Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Бірінші.  Лексикалық нормаларды таныту



Pdf көрінісі
бет15/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151
Бірінші.  Лексикалық нормаларды таныту,  яғни сөзқолданыс
регламентациясында әр алуан варианттылық проблемасын шешу.
Варианттылық, яғни жарыспа қатарлар – сөз мәдениетінің басты
мәселесі.   Тіл   дамуының   әр   кезеңінде   әртүрлі   салада,   әртүрлі
дәрежеде және әрқилы сипатта жарыспалылықтың орын алуы –
табиғи   құбылыс.   Онсыз   бірде-бір   тіл   өмір   сүрмейді.   Егер
жарыспалылық құбылыс болмаса, тілдің нор-малану процесі де
жүрмес еді, тіл мәдениеті үшін күрес те күн тәртібінде тұрмас
еді.   Варианттылық   тек   лексикалық   қана   емес,   қазақ   тілінің
қазіргі даму сатысында әр алуан лексика-семантикалық, ішінара
грамматикалық,   әсіресе   синтаксистік,   орфографиялық,
орфоэпиялық,   стильдік   вариант   қатарлары   бар.   Жарыспалық
құбылысын   танытуда   әдеби   бірліктер   (сөздер,   морфологиялық
тұлғалар, фонетикалық варианттар т.т.) мен жергілікті сөздерді,
диалектілік элементтерді айырып тану, сол сияқты әдеби сөздер
мен   қарапайым   сөздерді,   арготизмдер   мен   жаргонизмдерді
ажыратып   алу   қажет.  Осы   ізденістің   барысын-да   қазақ   жазба
әдеби тіліндегі диалектизмдердің лексикалық, стильдік статусы
айқындалады.
Лексика   саласының нормалану процесін реттеуде   бүгінгі
күні пікірталас және ғылыми-практикалық ізденістер туғызып
отырған  проблема   – қазіргі   сөздік  қазынамызды  толықтыру
көздерін   (каналдарын)   іздестіру   және   айқындау,   ол
каналдардың   қайсысын   немесе   қайсыларын   басты   амал
ретінде ұстану. Айталық, біреулеріміз диалектілік (жергілік-
ті) сөздерді молынан еркін пайдалануды ұстансақ, енді біре-
35


улеріміз жаңадан жасанды тұлғалармен тоықтыруды дұрыс деп
табамыз,   ізденушілердің   бір   тобы   өзге   тілдерден   термин
қабылдауды   және   қабылданған   терминдерді   (бірен-саран   жай
сөздерді   де)   жатсынбау,   қолданыстан   аластатпауды   жөн   са-
найды.   Осылардың   нәтижесінде   бұл   күнде   диалектизмдерді,
ауызекі   сөйлеу   тілі   элементтерін:   қарапайым   сөздер   мен
фонетикалық   өзгеше  тұлғаларды  әдеби  айналымға  түсіру, яғни
оларды көркем әдебиетте ғана емес (бұлар көркем шығармаларда
кейіпкер   тілінде   қолданыла   беретін   сөздер   ғой),   өзге
функционалдық стиль үлгілерінде, әсіресе публицистика-да орын
алу   тенденциясы   бары   байқалады.   Жергілікті   тұлғалар   мен
қарапайым сөздерді активтендіру әуелі көркем әдебиетте, оның
ішінде   проза   жанрында   көзге   түсіп   отыр.   Жазушылардың
біреуінде   сәтті   қолданылған-ау   деген   сөзді   екіншілері   «қағып
алып» кететіндіктері сезіледі. Мысалы, пошым, бозымбай,
бағамдау, сүркілу, кермалдасу, можантопай, усиқы, оңаза,
мондыбас, құйынперен сияқты сөздердің біраз жазушылардың
тілінде, тіпті газет-журнал беттерінде жиірек көріне бастауы
осыны дәлелдейді.
Норма регламентациясына келгенде жасанды тұлғалардың
да, оның ішінде тек аффиксация (жұрнақ жалғау)  амалымен
ғана   емес,   сөздерді   біріктіру   тәсілімен   де   жасау   әлдеқайда
жан-дана   түскеніне   назар   аудару   және   оларды   реттеу
(мағыналық жағынан дұрыс-бұрысын, жүйелілігін салмақтау)
–   «тіл   мәдениеті»   бойынша   жүргізілетін   шаралардың   бірі
және жау-аптысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет