Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет41/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151
сықылды, шайтан ~ сайтан, ауа ~ әуе, уәде ~ уағда, зерек ~ зи-
рек
 деген   қатарлардың   қазақша   тұлғалануындағы
фонетикалық  заңдылықтарды   фонетист-мамандар   дәлелдеп
танытар.   Біздің   бұл   жердегі   мақсатымыз   –   жарыса
қолданылып келген, қолданылып жүрген вариант тұлғаларды
көрсетіп, олардың әдеби нормаға қатысын айқындау.
Әдетте   әдеби   норма   тұрғысынан   келгенде,   дублеттердің
біреуі   –   нормативтік   (нормалық),   қалғандары   –   дәл   сол
қолданыста   нормадан   тыс   тұратын   бейнормалық   болып   та-
нылуы қажет. Бұл талап әсіресе емлеге (жазылуына) келген-
де, қатаң сақталуға  тиіс. Жоғарыда да айтылды, тілдің ішкі
даму   заңдылықтарының   бірі   –   әр   ұғымды   жеке-жеке   атау
(номинация)   заңы   бұл   варианттардың   біразын   дублеттер
дүниесінен   ығыстырып   жіберді,   яғни   дублеттік   қатар   түзіп
тұрған   тұлғалардың   әрқайсысына   өзгеше   семантикалық   де-
рбестік   беріп,   жеке   сөз   статусына   көтерді   немесе   стильдік
мақсатта қоланылатын стилемаға айналдырды. Мысалы, әкім
– мемлекеттік құрылым жүйесінің лауазымдық термині (Алма-
ты  қаласының   әкімі),  хакім  – «дана,   философ,  ойшыл»  (хакім
Абай);  өмір  –  ұғымның   жалпы   атауы,  ғұмыр  –  жеке  адамның
өмірі   (бұл   даралану   әлі   тұрақталған   жоқ   деуге   болады,   бірақ
жалпы   мағыналық   жағынан   осылайша   ажырату   бағыты   бар),
шайтан –  «жын-шайтан»,  сайтан  – «керемет сиқырлы»  («Мен
қазақпын, қара көз сайтан қызбын» – Ж.Молдағалиев), ғашық –
асық варианттары поэзияда өлен техникасы шартта-рын (тармақ
өлшемін)   дұрыс   сақтауда   орын   алады   (мысалы,   Абай
поэзиясында).   Осы   қатардан  абырой  ~  абиыр,  ауа  ~  әуе,
тағылым ~ тәлім деген варианттарды көруге болады.
Демек, кірме сөздер болып келетін жарыспалы қатарлардың
фонетикалық варианттарының лексикалық корды толықтыруда
93


белгілі  қызмет  атқаруы  – тіл-тілдің  қай-қайсысында  орын ала-
тын   универсалий   құбылыс   болғанымен,   қазақ   тілінде   оның
едәуір өнімді түрде жүріп жатқаны байқалады. Бұған және бір
дәлел   –   тек   кірме   сөздер   емес,   қазақтың   төл   сөздерінің   де
фонетикалық   дублет   қатарларының   семалық   үстемені
(мағыналық қосымша ренкті) пайдаланып, екі лексикалық еди-
ница ретінде қолданылып келе жатқандары аз емес. Мысалы,
адыраю ~ одыраю, дөңгелек ~ доңғалақ, жиналыс ~ жиылыс,
жұбаныш ~ уаныш, жұбату ~ уату, суару ~ суғару, үлгеру ~
үлгіру, бақ ~ бау т.б.
Кірме   сөздердің   енді   бірқатары   көбінесе   діни   әдебиетте,
шығыс философиясы, мәдениеті, әдебиеті т.б. жайында жазыл-
ған үлгілерде ғана қолданылатындар болып келеді, олар араб пен
парсы   тілдеріндегі   түпнұсқа   тұлғаларын   біршама   сақтап
пайдаланылады.   Айталық,
 ихсан 
«1)   жарылқаушылық,
жақсылық,  қайырымдылық;  2)  қайыр,  садақа»  («Өнер  өзі  де  –
мал,  өнерді  үйренбек – өзі де  ихсан» – Абай
11
);  инсан  «адам»,
әһілислам «мұсылмандар, ислам дініндегілер», таби’ «1) бір-еуге
ерушілер, біреудің жолын қуушы, шәкірт, жәрдемші; 2) қоласты,
қарасты, бағынушы» («Олай болмаса, сипаттар өз орталарында
бірі – табиғ, бірі – мәтбуғ болады ғой» – Абай); садиқ «1) дұрыс,
шын, 2)  нағыз,  ақиқат, 3)  күшті,  мықты»,  мұхтарам  «қадірлі»;
мазһаб  «1)  тәсіл,  жол, 2)  діни ілім  (мектебі, ағымы), 3) қауым,
секта, жік, тарам».
Бұл фактілерге, яғни қазірдің өзінде түпнұсқаға мейлінше
жуық   айтылып,   жазылып   жүрген   араб   сөздерінің
фонетикалық   дублеттері   жоққа   жуық   екендігіне   көніл
аударған   бізден  бұрынғы зерттеушілер   де,   біз  де  вариантты
қатарлардың   пай-да   болуының   не   болмауының   бір   себебі   –
олардың   халықтың   сөйлеу   тіліне   ену-енбеуіне   де   қатысты
болып келетіндігінде дейміз.
Дублеттік   қатар   құрайтын   сөздер   біраз   уақытқа   дейін
қолданыста жүре береді:  өмір ~ ғұмыр, мағына ~ мағана, дара-
жа ~ дәреже, уағда ~ уәде, ғалым ~ әлім, молда ~ молла, Алда
~ Алла т.т. Ал тек жазба әдебиетте, оның ішінде де көпшілікке
11
  Фактілер,  мысалдар  Н.Оңдасынов   құрастырған  «Арабша-қазақша  түсіндірме
сөздіктен» (1- том. - Алматы, 1984; 2-том. - Алматы, 1989) алыңды.
94


бейтаныс күнделікті өмірде көп қолданылмайтын араб, парсы
сөздері мүмкіндігінше түпнұсқа қалпында жазылып, айтылып
келе жатқандығы байқалады, сондықтан бұл шағын топта жа-
рыспалы қатарлар жоққа тән.
Сөйтіп, қазіргі қазақ әдеби тіл нормасы тұрғысынан қараған-
да, фонетикалық жарыспа қатар – дублеттердіңүлкен тобын араб,
парсы   сөздері   құрайды.   Олардың   бір   тобы   күні   бүгінге   дейін
емле нормасының бұзылуына себепкер болып келеді. Мы-салы,
қазақ   тіліндегі   кірме   арабизмдердің   түсіндірме   сөздігін
құрастырған   Н.Ондасыновтың   көрсетуіне   және   келтірген
фактілеріне   қарағанда,   арабша  иждиһат  болып   тұлғаланатын
бір сөз иждаһат, иждағат, иждиһат, ыждағат, ыждаһат,
іждаһат,   іждіһат  болып,  жеті   түрлі   жазылып   келіпті  (сөздік
авторы мысал-фактілерді жазба дүниелерден алған). Сол сияқты
арабтың  хаққ  сөзінен   тараған  ақы,  хақ,  хақы,  қақ,  қақы,  һақ
түрінде  5-6  тұлғада  беріліп  жүргендігін  де осы  сөздіктен  таба
аламыз.   «Қазақ   әдебиеті»   сияқты   беделді,   көпшілікқолды
газетіміз 60-80-жылдары  хикая  («әңгіме, повесть, тарих») сөзін
бірде һікая, бірде хекая деп жазып жүрді.
Осы көрсетілген қатарлардың емле сөздіктері мен мектеп
оқулықтарында  біреуін  тандап,  сол вариантының жазылуын
көрсету арқылы бұл күнде дублеттер қатары азайып келеді.
Мысалы, көп уақытқа дейін қауып, қауіп, хауіп, хауып, хауы-
фдеп жазылып келген сөздің қазіргі әдеби нормадағы тұлғасы
–  қауіп  деп көрсетіліп, осы тұлға орныға бастады. Сол сияқты
үстіміздегі   ғасырдың   алғашқы   онжылдықтарында   қалық  ~
халық, бахт ~ бақыт, даража ~ дәреже, мисал ~ мысал, қан хан,
патса  ~  патша,  хүкімет  ~  үкімет,  рахмет  рахымет ~ рақмет ~
рақымет   ~   рахмат  деген   дублеттері   орын   алып   кел-ген
сөздердің басым көпшілігі бұл күнде бір орфограммалық тұлғада
тұрақталып қалды:  халық,  бақыт,  дәреже,  мысал,  хан, патша,
рақымет  т.т.  Енді   бірқатарының   бір   сөз   ретінде  екі   түрлі
жазылуын норма деп қалдыру фактілері де жоқ емес, бұл топта б
-  п  дыбыс алмасуымен келген бес-он сөз:  пейіл  ~  бейіл, пәле ~
бәле,  палуан  ~  балуан,  пейіш  ~  бейіш,  пұл  ~  бұл  («баға»),
парапар  ~  барабар,  рұқсат  ~  лұқсат,  бәлекет  ~  пәлекет,  пәлі  ~
бәлі, пенде ~ бенде, бесене ~ пешене, пітір ~ бітір (беру),
95


тажал ~ дажал, сама ~ шама (шайдың самасы), хас ~ қас сияқты
қатарларды   емле   сөздігінің   норма   деп   алдыңғы   сыңарларын
көрсеткеніне   қарамастан,   қолданыста   екі   вариантта   жазылып
келе жатқаны байқалады. Сірә, бұны жаңсақтық, салақтық деп
табудан   гөрі,   себебін   тілде   орын  алған   аналогиялардан   іздеуге
тура   келеді.   Айталық,   қазақтың   өз   сөздерінің   ішінде   айғай  ~
айқай,   даярлау  ~  таярлау,  тызылдау  ~  дызылдау,  пырт-пырт  ~
бырт-бырт,   гүрілдеу  ~  күрілдеу,   дырыл  ~  тырыл,   шылдыр  ~
сылдыр, шытырлау ~ сатырлау, түлей ~ дүлей, жүз дүз, таяз ~
саяз, қаржілік ~ кәржілік, башай ~ бақай, өзге ~ өңге сияқты
қатарлардың орын алуы  – кірме сөздердің де дыбыс алмасу
арқылы дублеттерінің пайда болуына құқық («право») беретін
сияқты.
Әрине, екеуі – екі мағынаға, не мағыналық реңкке ие дер-
бес сөздер деп танылмаса, келе-келе олардың да біреуі  ғана
нормаға   айналдырылады,   ал   қазіргі   таңда   бұл   типтегі
жарыспа қатарлардың қолданыста  орын алу фактісіне көніп
отырған жайымыз бар. Бір жақсысы – бұндай фактілер аса көп
емес, ондаған сөз шамасында болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет