Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


-лар  (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер)



Pdf көрінісі
бет47/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151
-лар  (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер)  жалғауымен келетін тұлғасы
(балалар, кітаптар), көп, біраз, бірсыпыра, едәуір
сияқты   сөздермен   тіркесіп   келетін   аналитикалық   амалмен
берілетін тұлғасы: көп бала, көп кітап, бірсыпыра бала, біраз
кітап (алдым).
Етістіктің   жақтық   парадигмасында   көптік   мағынаның   III
жағының морфологиялық норматив көрсеткіші жоқ: олар  келді
(өзге   бірқатар   түркі   тілдерінде   бұл   көрсеткіш   барын  білеміз:
олар  келділер),  ал   көптік   семантиканы   көбінесе   көркем
әдебиетте,   оның   өзінде   де   белгілі   бір   жазушылар   қаламында,
мысалы,   Мұхтар   Әуезовте,   ортақ   етіс   тұлғасымен   беру   орын
алады:   «Қонақтар   үйге  кірісті»...  Бұларды   семантикалық-
морфологиялық-стилистикалық варианттар деу керек болар.
107


Белгілі бір морфологиялық категория білдіретін ұғымның әр
түрлі   тұлғалармен   (бірақ   бір   тәсілмен,   айталық,   аффикса-ция
тәсілі – жалғау, жұрнақтармен), кейде әр түрлі амалмен (айталық,
біреуі – аффикс жалғау, екіншісі аналитикалық – сөз тіркестету)
келетін варианттары аса көп болмағанмен, біразы бар екендігін
көрсетуге   болады.   Жоғарыдағы   мысалдарға   (фактілерге)   қоса,
мынадай   семантикалық-морфологиялық,   морфологиялық-
стилистикалық варианттар бары байқалады:
1) қалау райлық мағына беретін барғым келеді ~ барғым бар,
барғым келмейді ~ барғым жоқ  қатарлары.  Мұнда көмекші
сөздер екі вариантта  (келеді  ~  бар,  келмейді  ~  жоқ)  көрініп
тұр;   екеуі   де   әдеби   нормаға   сыйымды,   бірақ   алдыңғысы   –
барлық   аймаққа   ортақ,   көпшілік   дұрыс   деп   қабылдаған,
функционалдық   стильдердің   барлығында   да   қолданыла
беретін,   әсіресе   ресми   стильдер   қатаң   ұстанатын   вариант,
соңғысының жұмсалуында  көбінесе  стильдік қосымша реңк
бар және ол – негізінен ауыз-ша сөйлеу актісіне тән вариант;
2) сұраулық   мәнде   қолданылатын   етістік   тіркестерінің
шақтық   көрсеткіштері   мен   көмекші   сөздері   екі   түрлі   берілген
варианттар: айтқан жоқпын ба? ~ айттым емес пе? Бұлардың
алғашқысы   әдеби   норма   ретінде   орныққан,   бірақ   екінші
сыңары   да   қолданыла   береді,   ол   көбінесе   ауызекі   сөйлеу
барысында және көркем әдебиет тілінде жиірек жұмсалады;
3)   демеулік   шылаулар   тілдік   құрылымдық   норма   бойын-ша
өздері тіркесетін сөзден кейін келеді де, негізгі сөзге жалғанатын
қосымшалар шылаудан бұрын тұрады:  қашықпын-ақ,  бірақ бұл
құрылымның   екінші   варианты   бар,  мұнда   шылау  негізгі   сөзге
тікелей   жалғанып,   жіктік   жалғауы   содан   кейін   ке-луі   мүмкін:
ғашықақпын  («ғашықақпын  еш күмәнсіз» – Абай); «Күн туса –
ондай   сөзді  айтарақпын»   (   «Қозы   Көрпеш-Баян   сұлу»
жырынан). Бұл варианттардың екеуі де – әдеби норма, дегенмен
соңғысы   көбінесе   көркем   әдебиетке,   поэзия   тіліне,   ауызекі
сөйлеу тіліне тән болып келеді.
Бұл қатарда баратын шығармын деп құрылатын етістіктің
барам (ын) шығар деген варианты тұрады. Мұнда да алғашқы
сыңарда   жіктік   жалғау   көмекші   сөзге   жалғанған   болса,
екіншісінде негізгі сөзге (барамын) жалғанған. Бұл қатардың
108


алыңғысы   –   әдеби   норма,   екіншісі   –   Қазақстанның   батыс
аймақтарына тән диалектілік вариант.
4) III жақты тәуелдік көрсеткішінің екі рет жалғануын да
морфологиялық варианттар қатарына жатқызуға бо-
лар. Мысалы: көбі ~ көбісі (көп+і+сі), бәрі (бар>бәр+і+сі) ~
бәрісі, ертеңіне (ертең+і+сі) ~ ертеңісі (не), уақытына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет