Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет43/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151
ы, ұ ~ ы дыбыс алмасуымен келген қатарлар құрайды. Олар
98


бірақ онша көп емес, бұл жерде сайқымазақ ~ шайқымазақ,
тілмар ~ ділмар, дөңбекшу ~ төңбекшу, бәйге ~ бәйгі, бүлдірге
~
бүлдіргі  (қамшының бүлдіргесі),  сүйінші ~ шүйінші, емешесі
құру ~ емесесі  құру,  таяз  ~ саяз, барқын ~  барқан, қортпа ~
құртпа, сопы ~ сұпы, алашақ ~ алажақ, құдағи ~ құдағай, бұлау
~ былау, таба  (нан)  ~ тапа  (нан),  тоқаш ~ тоғаш, мақ-сат ~
мақсұт,   өйткені   ~  үйткені,   бекіре  ~   мекіре,   мұқыл   ~  тұқыл,
аңқаю ~ аңқию, міне ~ міні, әне ~ әні, айқара (құшақтау)
~
айқыра  сияқты қатарларды көрсетуге болады.  Бұлар да емле
сөздіктері арқылы реттеліп келеді, яғни сөздіктерде көрсетіл-ген
дублеттердің   көбінесе   біреуі   ғана   беріледі,   демек,   алдыңғы
сыңарлары норма ретінде тұрақтандырылды, тек айқай және
айғай, ділмар және тілмар, саяз және таяз сияқты бірен-
сараны ғана екі вариантта қолданыла беретіндігі «және» деген
белгімен қалдырылып отыр.
«Және» белгісімен бұл есімдігінің септік тұлғаларда бұның
~ мұның, бұнда ~ мұнда, бұдан ~ мұнан, бұнымен ~ мұнымен,
бұны ~ мұны болып келетін қатарлары да беріліп жүр.
Ал лексика-фонетикалық дублеттер болып көрінетін өзге ~
өңге, нәрсе ~ нәсте, жұбату ~ уату, ыстық ~ ыссы, шырық
(бұзу) ~ шырыш (бұзу), береке ~ берекет, дейін ~ шейін ~
шекейін,   әуелде   ~   әзелде  сияқты   қатарлар   сыңарларының
әрқайсысы – тілде қолданылуға, оның ішінде әдеби нормаға
енуге   «құқықты»   дүниелер,   өйткені   бұлардың   пайда   болу
себептері таза фонетикалық қатарлардан өзгеше: кейбірі түркі
тілдерінің   әртүрлі   тобына   жататын   тұлғалардың   көрінісі
болса (өзге ~ өңге, жұбату ~ уату, нәрсе ~ нәсте), енді бір-
сыпырасы   түркі   тілдеріндегі  к  ~  ш,  қ  ~  ш  дыбыс   алмасу
құбылысын   көрсететін  (шырық  ~  шырыш,  әпке  ~  әпше),
үшінші тобы – кірме сөздердің әртүрлі тұлғада қабылдануына
(риза ~ разы – ырза, береке ~ берекет) қатысты пайда болған
қатарлар.   Бұлар   да   бүгінде   нормативті   деп   танылады,   яғни
ретіне   қарай   екеуі   де   қолданылуға   бейім   сөздер   болмақ.
«Реті»   деп   отырғанымыз   –   бұлардың   функционалдық
стильдерде қолданылуы, әсіресе көркем әдебиет үлгілерінен
орын алуы (айталық, стильдік мақсатпен авторлық баяндауда
немесе кейіпкерлер тілінде) әбден мүмкін.
Көркем әдебиетте, әсіресе поэзия тілінде заман  ~  замана,
алқа-салқа ~ алқам-салқам, әрегідік ~ әредік, әлгінде ~ әлгіде,
99


бәлкім  ~  бәлки, бұғана – бұғанақ, бұзық ~ бұзақы, біруақ ~
бірауық, біржолата ~ біротала, ғажайып ~ ғажап, досым ~ до-
стым, едәуір ~ недәуір, ерегес егес, есіл-дерті ~ есі-дерті,
жазғытұры   ~   жазғытұрым,   жиіркену   ~   жирену,   ишара   ~
ишарат, кәр ~ қаһар, көкейкесті ~ көкейтесті, қапыда ~ қапия-
да, өңкей ~ өңшең, рең ~ реңк тәрізді қатарлардың да табиғаты
фонетикалық таза дублеттерден өзгеше. Бұлардың ішінде за-
ман ~ замана, қапы ~ қапия, Құдай ~ Құдайа дегендер – «поэ-
тикалық  сұраныстың» дүниелері. Сөз соңындағы  а  формантын
шақыру   септігінің   көрсеткіші   (звательный   падеж)   немесе   во-
катив деп танушылар бар, демек, бұлардың екі варианты да тілде
қолданыла алады, бұлар стильдік немесе контекстік ду-
блеттер болмақ. Ал әрегідік ~ әредік, көмекей ~ көмей, уағда ~
уәде, тағылым ~ тәлім, жиіркену ~ жирену  деген қатардың
алғашқы сыңарларындағы  ғ,  г,  қ  (ғы,  гі)  дыбыстары су-сып,
түсіп қалғаннан екінші қатары пайда болғанын көреміз. Бұл
фонетикалық заңдылық қазақ тіліне тән екендігі мәлім
(құлғақ ~ құлақ, кигіз ~ киіз). Сол сияқты ж дыбысының й ды-
бысына айналуы орын алған сөздер қатары да бар. Мысалы:
біржолата > бірйолата > біролата > біротала. Сөз соңына не
ортасына сынамаланып м, н, л сонорларының орын алуы алқа-
салқа ~ алқам-салқам, бәлки ~ бәлкім, есі-дерті, есіл-дерті,
жазғытұры ~ жазғытұрым, әлгіде ~ әлгінде, мынадай ~ мы-
нандай, әлгідей ~ әлгіндейдеген қатарларда көрінеді.  Бұл жерде
түркі тілдерінде  м,  н,  л  дыбыстарының «жүрдек» («сусылдақ»)
(біресе   қосылып,   біресе   жойылып   кетіп   отыратын)   қасиетіне
қатысты,   яғни   түркі   тілдерінің   даму   барысында   орын   алған
фонетикалық   құбылыстардың   қазақ   тілінде   «бой   көрсеткен»
тұстары деп танып, оларды да нормадан ығыстыруға болмай-ды
деп есептейміз. Емле сөздіктерінде кейбіреулерінің н сусы-малы
дыбысынсыз варианты берілген:  мынадай  (мынандай  варианты
жоқ)   немесе   көрсетілген   қатарлардың   біреуі   ғана   ұсынылған:
есіл-дерті, бәлкім (есі-дерті, бәлки вариантта-
ры   тіркелмеген),   ал   енді   бірсыпырасының   екі   варианты   да
сөзтізбеден (реестрден) орын алған: алқам-салқам ~ алқа-
салқа, жазғытүры ~ жазғытүрым, әлгіде ~ әлгінде. Демек,
бұларға келгенде қатаң нормативтік принцип ұстанылмаған.
100




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет