Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет14/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151
-уға  (-уге)  жұрнақты   тұлғаның   орнына  -ар+ға  (-ерге)
тұлғасының   жұмсалғанын   татар   тілінің   ықпалы   деп   жаңсақ
танушылық та болып келді, ал, шындығында, бұл – күні ке-шеге
дейін   қазақ   әдеби   тіліндегі,   әсіресе   поэзиясындағы
морфологиялық   нормалардың   бірі   болған.   Мысалы,   XV-XVII
ғасырларда   жырлап   өткен   ақын-жырауларды   былай   қойғанда,
«күні кешегі» Бұхар жыраудың (XVIII ғ.): «Қайырсыз итке мал
бітсе, Аңқаң құрып келгенде, Саумал бермес  ішерге...»,  «Қатты
тамақ  шайнарға  Мен   пақырда   тіс   бар   ма?»   деген   жолдары,
Махамбеттің   (XIX   ғ.):   «Өлең   айтып   толғадым   Көкірегімді
басарға...»«Қарадай отын жармадым, Тас қазаңды асарға» деген
тармақтарын оқимыз. Демек, өкпеңменен, баратұғын,
менің туралы, баланың турасында,  қатты ас  шайнарға  (мен
пақырда  тіс  бар ма)  сияқты  тұлғалар   кездесетін  дүниелерді
әдеби   тіл   үлгісі   емес   деп   санауға   бола   ма   (ондай   пікірлер
жазылған ғылыми еңбектерді де білеміз)? Әрине, жоқ!
Менен ~ мен, баратұғын ~ баратын, мен туралы ~ менің
туралы, шайнауға ~ шайнарға сияқты қатарлардың екеуі де
– әдеби норма, айырмасы – алдыңғылары дәл бүгінгі күнде қазақ
тілі стильдерінің барлығында актив жұмсалмайды. Бұдан әдеби-
тілдік   элементтердің   (бірліктердің)   кез   келгені   барлық   жерде
(барлық   стильдерде)   бірдей   қолданысқа   қолайлы   бола   бермеуі
мүмкін,   тілдің   әр   функционалдық   стилінің   өзіне   тән   немесе
өзінде   актив   (жиі)   қолданылатын   тұлғалары   оның   нор-масы
болып келеді деген қорытынды шығады.
Сөйтіп, «тіл мәдениеті» атты білім-ғылым саласының діт-
тейтін міндеттерінің бірі – жалпы тілдік, құрылымдық нор-
маларды   айқындау,   әдеби   тілдік   бүгінгі   нормаларды   бөлек
көрсету (екеуі әрдайым бірдей түсіп отырмайтынын таныту),
олардың   сақталу   және   бұзылу   сәттерін   қадағалау,  қысқасы,
бұл саладағы жұмыстарды ғылыми негізде жүргізу. Субъ-
34


ективтік   пікірлердің   кейбіреулерін,   сөз   жоқ,   ескеріп   отыру
қажет,   бірақ   тіл   тәжірибесіндегі   реттеуші   әрекеттерді   (рег-
ламентацияны)   жеке   ғалымдардың   немесе   өзге   де   белгілі
жазушы,   журналистердің   беделіне   (айтқан   пікіріне)   қарай
жүргізбей, ғылыми теориялардың негізінде, яғни ол нормалар
қазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сай келетін-кел-
мейтіндігіне,   жүйелік   қатарын   түзетін-түзбейтіндігіне   қарай
дәлелдеп барып реттеп отыру қажет. Демек, алдымызда қазақ
тіл мәдениетінің ғылыми базасын жасау міндеті тұр. Ол үшін,
біздіңше, бірінші кезектегі ізденістеріміз бен ұсыныстарымыз
мынадай мәселелерді нысанаға алуды қажет етеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет