Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет5/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
мат-азаматша,   комсомол-комсомолкатәрізді)  тілдік   жүйеге
сәйкеспейтіндігі   бұл   тәрізді   коррелятив   жұптарды   әдеби
нормаға жібермейді деп санаймыз.
Біз әңгімелеп отырған проблемаға  қатысты терминдердің
тағы бір тобы –кірме сөз,бөгде сөз, шет сөз, жаңа сөз (неоло-
гизм), көне сөз (архаизм), тарихтық сөз (историзм) деген атау-
лар. Олар да қазақша эквиваленттері бір тұлғада тиянақталып,
терминдік дефинициялары анықталып бола қоймағандар.
Бөгде сөз, шет сөз (немесе шет тілдік сөз), кірме сөз деген-дер
мағына   жағынан   бір-біріне   жақындау   келгенімен,   олардың
әрқайсысының терминдік анықтамасы бөлек-бөлек болуға тиіс.
өйткені шет тілдік сөздердің бәрі «кірме сөз» статусына ие бола
алмайды, ал «бөгде сөз» термині «кірме сөз» дегеннің оппозиттік
сыңары   болар:   бір   тілдегі   кірме   сөздер   –   сол   тіл-ге   сіңіскен,
нормативтік құқық алған бірліктер болса, бөгде сөз – әлі сіңісе
алмаған,   жаттығы,   бөгделілігі   сезіліп   тұратын   бірліктер.
Сондықтан   бұл   үш   түрлі   термин-тіркестердің   бірінің   орнына
екіншісін   қолдана   беруге   болмайды.   Бұларды   бір-бірінен
ажыратып жұмсау үшін,  олардың  дефинициялық   мағыналарын
былайша   айқындасақ   деген   пікірлер   де   жоқ   емес:   шет   тілден
келген   сөз   қазақ   тілінің   дыбыстық   заңдылықтарына
бағындырылып,   «қазақыланып»  жұмсалса,  кірме   сөз деп   атал-
сын, ал түптілдегі тұлғасында тұрса, ол бөгде сөз деп атал-сын
деген   пікірлер   айтылды.   Сонда  самаурын,  божы,  шыт,
сәтендегендер кірме сөздер болады да, президент, парламент,
сессия, бюджет, акциз, компьютер дегендер бөгде сөздер то-
11


бын құрайтын болады. Бұл танымның арқауы бостау: егер уни-
верситет,   институт  дегендерді  үніберситет,   иніститөт
деп жазсақ, олар «кірме» болып шыға келе ме?
Белгілі бір тілдің төл (өз) сөзі және оның қарсысында тұратын
кірме сөз деген қатарлардың танымдық белгілерін тек олардың
сыртқы тұлғалық суреті көрсетпейтіні мәлім, кірме сөз төл сөздің
оппозиті   (қарама-қарсысы)   болудан   гөрі,   «канди-даты»,   яғни
тілдік лексика тобына қос^ілуға әрекеттенген кан-дидат бірліктер
деуге   болады.   Кірме   сөздер   қолданылу   әлеуеті   (потенциалы),
жиілігі (активтігі), өзге сөздермен синтаксистік, морфологиялық
қатынастарға   түсу   мүмкіндігі,   халық,   қоғам   тірлігіне   енген
ұғымдардың, заттардың, құбылыстардың ата-уын тек сол сөздің
ғана   білдіретін   даралығы   (вариантсыздығы)   т.б.   сияқты   толып
жатқан   белгілерімен   санасқанда,   кірме   сөз   қай   тұлғада
қабылданса   да,   қабылдаушы   тілдің   лексикалық   қазынасының
мүлкі болып саналады. қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстық тұлғасы
жағынан   «сындырылған   ~   сындырылмаған»   мыңдаған   сөздер
кірме бірліктер (единицалар) статусына ие болады.
Ал   көрсетілген   белгілердің   көбі   бойынан   табылмайтын,
көбінесе белгілі бір мақсатпен қолданылатын бөгде тілдік сөздер
тобы және болады, олар макоронизмдер, бірқатар жар-гон сөздер,
арготизмдер,   окказионализмдер   болып   келуі   мүмкін.   Мысалы,
Ғабит   Мүсіреповтің   «Оянған   өлке»   романындағы   Байжанның
аузынан жиі естілетін  сыболыш  (сволочь) сөзі, жазушы қалихан
Ысқақовтың   «қара   орман»   романының   Бес-кемпір   атанған   бір
кейіпкерінің   аузынан   жиі   шығатын  вот   так  вот  деген   орыс
сөздері «кірме сөз» деп атала алмайды. Көркем шығармалардың
кейіпкерлерінің   аузына   белгілі   бір   стильдік   мақсатпен,   әдейі
салынатын шет тілдік сөздер де «бөгде тіл-дік» элемент болып
қала береді, олар да «кірме сөз» статусына ие бола алмайды. Бұл
орайда «бөгде сөз» бен «шет тілдік сөз» дегендер – синонимдер
болып   танылады,   өзге   тілдерден   алып   жұмсалған   сөздерді
бұлайша   айырып   танудың   тілдік   норма-ларды   сөз   етуде   мәні
айрықша.
Тіл   мәдениетін,   тілдік   норманы   сөз   ету   үстінде   жиі
қолданылатын терминдердің бірі – бірліктер, орысша единица-
12


лар. Бұл да бір сөзбен аталатын қазақша термині қалыптаспай
келе   жатқан   ұғым.   Көпке   (тіпті   қазірге)   дейін   тіл   біліміне
қатысты   ғылыми   әдебиетте,   диссертациялық   жұмыстарда,   мо-
нографияларда,   ғылыми   тақырыптағы   мақалаларда   орысша
термин единица деген сөзді қолданып келдік, қолданып келеміз.
Соңғы   кезеңде   ғана   орыс   сөздерінен   жасалған   терминдердің
әдетте қазақша баламасын іздеп табатын дәстүрімізбен еди-ница
терминін де қазақша атауға кірістік. Мұны бір ғалымдар тұлға-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет