;
басқалай ұйымдар қызметтері - 1700 мың теңге;
шетінеген құс басы – 1347 мың теңге;
басқалай шығындар - 2757 мың теңге;
Барлық өндірістік шығындар – 149 155мың теңге, өнімді нарыққа өткізу шығындары 21 640 мың теңге, жалпы және әкімшілік шығындар 7 795 мың теңге, сый ақы төлеу шығындары – 2330 мың теңге.
б) Есепті уақытта – 16 240 мың дана жұмыртқа өндірілген.
в) Бір дана жұмыртқаны өткізу бағасы (ҚҚС -есептегенде) – 13,52 тенге.
г) ҚҚС - 12% өткізу бағасына (ҚҚС – сыз).
Есеп- 9.
Құс шаруашылығында құс еті өнімінің өзіндік құнының калькуляциясын құрастырыңыз.
Құс еті өнімінің бір өлшемін өткізуден алынатын пайда әлде залалды анықтаңыз.
Келесі деректер берілген:
а) шығындар:
мал азығы шығыны жұмыртқа өндіруге аударылған;
амортизация - 924 мың теңге;
өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы - 3824 мың теңге;
технологиялық мақсаттағы қосымша материалдар, жанар жағар май, электроэнергия - 3572 мың теңге;
басқалай ұйымдар қызметтері - 204 мың теңге;
басқалай шығындар - 2757 мың теңге;
Барлық өндірістік шығындар – 5 309 мың теңге, өнімді нарыққа өткізу шығындары 770 мың теңге, жалпы және әкімшілік шығындар 277,5 мың теңге, сый ақы төлеу шығындары – 82,9 мың теңге.
б) Есепті уақытта өндірілген құс еті 57,2 тонна.
в) 1 кг құс етін өткізу бағасы (ҚҚС -есептегенде) – 289,13 тенге.
г) ҚҚС - 12% өткізу бағасына (ҚҚС – сыз).