156
Мен және Ақша
сіздің миыңыздың бірінші қабатында болады. бұл
орайда сізге жетінші сезіміңіз – дұрыс жағдайларды
қалыптастыру және алтыншы сезіміңіз – мұны
істеуге сізге көмектесетін
адамдарды тарту және
интуитивті таңдау. Сіздің есте сақтау қабілетіңіздің
алғашқы қабаты, тіпті адам миының өзі радиостан
ция секілдіойлау толқындарын қабылдап, таратады.
Мысалы, сізде осындай жағдайлар болған болар,
сіз бір досыңыз туралы ойлайсыз және сол досыңыз
сіздің ойыңызды оқығандай сізге телефон соғады.
Сондықтан ойлаған затыңызды қиындықтарға
қарамастан жүзеге асыруға тырысыңыз. Осыған кез
келген жағдайдың табысы тәуелді. Өз ойыңызды
кездескен кедергілерге бола тоқтатпаңыз.
Тағы да
қайталаймын: оңай қол жеткізілген зат, қымбат
бағаланбайды. Нақты нәтижені жоспарлаңыз да
өз мақсатңызға беттеңіз. Себебі,
өз мақсатына
көптеген мәселелерге қарамастан өз арманына
ұмтылып, соған жұмыс істеген адам ғана жетеді.
Сіздерге «есте сақтау» деп аталатын дискті
міндетті түрде алу қажет. Сіз өз есте сақтау
қабілетіңіздің барлық қабаттарын дұрыс қолдануды,
қажеттіні есте
сақтауды және қажет уақытта
ақпаратты шығара білуді үйренесіз. Себебі, кез
келген уақытта қажет болып қалатын заттардың
ешқайсысын ұмытып қалмау және есте сақтау
қабілетіңізді дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды
қабілет.
Тренингтерімде, мен кейде, 4 сыныпта естіген
мысалдарды, немесе ұстазымның 10 жыл бұрын
айтқандарын мысал ретінде келтіремін. Бұл мен
де есте сақтаудың осы механизмі жұмыс істегінің
арқасында. Сондықтан, мен үйде дайындалмаймын,
мен
сахнаға шығып, айта беремін.