Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Ылғалдың  физикалық-химиялық  байланысы



Pdf көрінісі
бет35/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   269
2.  Ылғалдың  физикалық-химиялық  байланысы.  Ол: 

адсорбциялы байланысқан ылғал, осмотикалы байланысқан жəне 

құрылымдық ылғал болып үш түрге бөлінеді. 

Адсорбциялы  байланысқан  ылғал.  Бұл  дəндердің  белсенді 

беткі 


қабатындағы 

адсорбирленген 

бірнеше 

жүздеген 

молекулалы қалыңдықтағы судың қабаты. Адсорбирленген судың 

молекуласы  байланысының  беріктігі  бірдей  емес.  Екінші, 

үшіншісі  жəне  т.б.  қабат  пайда  болған  сайын  байланыстың 

беріктігі төмендейді. 

Адсорбирленген  су  қабатының  байланысының  беріктігі 

қаншалық  мықты  екеніне  келесі  факторлармен  жорамалдауға 

болады.  Дəндердің  белсенді  беткі  қабатындағы  бірнеше  бірінші 

қабаттарының  су молекуласы  адсорбциясы  жылудың  бөлінуімен 

жəне су құрамының лезде өзгеруімен бірге жүреді. Судың жалғыз 

қабатының  адсорбциясы  кезінде  жүйенің  сығылуы:коллоидты 

дене-су  жүреді.  Басқаша  айтқанда,  дəндердің  көлемінің  үлкейіп 

ісінуінен  кейін,  дəндердің  жиынтық  көлемінен  жəне  судан  аз 

болады. Бұл су жəне дəндер тығыздығына байланысты. 

Əдетте,  сорбцияның  жылулық  эффектісі  дифференциалды 

жылулық  ісінумен,  яғни  1кг  сұйықтықтың  сіңірілуі  кезінде 

бөлінген  жылу  мөлшерімен  сипатталады.  Бидай  үшін 

сорбцияның диференциалды жылуы 1300 кДж/кг құрайды. 

Қарапайым  бос  сумен  адсорбирленген  су  қабатымен 

салыстырғанда:  а)  еріткіш  болмайды;  ə)  екі  есе  аз  жылусыйым- 

дылыққа  ие  болады;  б)  айтарлықтай  төмен  температурада 

қатады,оған  қоса  оның  бір  бөлігі  тіпті,  температура -78

о

С  дейін 




 

73

 



төмендесе  де  қатпайды;  в)  нөлге  тең  жазмыш  өткізгіштік  пен 

электр өткізгіштікке ие; г) он есе тұтқырлыққа ие. 

Адсорбциялы  күштермен  байланысқан  су  кептірген  кезде 

дəндердің  ылғал  байланысын  үзуге  кеткен  қосымша  энергия 

шығынымен бірге жойылып кетуі мүмкін. 

Осмотикалы  байланысқан  ылғал.  Бұл - осмотикалы  қысым 

нəтижесінде  дəндердің  клетка  ішіне  енген  ылғал.  Дəндердің 

сулануы кезінде жасуша ішіндегі ерігіш фракция концентрациясы 

сыртына  қарағанда,  үлкен  бола  бастайды,  сондықтан  су  жасуша 

ішіне  қабырға  арқылы  енеді.  Сұйықтықтың  мұндай  сіңірілуі 

жылудың  бөлінуінсіз  жəне  жүйенің  контракциясымен  дəндердің 

көлемінің  ұлғаюымен  бірге  жүреді.  Қасиетіне  байланысты 

сіңірілген ылғал қарапайым судан ерекшеленбейді. 

Десорбция  үдерісінде  осмотикалы  байланысқан  ылғалды 

жою  кезіндегі  қажетті  шартта  бар  үлкен  ерігіш  фракция 

консентрациясының  клетка  ішіне  қарағанда,  сыртында  болады. 

Бұл жағдайда осмотикалы байланысқан ылғал жасуша қабырғасы 

арқылы, яғни дəндерге қандай жолмен енсе,дəл сондай диффузия 

жолымен сұйықтық күйінде дəндердің беткі қабатына ауысады. 

Осмотикалы  байланыс  адсорбциялы  байланысқа  қарағанда, 

тұтқырлығы  аз  болады.  Алайда,  ылғалды  жою  кезінде  де 

қосымша энергия шығыны қажет. 

Құрылымдық  ылғал(иммобилизиялық).  Оған  кең  көлемде 

қамтылған жаңа құрылымдық түрде гелдің қалыптасуы кезіндегі 

ылғалды  жатқызады.  Бұл  ылғалға  өте  азғантай  энергия 

байланысы  сəйкес  келеді.  Құрылымды,осмотикалы  байланысқан 

ылғал  сияқты  өзінің  қасиеті  бойынша  əдеттегі  судан  еш 

айырмашылығы  жоқ.  Ылғалдың  бұл  бөлігі  кептіру  үдерісінде 

жойылуы  кезіндегі  қосымша  энергия  диффузияда  ылғалдың  су 

буын,сондай-ақ дəндердің беткі қабатындағы сұйықтық күйіндегі 

негізгі құрылымдық кейпіне қарсыласуын жеңуге жұмсалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет