Сəбетқазы Ақатай
НАЙМАН ХАНДЫҒЫ
Алматы, 2011
УДК 821.512.122
ББК 84 қаз-7
А 37
Құрастырушы:
Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова
Ақатай С.Н.
А 37
Найман хандығы: монография; Тарихи материалдар.
Қайта басылған. – Алматы, 2011. – 424-б., 8 ж. б.
ISBN 978-601-7046-22-4
Бұл жинаққа дер кезінде көтеріліп зерттелген тарихи зерттеулері
мен философиялық толғаныс толғаулары жəне көне қазақ тайпала-
рының тарихы мен мəдениетін, сол кездің жырауы Құба-тегіннің
толғауын алға тарта отырып, ата бабаларымыздың азаттық жолындағы
қаһармандылығын, жан күйзелісін паш ететін “Найман хандығы”
жайлы жазылған кітабы жəне əлеуметтік мəселелер туралы мақалалар
кіріп отыр.
С. Ақатайдың ағылшын тілінен аударған “Эзоп мысалдары” жəне
балаларға арналған ертегілер, əңгімелері енгізілген.
Кітап ұлтсүйгіш қалың оқырманға арналған.
УДК 821.512.122
ББК 84 қаз-7
© Сəбетқазы Ақатай
ISBN 978-601-7046-22-4
© Джаукенова Күнікей Сəбетқазы-қызы, 2011
Сәбетқазы Ақатайдың бұл жинағы
өзі шаңырағын көтерісіп, уығын шанышқан
Тәуелсіз мемлекетіміздің жиырма жылдығына
тарту болмақ
Ұлтым деп ғұмыр кешкен,
азаттық күресте терін төккен əкемнің еңбегі
моншақтай шашылмай жіпке тізіліп,
келер ұрпаққа мұра қалсын деген ниетпен...
Қызы Күнікей
4
Алғысөз орнына
Ұлы жолаушы
Мұрат ƏУЕЗОВ, мəдениеттанушы,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық кітапханасының
бас директоры
Алаш үні. 28 қыркүйек 2004 ж. №18
Қ
азақтың қайсар да қадірлі, халқының қамын жеп, жоғын
жоқтаған бүкіл ғұмыры мен білім-білігін осы жолға
жұмсаған біртуар, заңғар ұлдарының бірі Сəбетқазы Ақатайдың
да өмірден өткеніне бір жыл болып қалды.
“Алаш үні” оқта-текте болса да, абзал ағаның асыл
сөздерін, мазмұны терең, тебіреністі мақалаларын жариялап
отырды.
Бүгін де алаш арысының өмірден озғанына бір жыл толуына
орай онымен пікірлес, қызметтес болған елімізге белгілі
азаматтар естеліктерін ұсынып отырмыз.
Сəбеңмен біз студенттік кезде, Мəскеуде жүріп танысқанбыз.
Жəне де бұл жəй таныстық емес еді, “Жас тұлпар” деген
бүгіндері көпшілікке белгілі ұйым құрып, соның құрамында
бірге жұмыс істегенбіз.
5
Мен ол кезде МГУ-дің шығыстану факультетінде оқып
жүргенмін. Мен үшінші курста оқып жүргенде Сəбең бірінші
курсқа оқуға келіп түскен. Сондықтан, “Жас тұлпар” құрамында
болған соң, бір университетте оқыған соң жиі кездесіп, жақын
жүрдік.
Оқу жағынан курсы төмен болғанмен бізден жасы үлкендеу,
бізге қарағанда өмір тəжірибесі мол еді. МГУ-ге түсер алдында
біраз жылдар Қарағандыда шахтер болып, Шығыс Қазақстанда
балықшы болған, жұмыс істеген. Біздің ортамызда Сəбең орны
бөлек, өмірдің ащы-тұщысын, ыстық-суығын біздей емес,
сезініп қалған азамат. Күршімнен шыққан жігіт қазақтың өмірі,
тұрмыс-салтын етене біледі. Əдет-ғұрпына терең мағына беріп,
таратып түсіндіреді. Ұлтының ақылгөйлігін əйгілейді. Сөздік
қоры бай, мақал-мəтелге жетік, оның үстіне домбыра шертіп,
қоңыр дауыспен Естайдың əндерін салады. Ұлтымыздың
өркендеуін аңсаған бізге Сəбең аса құрметті адам болды. Одан ел
туралы əңгімеге қанықтық. Жас жағынан 3–4 жас үлкендігі бар
болғанмен “Жас тұлпарда” үзеңгілес болғандықтан – доспыз.
Бұл сыйластықты “аға дос” деп атауға болар еді. Өйткені, ол
сол ең басынан бастап-ақ бізге ақыл-кеңесін айтып жүретін.
Сəбең келгеннен бастап “Жас тұлпардың” жұмысына қызу
араласты. Ол кезде “Жас тұлпардың” атқарған жұмыстары
бірнеше салаға бөлінетін. Мəселен, студенттердің сабақ
үлгерімінің қамы үшін бір-біріне қол ұшын беріп көмектесу,
жазғы жəне қысқы каникулдары кездерінде Қазақстанға, ауыл -
дық жерлерге барып, лекциялар оқып, əр түрлі деректер,
мəліметтер жинап қазақтың, қазақ жастарының хал-күйі, жағ-
дайы туралы шынайы ақпараттар жинау, тағы басқа мəселелер.
Енді бір сала теоретикалық семинарлар өткізу. Сəбеңнің
жұлдызының жанар шағы да осы тұс. Біріншіден, Сəбеңнің
табиғатынан ой-өрісі өте кең, көтерген тақырыбын тереңнен
толғап, түсіне білетін, саралай, сараптай білетін қасиеті бар-
тын. Оның үстіне өзінің өмір жолы да соған үйреткендей.
Кеншілердің арасында көп жыл қызмет істеп, олардың ауыр
тұрмысымен жыға танысып келген ол еліміздің өндіріс,
6
шаруашылық
жағдайларын,
жұмысшы-колхозшылардың
жоқ-жітік, ой-өрістерін де жетік білетін. Оның үстіне өзінің
оқып жатқан факультеті де осал емес, МГУ-дің философия
факультеті. 1963–1964–1965-ші жылдар, бұл “хрущевская
оттепель” деп аталған кезең ғой. Сондықтан, ол кезде бұрынғы
Совет одағында демократияның бас көтерген кезеңі, соған
ұйытқы болған, негіз қалаған, ой, ойлау кеңістігі жөнінде
жаңа демократиялық процестерді бастауға ерекше үлес қосқан
сол МГУ, соның ішінде осы философия факультеті болатын.
Сондықтан, осындай тарихи кезеңде Сабең өз орнын дəл тапты
деп білемін, оның философия факультетіне келіп түскендігі
туралы айтып отырмын. Жəне Сəбең өте жақсы оқиды. Ол
кездегі МГУ-дің философия факультетінде үздік оқу деген екі
кісінің бірінің қолынан келе бермейтін, өте қиын іс еді. Өйткені,
ол факультетте сонау көне заман, гректердің философиясынан
бастап əлем ойшылдарын, олардың терең қазынасын түптеп
оқытатын. Ондай терең сабақтарды игеру үшін адамға өмірлік
тəжірибенің сүйеніш болары да сөзсіз. Өзінің табиғаты
философия ғылымына бейім, зерек, оның үстіне өмірден көрген
қиыншылық, тəжірибесі бар Сəбең осы факультетті үздік оқып
жүрген азаматтардың бірі болды.
Ал біздер үшін, “Жас тұлпар” үшін, оның осы білімділігі өте
қажет еді. Мысалы, біз теоретикалық семинарда бір жолы сол
кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идео -
логия жағын басқарған Оралбек Жангелдиннің бір кітабын
талқыладық. Ол кісі де қазір дүние салған. Оралбек Жангелдин
де сол кезгі біраз адамдар сияқты Хрущевтің идеологиялық
саясатына қатты берілген ірі ғалымдардың бірі еді. Олар
“Советтік бір қалып болсын” (Единый Советский народ) деген
ұғымды шығарған. Осы бағытты қуаттаған Жангелдин əлгі
кітабында қазақтың ішкен тамағы, киген киімі, дəстүрі, тілі,
қысқасы, бəрі-бəрі қажеті жоқ, өйткені, біз коммунизм құрып
жатырмыз дегенді айтады. Ол кезде Хрущевтың жиырма жылдан
кейін коммунизмге жетеміз, сонда бəріміз коммунизмнің
кезінде бір халық боламыз деген уақыты еді.
7
Міне, “Жас тұлпар” өз семинарында мұндай көзқарастарды
қатты сынап, соққы беретін. Осындай іргелі, ілгерішіл идея -
ларды айтатын да, сол кезгі идеологияның олқы тұстарын
ойсырата сынайтын да негізгі баяндамашы Сəбең болатын.
Оны ешуақытта естен шығармауымыз керек. Өйткені, ол кезде
отаршылдыққа қарсы жəне де империялық тоталитаризмге
қарсы “Жас тұлпардың” теория жағынан дайындалған кезеңін
естен шығаруға болмайды. Ал мұндай мəселелерге теориялық
биік деңгеймен қарағандардың бірі осы Сəбең еді.
Содан кейін біздің Мəскеулік кезеңіміз өтті, біз 1968–
1969 жылдары Алматыға орала бастадық. Мен Мəскеудегі
дүниежүзілік əдебиет институты аспирантурасын бітіріп,
кандидаттығымды қорғап келдім. Дегенмен, “Жас тұлпардың”
құрамында болуыма байланысты біраз тосқауылдарға
жолықтым. Мұндай жағдай менің ғана басымда болған жоқ. Бізді
“ұлтшылдар” деп, қалаған жұмыстарымызға орналастырмады.
Маған да оқу-ағарту министрлігіне барғанымда “сізге
студенттермен жұмыс жасауға рұқсат жоқ” деген ескертулер
айтылды.
Сəбең де негізінен осындай жағдайда жүрді. Осы кезде
əкейдің досы, əйгілі ғалым Əлкей Марғұлан біздің ұлтшылдар
деген атағымызға қарамастан үлкен қамқорлық жасады.
Досының баласы ретінде мені жақын тартып, үйіне шақырып
дастарқан жайып қонағасы берді. Сондай жаймашуақ отырыс
үстінде сөз арасында ұлы ғалым, тарихшы, археолог, этнограф
ағамыз маған бір сауал қойды. Ол кезде Əлекең тарихтан да,
филологиядан да докторлық диссертациялар қорғаған кемел
шағында еді. Сонда ол маған: “Сендердің орталарыңда жүрген
жігіттердің қайсысы маған шəкірт бола алады? Білімдар,
зерек жас бар ма?” – деген тұрғыда сұрақ қойған. Ойы өзінің
білгенін зерделі шəкіртке үйретпек, жөн сілтемек. Сонда өзім
тұрғылас жастарды көз алдыма елестеткенде есіме бірінші
түскені, əрине, Сəбетқазы Ақатай болды. Кесімді ойымды
Əлекеңе айттым. Арамызда осындай жігітіміз бар. Алыста
оқыса да қазақылық қалыптан ауытқымаған, əрі үлкен
8
білімдар жігіт. Тарихпен, философиямен терең шұғылданған
деп таныстырдым, сырттай.
Содан кейін бұл əңгімені Сəбеңе айтып, ол Əлекеңмен
хабарласып, екеуі танысып, табысып кетті. Сəбең біраз жылдар
Əлекеңнің жанында жүріп, оның экспедицияларына бірге
шығып, кейін оның аспиранты да болды. Сəбең диссертациясын
жазғанда оның орысша нұсқасын редакциялағаным бар. Кейін
де оның орысша жазғандарын қарап беріп жүрдім. Екеуара
осындай да қарым-қатынас, достық көмек болатын арамызда.
Менің қазақша жазғандарымды ол кісі шолып беретін.
Сол жолы мен Сəбеңнің диссертациясына ресми оппонент
болдым. Сондықтан оның жазған диссертациясын өте жақсы,
толық білемін деуге қақым бар. Жалпы Сəбең өте терең,
энциклопедиялық білімі бар ғалым еді. Сол диссертациясы
бүгінгі өлшеммен алғанда докторлыққа татитын диссертация
еді. Сондықтан өзімнің қорытынды сөзімді айтқанда бұл
диссертацияны ең болмағанда кітап қылып шығару керек.
Өйткені, бұл еңбекте мол этнографиялық деректер жəне
теориялық тамаша тұжырымдар бар деген пікірді алға тарттым.
Ол еңбек тек қана тарихи ғана емес, идеологиялық мəселені де
көтерген сүбелі дүние еді. Сол кезеңде Қазақстан ғалымдары
орта ғасырлар немесе көне дəуір тарихына бармаушы еді.
Себебі, сол кездегі идеология оған қарсы болатын. Ал Сəбең
зерттеуді тереңнен бастаған. Жəне одан кейінгі еңбектерінде
сол бағытынан адасқан да, жаңылған да жоқ. Сəбең көптеген
еңбектер, жүздеген мақалалар жазған болу керек. Бір кезде
төкпелетіп көп жазды. Ол мақалалары əрі көлемді, əрі мазмұнды
болатын. Солардың бəрі бірдей кітаптарына енбеген-ақ шығар.
Сондай кітапқа жарияланбаған мақалаларын тауып, жинақтап
бастырып шығару керек. Ол біз үшін, оқырман қауым үшін
үлкен рухани қазына, оған ерекше мəн беруіміз керек.
Жалпы, өзінің табиғи болмысы сондай еді. Оның үстіне
“Жас тұлпар” қатарында ширығып, жастай жігерленіп,
жетілгені бар – Сəбең халқы үшін мағыналы да терең қызмет
істеуге ұмтылған жан. Мəскеуде оқып жүргенінде көне
9
Эзоптың мысалдарын қазақшаға аударған. Сондағы ойы
Эзоптың тілі бізге, тоталитарлық режим-қысымда жүрген
адамдарға керек екен ой, идеяны əшкерелеуге, жеткізуге.
Соны Сəбең өте жақсы біліп, қолданып отыр ғой. Ол қандай
іске, жұмысқа кіріссе де оны үлкен азаматтық дүние-
таныммен атқаратын. Қандай тақырып алса да оны жеріне
жеткізіп жоғары деңгейде қозғайтын. Сондықтан да ол əрі
ғалым, əрі əдебиетші, əрі əдебиеттанушы, əрі саясаткер болды.
Оны сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп толық айтуға болады.
Ол тарихшы да, этнограф та, философ та, əдебиетші-сыншы
да бола білді. Кезінде бір өте жақсы, өте сəтті киносценарий
де жазған. Өкінішке орай, ол киносценарий бойын ша кино
түсірілмеген. Ал бірақ, “Күн астындағы Күнікей” деген осы
көлемді сценарийді ұмытпау керек. Жалпы Сəбеңнің қай-
қай еңбегін, артына қалдырған мұрасын да уақыт оздырмай,
шашау шығармай жинақтау, зерттеу керек.
Желтоқсан оқиғасы туралы да мен Сəбеңнен естідім. Ол
маған сағат он кезінде телефон шалып, жағдайды түсіндірді.
Мен үйде бір қолжазбаның үстінде отыр едім. Содан кейін
17–18-і болған оқиғаны өз көзіммен көрдім. Ал енді Сəбеңнің
ол бір құпиясы болу керек, оны да зерттеу керек, сол күндері
түнде кездесіп бір құпия тізімдерді көрсеткен-ді. Ол тізім сол
оқиғада құрбан болғандар, жапа шеккендер тізімі ме екен?!.
Соны халықаралық ақпарат құралдарына қалай жеткіземіз деген
мəселені ақылдасқан. Мүмкін, бұл тізім өзінің жеке архивінде
қалған шығар, зерттеу керек. 18-і күні түнде де кездесіп, құпия
бір əңгіме болған.
Сəбең кезінде “Жас тұлпар” сапында болғандармен қарым-
қатынасын еш уақытта үзген жоқ. Алматыға оралған соң оның
достарының қатары Асқар Сүлейменов, Төлеген Тоқбергенов,
Салихидден
Айтбаев,
Құлкен
Саймиддинов
сияқты
азаматтармен толықты. Алан Медоев дейтін қаны осетин болса
да жаны, санасы қазақ ірі тарихшы, ғалым болған. Осындай
адамдармен қарым-қатынаста болды.
10
Қазақстанымызды тереңірек, жақсырақ білейік деген ниет-
пен алыс жолдарға да жиі-жиі бірге шығатынбыз. Мысалы, бір
жолы Балқаштың жағасындағы Лепсіге барғанбыз. Сақ дəуірінің
қорғандарының орындарын іздедік. Ауыл адамдарымен
əңгімелестік. Жол жүру, сапарға шығу, оны бай мазмұнға
толтыру тұрғысынан алғанда Сəбеңді ұлы жолаушы деп айтуға
толық қақым бар. Өз көзіммен көрдім. Біріншіден, ол жол
жүрісті бір жерден екінші жерге бару деп түсінбейтін, жолдың
ұлылығын жақсы сезінетін, жақсы білетін. Жолшыбай кіммен
қалай сөйлесу керек, қай жерге ат шалдырып қай жерде ой түю
керек, қай жерді көзбен көріп, қай жерге күрекпен кірісу керек
дегенді жетік меңгерген жан еді. Мүмкін, бұл оның ұлы ғалым
Əлкей Марғұланның экспедициясында болғандығының жемісі
де шығар. Оның қолында жолсапардың алтын кілті бардай
еді. Сол Алматыдан Лепсіге жеткенше қаншама жаңа мəлімет,
дерек жинап, тарихымызға, салт-дəстүрімізге, мəдениетімізге
байланысты жергілікті тұрғындармен нешелеген терең
əңгімелер болды. Адам сүйсінерлік қаншама ілтипатты, ізетті,
ыстық кездесулер болды.
Тағы бір сапарымыз Қызыл-орданың Жалағаш дейтін жеріне
болды. Жол ұзақ, жол бойы тарихи орындар көп еді... Əргі-бергі
тарихты біраз қопардық, еске алдық, салыстырдық, сараладық.
Жалпы жол үстіндегі əңгіме деген ерекше бір жанр. Жол
үстінде əңгімелесу – бұл бір бөлек дүние. Тар жерде, қалада,
үйде, бөлмеде əңгімелескен бір басқа да, жол үстіндегі əңгіме
бір басқа. Жолдың өзі көп ой қозғайды, адам шешіледі, ойы
тереңдей түсетіндей. Ал, Сəбең осы жол үстіндегі əңгіменің хас
шебері еді.
Сəбеңнің тағы бір қыры, оның саясаткерлігі. “Азат”
қозғалысы, “Алаш” партиясын ұйымдастырудағы қайраткерлігі,
саяси жолын да мұқият қарап, зерттеп шығу керек. Бұл үлкен
азамат, үлкен білім иесі, жүрегі елім деп соққан ерекше азамат.
Оның жолы ұрпаққа өнеге бола алады.
Дос, жолдас болдық. Сондықтан да пікір таластырған,
айтысқан-таласқан тұстарымыз да болды. Оның көбі баспасөз
беттерінде жарияланды. Сəбең маған сын айтса, көбіне
ағаның ініні сынағаны тұрғысында, ағалық сын айтатын.
Жақсы ниет, жақсы пиғылмен сынайтын. Біз күрес үстінде
өскен азаматтармыз. Сондықтан, пікірлерімізді ашық айтып,
қателіктерді дер кезінде түзетіп отыруға дағдыланғанбыз.
Менің сынымды Сəбең де лайықты қабылдайтын.
Енді, міне, осындай абзал аға, ардақты доспен қоштасқалы
бір жыл өтті. Қалғаны – оның мұраларын қастерлеп, жиып
зерттеу, жаңғырту, ұмытпау, жас ұрпаққа ұсыну. Қош бол, ұлы
жолдаушы, ардақты азамат!
12
Аға туралы естелік
Рахметолдақызы Шекербану,
ақын
О
сы жинақты құрастырмастан бұрын Сəбетқазы ағаның
жұбайы Римма Кəрімқызы жəне қызы Күнікей маған
жолығып үлкен, əрі жауапты жұмыс тапсырды. Сəбетқазы
Ақатайдың елім-жұртым, халқым деп соққан жүрегі тоқтағанша
жазған, басылым беттерінде, журналдарда жарық көрген
құнды, құнарлы, сыншыл, шыншыл, зеректі зерттеулерін, ой
толғаныстарын, пікірлерін, ұсыныстарын, көзқарастарын т. б.
басылымдар бетіне түсірілген қағаз қиындыларын əкелді.
“Осының барлығы саған аманат, Сəбетқазыны сенен артық
ешкім білмейді, бірге өстіңдер, барлық шығармаларымен тікелей
танысып, Шығыс Қазақстанда жатып, алға қойған мақсатына
жетуіне қол-қабыс жасадың, саған сенеміз”, – деген Римма
Кəрімқызы мен Күнікейдің үмітін жығуға шамам келмеді.
Қиын да ауыр жүкті арқалауға мойын ұсынып, екі бума газет,
журнал қиындыларын құшағыма алдым.
Мұндай жауапкершілікті арқалауға Сəбетқазы Ақатайдың,
менің алғашқы “Туған жер тарихынан үзік сыр” атты кітабым
шыққанда жазған алғы сөзіндегі мына сөйлемдер үлкен күш
13
берді: “Қол жазбаның авторымен ауылдаспыз, соғыстан кейінгі
ауыл мектебінде менен 5 сынып төмен оқыды. Екеуміздің
мұғаліміміз ортақ – ел іші “Қара дүсін” деп атайтын алғыр жəне
кеуделі күрең жүз адам. Жұпыны да, шағын ауылдың журналисі,
оған қоса адвокаты да осы қара Дүсін еді.
Бала ата-анасына тартады əрине, алайда тұлымшағы
желбіреген қаракөз қыздың зейіні мен болжамдылығын мұға-
ліміне тартқандығына енді мына қолжазбаны оқып шыққаннан
кейін тап болып отырмын. Қудды мұғаліміміз Дүсін болған да
қойған. Ол кісінің болжағыштығына, сыншылдығына, қазақтың
“Қара сөзге дес бермейтіндігіне” таң қалатынбыз” – деп мені
сынап үлкен баға берді. Шынында да екеуміз ағалы-қарындас
болып бір ауылда өстік. Кездесе қалсақ əр тақырыпта əңгіме
құрып, талас тудырып жататынбыз. Сəкең менің жұбайым
Нұрсайын Айдарханұлымен мектепте бірге өскен досы, ол
кісінің мамандығы тарих мұғалімі, білері де көп, шежіреші еді,
кездескенде Сəбең аға екеуі таңға дейін əңгіме-дүкен құратын.
1990 жылдардан бері біздің жұбымыз жазылмады.
Жанұяларымызбен араласып жүріп, саяси идеямыз да араласып
кеткендей болды. Екеуі де пəниден өтті. Тағдыр мені аға
еңбектерінің жарық көруіне куəгер болсын деп қалдырған
шығар. Менің екінші кітабым шыққанда жазған, алғы сөзінде:
“Отаныңа деген ыстық жалының суынбасын, назды жырларың
сарқылмасын, мен сенен əлі үлкен үміт күтемін” деп жазған.
Сонда маған, кейін менің еңбектерімнің жарық көруіне қол
ұшын берер деп, үміт артты ма, екен кім білсін?! Сол бір үкілі
үмітті үзбеуге тырыстым.
“Ғалымның хаты – өлмейді, жақсының аты өлмейді” деген
дана халқымыз. Қандай тауып айтылған сөз. Өмірдің өзі
дəлелдеген ақиқат екені анық. Десек те “Көзден кетсе, көңілден
болады ұмыт” демекші, Шығыста қоңыраулы Нұрзайсан суына
шомылып, құмына қызып өскен, мақтан ететін, тарихымызда
өшпестей із қалдырған, халықтың құрметіне бөленген, талай
ізгі жақсыларымыз өтті. Солардың бірі, ғұмырын елім, жерім,
халқым деп, еліміздің егемендігі, жеріміздің бостандығы
14
үшін күрескен, сол арманына жеткен, қазіргі заман тарихынан
ортасын ойып орын алған азамат Сəбетқазы Ақатай еді.
Ол Зайсан өңірі, қоңыраулы Зайсан көлінің жағасында 1938
жылы дүниеге келді. Сəбетқазының əкесі Ақатай туралы ел
аузында қалған: “Ақатай жігіт екен салдырлаған, көңілін еш
адамның қалдырмаған” деген екі ауыз сөзден басқа, торсықтай-
торсықтай Сəбетқазы, Алтынғазы атты екі ұлын қалдырып 1943
жылы соғысқа, ешқандай дайындығы жоқ, ауыл қазағының
бірі болып, қазақ əскерлерінің қатарында, үлкен əріппенен
айтылатын Отан соғысына аттанды. Сталинград шайқасында,
осы қаланы қорғауда қайтыс болды.
Сəбең өткір тілін “Русская община” ұйымының жетекшісі
Ю. З. Бунаковқа қадап, “менің əкем Ақатай Ресей жерін қорғап
өлді, ал сен өз Отаның Қазақстан үшін жаныңды қиғанның
орнына, бөлшектегің келеді” деп, мақалаларының бірінде
мысқылдайтын еді.
Жасынан əкеден айрылған жетімек, ауыр тұрмыс нəубетінің
тұзы мен сорын ерте татты. Кейде ағайындарын, кейде балалар
үйіне, кейде мектеп-интернатта болды. Сондай интернатта
болған, оқып жүрген кезін еске алған досы Айдарқанұлы
Нұрсайын:
– Сəбетқазы оқуды жақсы оқыды, ашығып жүрсе де,
томпиып, сабырлы, жайраңдап күліп жүретін, өзінен кіші
балаларға солар жесін деп, кей кезде тамағын да бере салады.
Өзіңнің қарның ашпай ма, дегенде – өзім шыдаймын ғой дейтін,
үлкен сабырлықпен.
Сөйтіп жүріп жоғарғы сыныптарды Өскемендегі Жамбыл
атындағы жалғыз қазақ орта мектеп-пансионатын бітірді.
Бітірісімен оқуын ары жалғастыруға, қаржы мəселесін
шешуге Зауыт-фабрикаларда қара жұмысшы болып істеді.
Қарағанды шахтасында еңбек етті. Өмірдің өзі оны есейте
түсті. Шахталардағы жұмысшы жағдайы, еңбек өрісіндегі
теңсіздік, оның жанына қадалатын шаншудың бірі болды.
Өзінің талпыныс, өжеттігінің арқасында Мəскеудегі Ломоносов
атындағы университеттің философия мамандығына түсті. Сол
15
университетті бітіріп шықты. Сəбетқазы Ақатай сол жылдары
Мəскеуде оқитын қазақ студенттерінің “Жас тұлпар” ұйымына
белсене қатысты, оның студенттер кеңесіне басшылық етті. Сол
үшін “ұлтшыл” айдарымен оқудан қуылды. Бірақ, Д. Қонаев
Сəбетқазы Ақатайдың кеудесіндегі ұлтшылдық отын өшірмей,
ара түсіп, оқуын бітіруге мүмкіндік жасады. Оқу бітіріп
Алматыға келіп, ұзақ мезгіл жоғары оқу орындарында дəріс
оқыды. Ұлттық дəуірлеуімізбен қайта жаңғыруымыздың тарихи,
теориялық жəне əдістану бағдарламаларымен қамтамасыз етуге
қажетті тақырыптарды зерттеді, шешімін айтты.
С. Ақатай – əйгілі тарихшы, ойшыл, этнограф, археолог,
қазақ өнертану ғылымының атасы Əлкей Марғұланның
шəкірті болды. С. Ақатай философия ғылымдарының докторы,
профес сор, жазушылар одағының мүшесі 15-ке тарта ғылыми
монографиялары мен жинақтардың, 400-ден астам ғылыми
публицистикалық, саяси, əлеуметтік, əдеби сын мақалалардың
авторы. Мұғдарлауға алған мəселелері толғақты, көпшілік
ойынан шығатын, əлеуметтік пікір туғызатын дүниелер еді. 40
жылға созылған шығармашылық дəуірінде Сəбетқазы Ақатайдың
қалам тартқан мəселелері тобынан қалам тартпағандарын
санап шығу оңайырақ болар. Оны кітаптары мен жинақтау
атауларынан-ақ білуге болады: “Эзоп мысалдары”, қазақтың
музыкалық фольклорлы, “Арал тағдыры”, “Күн мен көлеңке”,
“Эстетикалық категориялар”, “Тышқан жылғы қырғын”,
“Көшпенділер эстетикасы”, “Дүниеге қазақы көзқарас“, “Інжу-
Маржан секілді”, “Мəдениет айдынындағы Қазақстан”, “XXI
ғасыр қарсаңындағы Қазақстан философиясы” т. б.
1991 жылы С. Ақатай Олжас Сүлейменовтың аты шулы
“АЗиЯ” кітабын қазақшаға аударды. Сонымен қатар оның
еңбектері əлем ғалымдарына да жақсы таныс-танымал. Ол
халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, біраз
шетелдерде Қазақстан ғылымына өкілеттік танытты. АҚШ-
тың, Вашингтонның, Чикаго, Огайо, Грецияның, Түркияның
университеттерінде өткен мəжілістерінде Қазақстанның
тарихы, саяси, мəдени оқулары жайында баяндамалар жасады.
16
1986 жылы Желтоқсан оқиғасының себеп-салдарын ашып
берді.
Өйткені 1986 жылы қалада өтіп жатқан жайды өз көзімен көріп,
арасында жазаланып отырған Сəбетқазы Ақатай, ой елегінен
болған істі өткізіп, Жағда Бабалық екеуі туған туыстарынан,
дос-жарандарынан жасырын жағдайда қалам алып дүние-
жүзілік қауымдастық ұлттары мен мемлекеттерінің назарына
хат дайындауға кірісті. Хат фотоға түсіріліп, тырнақтай негатив
кадры көбейтіліп, келімді-кетімділер арқылы шет елге таратты.
Шайдың, қолшатырдың, тіпті балтаның қалың жеріне салып
қайта пісіріліп, қайта жонылған кездері болды. Əйтеуір хат
шет елге, Біріккен Ұлттар Ұйымына “Интернешнл Емнисти”,
Чехословакияның
“Хартия–68”
ұйымдарына
Будапешт
университетінің профессоры Қоңыр Мондоки мырза арқылы да
хат жолдады. Польшадан келген беймəлім юрист Чехословакияға
“Хартия-68” ұйымының қолына тигенін айтты. Қ. Рысқұлбеков
пен оның достары ату жазасына кесілгеннен кейін “Азаттық”
радиосынан 78 адам қол қойған поляк жазушылары, ғалымдары
М. Горбачевке жолдаған хат жарияланды. Ішінде сол кезде
“Солидарность” төрағасы, қазір де Польшаның президенті, Лех
Валенсаның да қолы болды.
1987 жылы май айында Г. Колбин Қ. Рысқұлбеков пен
оның достары ату жазасын 20 жылмен алмастырғанын айтты,
бірақ ол əлемдегі қауымдастықтың жеңісі демей, “КПСС-тің
аталық қамқорлығы” деді. Бұл да Сəбетқазы Ақатайдың ұлты
үшін жасалған ерлігінің бірі еді. Бірақ Сəбеңнің коммунистік
идеологияға жат деп “Көшпенділер эстетикасы” – деген
монографиялық тиражы түгелдей тұтқындалды. Басқа
еңбектері де, жарық көруге тосқауыл көрді. Ол кісінің саяси-
əлеуметтік қимыл əрекеттері, оның ғылыми ізденістерімен
тығыз байланыста екені анық.
Сəбетқазы Ақатай Саяси əлеуметтік көзқарасы жағынан
тұлғалы азамат. Оның көздеген негізгі мақсаты: ұлт тағдыры,
тəуелсіздік, мемлекеттілік, түрік тілдес халықтардың өзара
ынтымақтығы. “Орта Азиялық Одақтың”, “Үлкен Түркістанға”,
17
“Ұлы Тұран” идеясына сабақтасу жолдары еді. Отаршылдыққа
қаны қарсы болды. Саясатшыл ғалым Сəбетқазы Ақатай:
“Əлем түріктен қорықпасын” – деген құрылтайда жасаған
баяндамасында: “Қазақстанның бүкіл əлемде алар өз орны
бар, Қазақ халқы иісі түрік жұртының ежелгі ата қонысында
жасап жатыр. Қазақ халқы түрік əлемінің ең кіндігінде тіршілік
етеді, тілінің ең көне нұсқасында сөйлейді. Оның кəсібі, өмір
сүру тəсілі, тіпті физикалық нəсілі жағынан да өзгеріске аз
ұшыраған. Мəселен осы залда көне түрік ханы Күлтегін маған,
мені Күлтегінге ұқсамайды деп кім айтады? Сондықтан шығар-
ау, Қазақстанның болашақ тағдырына Азияның аз санды түрік
ұлыстары үлкен үмітпен қарайды” – деген.
Сəбетқазы Ақатай 60 жылдары Мəскеуде оқитын, қазақ
жастарының ортасында құрылған “Жас Тұлпар” ұйымын
жетелей отырып СОКП тарар тұста “Азат” қозғалысына
жалғастырып, соның негізінде “Азат” партиясы құрылды.
1990 жылдары Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысына
Шығыс Қазақстан, Күршім ауданында “Қазақ тілі” қоғамында
істеп жүріп мен де, мүшесі болып кірдім. Өйткені “Азат”
қозғалысының, қысқаша айтсақ, барлық бағдар-бағыты жас
болашақ мемлекетіміздің негізгі мүддесін көздеу еді.
1991 жылы Шығыс Қазақстаннан 12 адам делегат болып
“Азат” қозғалысының 1-ші съезіне қатыстық. Облыста “Азат”
қозғалысының орталығы Өскеменде болды. Бұл “Азатқа”
мүшелікке өткендердің көбі “Қазақ тілі” қоғамының басшылары
жəне мүшелері еді. “Азаттың” жиындарын əкімшілік қатаң
бақылауға алды. Ал ол қозғалыстың саяси мақсаты – қазақ тілінің
мемлекеттік дəреже алуы, еліміздің егемендігі, халқымыздың
əлеуметтік жағдайы болды емес пе? “Азат” қозғалысының
1-съезі жазушылар одағы үйінде өтті. “Азат” болашаққа үміт
артқан халық қозғалысы. Мақсаты да түсінікті – ұлтымыздың
толық тəуелсіздігі. Шындығында “Азат” – қазақ ұлтының саяси
жəне əлеуметтік қорғаны бола білді. Көптеген қиын-қыстау
арандатушылық жағдайда, “Азат” қозғалысы Қазақстанның
барлық азаматтарын салқын қандылық пен ұстамдылық
18
танытуға кез келген арандатушылыққа жол бермеуге шақырды
жəне өзі де соны істеді.
Мысалға 1991 жылы қыркүйек айында тарихта қалатын Орал
оқиғасы болды. Сонда еліміздің егемендігіне, тəуелсіздігімізге,
қол сұғып ар-намысымызды аяқ асты таптамақ болған,
жасанды мұрт жапсырып келген орыс казактарының меселдесін
қайтарған да, осы “Азат” қозғалысының азаматтары еді.
Сəбетқазы Ақатай оған тікелей жетекшілік етті. 1991 жылғы
қазан айының 5–6 да өткен “Азат” қозғалысының 1-съезіне
қатысып халықаралық “Азат” қозғалысы болып құрылғанының
айғағы болдым. Осы қозғалыстың бағдарламасының негізінде
Қазақстанның Республикалық партиясы болып құрылуға дауыс
беріп, сол партияның мүшелігіне кірдім. Сəбетқазы Ақатай
төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикалық партиясы
егеменді елдің маңызды бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама
тəуелсіз мемлекетіміздің болашақ мүддесімен қауышты.
Сəбетқазы Ақатай – бақытты жан. Өйткені ол көп жылдар
əрекеттенген төл саяси-əлеуметтік идеялары қазір де іске асуда.
Сəбетқазы Ақатай қазақ халқының көк туының астында тəуелсіз
мемлекеттің ірге тасын қаласып, көгілдір күмбезін көтерісті.
Сəбетқазы Ақатай – туған жері Күршім ауданына келсе,
аудандық “Қазақ тілі” қоғамына басын сұқпай кетпейтін. Тіл
мəселесіне көңіл бөлетін. Бір əңгімесінде: – Ана тілімнен
жастайымнан айрылып қалдым. Балалар үйлерімен үкімет
мекемелерінде ер жетіп, ес жиып, етек жапқан тұста қайта
табысқан соғыс жетімдерінің бірі менмін. Ұлы орыс тілін жетік
білетін үш миллион қазақ азаматтарының ішінде мен де бармын.
Алақаныма салып əлдилеген ұл-қыздарым да бар. Орыс тілі
қызметімнің тілі, ақбас ұстаздарым мен балғын шəкірттеріміздің
тілі. Бұл тіл арқылы мен əлеммен, азаматтармен таныстым.
Біреудің ақылын тыңдаймын, біреуге ақыл айтамын. Қазақ
баласы үшін орыс тілін үйретуде мүдіріс болмауын ұлы Абай
аманат еткен.
Ал ана тілім жатқан жері торқа болғыр асыл анам
Күлбағиланың, сүйегі Сталинград түбінде шашылып қалған
19
Ақатайдай есіл ердің маған тапсырған қазынасы, сарқылмас
ырыздығы еді. Бала-шағамның менен алар басты дəулеті,
еншілеп бөліп берген мал-жанымның ішіндегі құтты тұяғы –
ана тілім деп ойлаймын. Сол дəулетті кеңсеқұмарлар мен ұлт
нигилисттерінің құрбандығына қиғым келмейді. Тіл туралы
заңның жобасын толық қуаттап, қуанатыным да сондықтан
деп ауыр күрсінген еді. Сөз соңында сен – Шекербану “Қазақ
тілі” қоғамын дұрыс қолыңа алдың. Бұл орыс ауданы, саған
жұмыс істеу қиын да болар, бірақ орыстарды қума, шамың өшіп
қалса кім жағады, ол шамды жағам деп қазақ ағаң тоққа түсіп
қалмасын” – деп сəл жымиды.
1995 жылы Күршім аудандық “Қазақ тілі” қоғамынан
Сəбетқазы Ақатайды мəжіліс депутаттығына кандидаттыққа
ұсындық. Көптен көкейде жүрген, шешуін таппай шиеленіскен
мəселелерді Сəбеңнің мойнына артып, парламентке кірсе,
босағада тұрған тіліміз бір қадам төрге жылжи ма деген үміт
еді. Сонымен қатар жас мемлекетіміздің əлі өңделіп бітпеген
заңдар жүйесін, азаматтық саяси-əлеуметтік қарым-қатынас
нұсқаларын жасау кезінде осындай білімді, ғылыми саяси
мəселелерді дұрыс шешетін тəжірибесі бар азаматтың парламент
мүшесі болуы дұрыс-ақ қой.
Күршім ауданы – шикізаттың ашылмаған көзі екенін ол кісі
жақсы біледі. Ол кенді аймақтың байлығын алудың басы – темір
жол салу, Октябрь темір жолын жағамен Аягөз темір жолына
қосу арманы еді. С. Ақатаевтың осы арман-бағдарламасы
арқылы ауылдағы жұмыссыздықты жойып, шетел қаржысын
пайдалану бағдарлама негізі болды. Оған шетел инвесторларын
ертіп келіп көрсеткені де бар.
Мен Сəбетқазы Ақатайдың сенімді өкілі болып екі ай бойы
Күршімге көршілес төрт ауданды аралатып, халықпен кездесулер
өткіздім. Барлық бағдарламасын бабына келтіріп, темір жол
мəселесін көтергенде тыңдаушылардың құлағын елең еткізіп,
шіркін деп тамсандырып қоятынмын. Кездесуден шығып, жолда
келе жатқанда, қарындасым, қалай поездің қоңырауы естіле ме
деп күлетін, Сəбең. – Иə, дейтінмін. Шынымен менің құлағыма
20
алыстан əуелеткен поездің қоңырауы естілгендей болады. Осы
арманға жетсек қой, мына қалжырап отырған жұртыма қан
жүгірер еді ғой деп, құлшынып алып, ауыр күрсінетін. Сайлау
науқаны бітті, бірақ Сəбең депутаттыққа өтпеді. Сенің бе, əлде
менің бе бір дауыс жетпеді, иə, бір дауыс жетпеді. Өкінішті...
Құлағымда поезд қоңырауының үні əлі өшер емес, осы асыл
арманның болашақта боларына үкілі үміт сендіреді.
Сəбетқазы Ақатайдың 60-қа жеткенін тойлауға жазушылар
одағына барып, мерейтойын атап өту керек деген жолдама
алып, ауданда дүрілдетіп той өткіздік. Ғылыми конференция
дайындап, той сценарийін жазып, туған жер топырағына
аунатып, ел-жұртымен кездестірдік. Той өзі айтпақшы
“Қоңыраулы зайсан” көлі, Ақсуат ауылында өтті. Той өткен күні
– күн ашық, жайшылықта құм ұшырып, көз аштырмайтын қара
жел болған жоқ. Қазан айының жайма-шуақ жып-жылы мерейлі
кешінде мереке көңілді өтті. Алпыс жасты арқалаған ғалым,
қайраткер ағамыз Күршім ауданының “Құрметті азаматы”
деген алқа тағып, сол кездегі астанамыз Алматыға қайтқан еді.
1998 жылы қазанның қара дауылында дүниеге əкелген
қазақтың ұлын, бір Алла 2003 жылы осы қазан айында құм
суырған қара дауылында қайта əкетіп қалды. Жатқан жерің
жайлы, топырағың торқа болсын жан аға. Елім деп еңіреген
халқыңның бір туар ұлы едің, өміріңнің өзі де өмірдегі
дауылдарға қарсы күресумен өтті.
Елім деп еңіреген, жұртым халқым деген қайраткер азамат-
тың артында қалған үзеңгілес əріптестері, бірге елім деп маңдай
терлерін төккен достары “Қош! Алаштың асқар тауы, алға ұстар
арысы!” – деп күңіренді. Сəбетқазы Ақатайдың еңбектерін
жоғары бағалаған өздерінің қалтқысыз ашық ойларын басылым
беттеріне жариялады. Олар өзінің сонау Мəскеу төрінде “Жас
тұлпар” ұйымын құрып, халықтың бостандығын, егемендік
елді аңсаған Сəбетқазы Ақатайдың достары советтік қатал
заңдылықтарға маңдайын төсегендер: Мұрат Əуезов, Болатқан
Тайжанов, Мақаш Тəтімовтар т. б. еді. Сəкеңнің бұл пəниден
аттануы олардың қабырғасын қайыстырып кеткендей, орны
21
толмас досын үлкен құрметпен еске алып, естеліктер жазды.
Саяси сапардағы үзеңгілес, дос бауыр, пікірлес жалынды
“Алаш” партиясының қолдаушылары Сəбетқазы Ақатай
жаққан саясат шамы өшпейтініне үлкен сенім арқалайтын өз
ойларын ортаға салып, мұндай алаштың асыл ұлын алашы
ұмытар ма?! – деп күйзелді. Олар: Жанат Қасым, Жұмаш
Кенебай, Ақтөре Бұхарқан т. б. Осындай достары, қорғаушы,
жақтаушылары, еңбегін бағалайтын елі, жазғандарын сүйіп
оқитын жастар, оқушылары бар Сəбетқазы Ақатай бізбен бірге
келесі ғасырдағы ұрпаққа жол көрсетіп, олардың қатарында
боларына күмəн келтіру артықшылық. Сəбетқазы Ақатай өлген
жоқ, ғасырдан ғасырға созылатын із қалдырды. “Жалғыз ағаш
орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес”. Сəбетқазы Ақатайдың
қорғаны – достары, қолдаушылары. Орманы – жастар, іздерін
алға жетелеушілер. Оларды бір бірінен айыру мүмкін емес.
Осы Сəбетқазы Ақатайдың еңбектерін, мақалаларын
жинақтап, қайта жарыққа шығаруға қол ұшымды бергенімде,
өзімді үлкен жауапкершілік арқалағанымды сезінемін. “Біткен
іске мінші көп, піскен асқа жеуші көп” болары ықтимал.
Десек те, Сəбетқазы Ақатайдың ойы, идеясы, ұсынысы, пікірі,
көзқарасы, зерттеулері жазылған парақтардың шашылмай
топтасқанына қуанамын.
Ғалым, сыншы, саясаткер, қайраткер Сəбетқазы Ақатай
еңбектері үлкен зерттеуді керек етеді. Зерттеліп əлі талай
ғылыми еңбектердің арқауы боларына күмəнім жоқ.
Сөз соңында осы жинақтың, С. Ақатай еңбектерінің дүниеге
келуіне маңдай терлерін төккен əрбір Сəбетқазы Ақатай деген
жазуы бар парақты көзінің қарашығындай сақтап жиыстырған жан
жары, көтерілген күмбезді шаңырағының алтын діңгегі Римма
Кəрімқызы болса, жар құлағы жастыққа тимей мұрағаттардан
басылым беттерінен жинастырған асыл да, ардақты Күнікей мен
Меруерт атты қыздары болды. Əкесінің хаты мен атын өшірмеуге
жандарын салып 6 жыл бойы əрбір парақты жинастырды. Бұл
күнде кітаптың жарық көру көрмеуі қаржыға келіп тірелері анық.
Мəселені дереу шешіп, қол ұшын беріп, демеуші болған балалары
мен туыстары. “Өлі разы болмай, тірі байымас”. Құнды сөздің
төркінін таныған ұл-қыздарымызға ризашылығымыз шексіз.
Мақаларды жинастыру кезінде үлкен көмек көрсеткен мұрағат
қызметкерлеріне шын көңілден рахмет айтамыз. Материалдарды
баспаға дайындау жұмыстарын атқарған Нұрланқызы Аидаға
да алғыс білдіреміз. Ағамыз бір аунап түсіп ұл-қыздарына риза
болары анық.
Сəбетқазы Ақатай еңбектері өзі аңсаған, өзі іргетасын
қаласқан егеменді тəуелсіз мемлекетіміздің 20 жылдығында
жарық көреді. Астанам деп ардақтаған қаласы Алматыда бір
көше Сəбетқазы Ақатайдың есімімен аталды.
Ғалым, профессор, доктор, қайраткер Сəбетқазы Ақатай да
елінің, халқының, замандас, қаламдас достарымен бірге жүр
деген сөз.
Асыл аға, есіміңізді мақтан еттім, мақалаларыңызды оқып,
рух, елім, халқым, жерім деген үлкен қуатты күшке ие болдым.
Қазір еліміз – еркіндікте, жеріміз – бостандықта. Армандаған,
сол арманға жету үшін күрескен еңбектеріңіз өз жемісін беруде.
Сіз де тарихымыздың алтын тақтасынан орныңызды аласыз.
Ұрпақтарымыз есіміңізді есте сақтап, ардақ тұтады. Алаштың
бір туар ұлы, қош бол Аға!
Қазақстан Республикасының
Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігі
Қазақтың мəдениет жəне өнертану ғылыми-зерттеу институты
Достарыңызбен бөлісу: |