Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астық массасының өздігінен сұрыпталу қасиеті



Pdf көрінісі
бет153/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   269
Астық массасының өздігінен сұрыпталу қасиеті 

Астық  массасының  құрамы  біртекті  емес.  Оның  құрамы 

əртүрлі  дақылдар,  өнімдер,  қоспалар,  ірі  жəне  майда,  толық 

жетілген дəндерден тұрады.  

Астықты  жылжыту, тасымалдау  кезінде  өздігінен  сұрыпталу 

құбылысы  орын  алады.  Себебі  астық  құрамындағы  дəндер, 

қоспалар  со  жиынның  əржерінде  біркелкі  таралмағандығынан 

болады.  Осындай  құбылыстың  салдарынан  астық  жиынында 

өздігінен  қызу,  басылып-нығыздалып  қалу  сияқты  жағымсыз 

жағдайлар туады. 

Астықтың  өздігінен  сұрыпталуы  оны  қоймаға,  элеватор 

қораптарына  орналастыру,  оларды  босату,  конвейерлермен 

жылжыту, автомобиль жəне теміржол вагондарымен тасымалдау 

кезінде  жиі  кездеседі.  Мəселен,  түрлі  сілкініс,  оқыс  қозғалыс 

салдарынан  конвейер  желісіндегі,  автомобиль  жəне  вагондағы 

тығыздығы  төмен,  меншікті  салмағы  жеңіл  əртүрлі  қоспалар 

үйіндінің  бетіне  шығып  қалады.  Ал  элеватордың  қорабын 

астықпен толтыру жəне астықты шығару кезіндегі сұрыпталудың 

орны бөлек; ол дəндердің еркін түсу ерекшеліктермен шектеледі. 

Əрбір  дəндер  ауа  кедергісін  əртүрлі  жеңіл  өтуіне  байланысты 

іріктеліп  түседі.  Ауа  кедергісінің  шамасы,  мəні  əрбір  дəндердің 

пішініне,  тығыздығы  мен  меншікті  салмағына,  қозғалу 

жылдамдығына тікелей байланысты. Ірі, толықсыған ауыр дəндер 

жəне  тығыздығы  мен  салмағы  жоғары  қоспалар  жылдамырақ 

құлай  түсіп,  қораптың  түбінің,  еденінің  орта  шеніне  жақын 

орналасады  да,  ал  əлжуаз,  шөпек  дəндердер,  тығыздығы  төмен 

жеңіл  қоспалар  жайлап  түсіп  келе  жатып,  ауаның  ұйытқыған 

қарсы қозғалысына шалдығып, қораптың қабырғасына жақындап, 

шеткерірек орналасады. 



 

323


 

Осындай  өздігінен  сұрыпталудың  салдарынан  шаң-тозаң 

аралас  жеңіл  органикалық  қоспалар,  арамшөптердің  тұқымдары, 

əлжуаз жəне шөпек дəндер элеватор қорабының қабырға тұсынан 

орын алады да, одан əрі сақталу барысында бүкіл астық жиымы 

сапасының  төмендеуінің  себебі  болуы  анық.  Бидай  астығының 

өздігінен сұрыпталуы 29-кестеде берілген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет