152
Мен және Ақша
сіздің кейбір туыстарыңыз жарайсың, сенің жақсы
екеніңді білгенмін, сен қабілетті жігітсің деп ай
тады. Ал егер сүрініп кетсең, сен қабілетсізсің,
жеңіл ойлайсың, сондықтан сенің қолыңнан
ештеңе келмейді дейді. Міне осындайлар дәл осы
түрге жатады.
Ондай адамға сіз бөтен адамның жетістігі ту
ралы айтсаңыз, ол көңілсіз болады, ал сәтсіздігін
айтсаңыз қуанады. Одан да табысты адамдар бар
екендігін білген оған ұнамайды. М.С.Норбеков бы
лай деген: «Егер сіз өлмейтін адам болсаңыз, сізді
бәрібір ұстап өлтіріп, өздері өлмейтін адам болу
үшін жасушаларыңызды зертханада зерттейді».
Сондықтан ешқашан түлкі болмаңыз, өз
мәселеңізді шешу үшін біреуді мақтамаңыз. Ол сізге
көмектескен, көмектеспегеніне қарамастан шын
жүректен шындықты айтыңыз. Қулыққа салмаңыз
және алдмаңыз. Егер сіз өзіңізден түлкінің кішкене
болса да мінезін байқасаңыз, одан құтылыңыз. Ол
сізде армшөп сияқты барлық шынайылығыңызды
құртады.
Егер сіздің үйіңізде бөлме өсімдіктері болса
және олар сарғайып, солып қалса, сіз не істейсіз?!
Сіз ол гүлдер әдемі болуы үшін бояумен бояп қоясыз
ба? Әлде оларға су құйып, қарайсыз ба? Әрине су
қйып, қарау керек.
Сондықтан түлкінің қылықтарын дамытудың
қажеті жоқ, одан да олардан біртіндеп құтылыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: