Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет193/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   269
 

Үстіңгі қабат қызуы. Дəндер мен ауа температурасы оқтын-

оқтын өзгеріп отыратын кезеңде, яғни күздің соңы мен көктемде 

пайда  болады.  Қызған  дəндердің  көлденең  (горизонталь)  қабаты 

астықтың бетінен 0,7-1,5м тереңдікте жатады, ал егер қоймадағы 

дəндердің  қалыңдағы 1,0-1,5 м  болса,  онда  қызған  қабат  

0,15-0,25 м тереңдікте орналасады. 

Өздігінен  қызуды  былайша  түсіндіруге  болады.  Күзде 

қоймаларға 

жеткілікті 

салқындатылмаған 

физиологиялық 

екпінділігі  жоғары  жаңа  орылған  дəндер  құяды.  Үдемелі  тыныс 

алу  жəне  басқа  да  үдерістер  нəтижесінде  дəндер  аралығындағы 

ауа  қызып,  дым  тартады.  Жылы  ауа  ағыны  жоғары  көтеріліп, 




 

395


 

жолай суық атмосфералық ауамен салқындаған дəндерге кезігеді. 

Олардың өзара əсерге түсуі салдарынан астықтың үстіңгі қабаты 

дымқылданады.  Ауаның  шық  түсетіндей  температураға  дейін 

салқындауынан  да  буға  айналған  ылғал  пайда  болуы  мүмкін. 

Үйіндінің  бетіндегі  ылғал  буланып  ұшып  кетеді.  Ал 0,70-1,5 м 

тереңдікте  жатқан  қалған  дымқыл  дəндер  көп  кешікпей  екпінді 

жылу көзіне айналады. 

Жылу  мен  ылғалдың  астықта  жоғарыға  қарай  ығысып 

ауысуына  жоғарғы  қабат  пен  төменгі  қабат  арасында 

температураларының  айырмашылығы  салдарынан  туындайтын 

жылу  жəне  ылғал  өткізгіштік  құбылысы  орын  алып,  ықпалын 

тигізеді. 

Көктемде  атмосфералық  ауа  жылы,  ал  қысқы  сақтаудан 

шыққан  астық  əлі  салқын  болады.  Жоғарғы  қабат  жылуы  ауа 

ағынының  бағытымен  төмен  қозғалады  (жоғарғы  жылыған 

қабаттан төменгі салқын қабатқа қарай). Жылумен бірге үйменің 

жоғарғы  жағынан  ылғал  да  төмен  түседі.  Жылы  да  ылғал  ауа 

салқын  астықпен  тоғысып,  ылғалдың  булануына  жағдай  туады. 

Соның  нəтижесінде  физиологиялық  үдерістер  күшейіп,  аталған 

қабат температурасы өседі. 

Көктемгі  кезеңде  үстіңгі  қызу,  əдетте,  тоңазыған  астықта 

байқалады.  Бұл  уақытта  жұқа  жайылған  құрғақ  астықтың  да 

қызатыны болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет