Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Бұл қай соғыс?

Отанымыздың  өткені  зерттеушілер  зердесі  жете  қоймаған 

құпияларға толы. Мұндай көмескі беттер біздің туған өңіріміз 

мен  өскен  өлкеміздің  тарихында  да  аз  емес.  Қазақстанды 

əлімсақтан  бері  түптің  түбінде  қазақ  ұлтының  этникалық 

түбірін  құраған,  түрлі  тілде  сөйлейтін  тайпалар  мен  халықтар 

қоныстанғандығы  тарих  оқулықтарынан  мəлім.  Бұл  тайпалар 

мен ұлыстардың біразының ертеректе өз мемлекеті, мəдениеті 

мен жазу-сызуы болған. Алайда, Қазақстанды ертеде жəне орта 

ғасырларда мекендеген ала шұбар қалың жұрт тағдыры туралы 

көптеген мағлұматтар тарихшылар назарынан тыс қалып, кейбірі 

мəңгілікке ұмытылғанын жасырып келгенімізді енді жасыра ал-

маспыз.  Мұның  өзі  тек  қана  нақты  деректің  жетпегендігінен 

емес еді. Кей-кейде дерек жеткен кезде тарихи зерде жетпеді де, 

зерде жеткен кезде дерек жетпей қалды. 

Əлбетте,  тарихта  болған  нақты  оқиғаларды  танып-білуге 

зерттеушілердің  өресі  мен  зердесінен  гөрі  өлке  тарихына 

ықтияттыққа  зəру  болып  жаттық.  Өкінішке  қарай,  танымның 

заңы қатал. Ақиқат болып есептелетін жəйттердің тарихшының 

жеке  басының  талғамынан  шықпауы  немесе  қоғам  өз  пікірін 

ғана  күйттеп,  объективтік  шарттарды  мойындағысы  келме-

ген  жерлерін  қазірде  “ақтандақ  беттері”  деп  атап  жүрміз.  Кей 

жағдайда  мұндай  “ақтаңдаққа”  тұтас  бір  елге  емес,  сол  елдің 

жеке бір бөлігіне ғана қатысты тарихи оқиғалар жатады. Алай-

да, “жергілікті  аймақты”  деп  тек  нобайлап  қана  айтуға  бола-

тын  көз  үйренген  өлшемнен  шығып  кеткен,  əлемдік  процес-

тен  шалғай,  оқшау  қиырда  басталып,  сонда  аяқталғанымен 

көптеген  халықтардың  əдет,  тірлік-тынысын  өзгертіп  немесе 

осы процеске себеп болып, жалпы тарихи процесте жалғасын 

тауып жататын оқиғалар бар. Мəселен, Тышқан жылы (1204 ж.) 



59

Шыңғыс ханның Қазақстанның шығысы мен Монғолияның ба-

тыс шебіне байрақ тіккен, монғолдармен қонысы қатар байырғы 

ұлыстарды талқандап, əлемнің көптеген халықтарының мұнан 

кейінгі  тағдырына  зор  ықпал  еткен  осындай  іргелі  оқиғаны 

жатқызуға болады. Бұл соғыста наймандардың Таян ханы жеңіп 

шыққанда,  бəлкім,  оқиғалардың  мұнан  арғы  дамуының  қалай 

жалғасатыны жəне оның қалай аяқталатыны беймəлім еді. Та-

рих дөңгелегі кері айналар ма еді, қайтер еді? Кім білсін? Қалай 

дегенмен  де,  тарих  қалыпты  ырғағынан  ауытқи  қоймайтыны 

хақ. Уақиғалар мезгіл ырғағымен қайталанбастан, өткен шақтан 

бүгінгі  күнге  жолай  соғып,  болашаққа  қарыштап  бара  береді. 

Сөйтіп, оқиғалар үнемі бір арнада қайталанбай жалғаса бермек. 

Тарих  келбеті  солай.  Тек  оқиға  ғана  емес,  оның  болған  орны, 

себеп-салдары,  қарым-қатынасы,  дамуы  да  маңызды.  Өйткені 

тарихта себепсіз оқиға тууы мүмкін емес. 

Көшпелі  монғолдардың  ат  төбеліндей  ғана  шағын  тай-

пасы  көсемінің  ұлы  бірден  қаһарлы  жиһангер  атанбағаны 

əмбеге аян. Əуелде терезесі тең көрші-қолаң пəлендей құрмет 

көрсете қоймайтын Темірші

1

 (Темучин) өз отының басындағы 



тұрмыстық майда-шүйде істерін тындыра жүріп, қиял жетпейтін 

қияндарды Шолатын-ды. Ауыл мен айып адамдары əдеттегідей 

көбіне аңшылық, сəйгүліктер мен сұлулар, су көздері мен жайы-

лымдар,  барымта  мен  қотан  арасының  дау-дамайы,  бабалар 

ерлігі, аққаптал жеңістер мен масқара жеңілістер туралы əңгіме 

қозғайтын еді. Көшпелілер арасында айтылмайтын əңгіме бол-

майтын.  Ал  мына  орта  бойлы,  мығым  денелі,  жирен  шашты 

сары  сарбаз  найзаны  құрық  ұстағандай-ақ  еркін  тастап,  мүлт 

жібермейтін бес қаруы сай жауынгер, құралайды көзге атқан мер-

гендерге мүлдем ұқсамаушы еді. Ең алдымен хан баласы көпті 

көрген  көнекөз  руластарының  күн  көзі  сіңіп  жоғалатын  сонау 

қияндағы батыстың миуалы өлкелері мен гүлденген алқаптары, 

ақ езу толқыны жағаны шайып-шайып алатын адуын мұхиттары 

туралы хикаяларын тыңдауға зер салды. Думан базарлы, көгілдір 

күмбезді қабырғалары ақ таспен өрілген сəулетті шынарлардың 

1

 Темірші – Шыңғыс ханның азан шақырған төл аты.



60

дуалдары Теміршінің өзін де ұзына түндер бойы еліктіріп, түсіне 

кіріп жататын. О бастан барша көшпелілерді таң қалдыратын ай 

шырайлы мешіт пен ашамайлы шіркеулердің зəулім мұнарасы 

емес,  ел  мен  елді,  қала  мен  қаланы  қорғаған  қабырғалар  мен 

қорғандар  болған  ғой. “Осынша  заңғар  қорған  салудың  керегі 

неде?  Қытайдың  “Ақ  қорғанының”  қоршауында  тұтас  мемле-

кет жатыр-ау?! Оның қаншалықты қажеті бар?” – деп тамсана-

тын  ол  түнгі  барымтадан  келе  жатып: “Демек,  қорғандардың 

ар  жағында  бөгде  көзден  жасырын  байлық  болғаны-ау,  шама-

сы” деген суық ойдың жиі-жиі қылаң беретін тұста біреу естіп 

қойды ма деп жан-жағына ұрлана көз тастап, қорқыныш туды-

ратын өз ойынан өзі ыңғайсызданатын. 

Күннен  күнге  артып  бара  жатқан  құмарлығын  басу  үшін 

не  қажет  екенін  де  ұқты: “Күшті  болу  керек.  Монғол  ұлысын 

ғаламнан да қуатты қылу қажет” деп шешті. Қажетті мөлшерде 

күш-қуатым,  қабілетім  бар  деп  ұққан  шақтан  бастап-ақ 

сахараның  жеке-дара  Ұлы  ханы  болсам  деп  армандады.  Ол 

үшін  өзінің  қуатты  көршілерінің  барлығын,  ең  алдымен,  атап 

айтқанда:  қатағандарды,  татарларды,  керейлерді,  жалайыр-

ларды,  меркіттерді,  жаджариттерді  жəне  басқа  да  көптеген 

қоңсы-қарсыластырып жеңу қажет деп тапты. Теке-тірес ұзаққа 

созылған  жоқ.  Тышқан  жылы  туғанға  дейін-ақ,  жауларының 

меселі қайтып, бас көтерместей болып тізе де бүкті. Бірі монғол 

найзасының  тегеурініне  шыдай  алмаса,  енді  бірі  айланың  уы-

тына  ем  таба  алмады.  Арбауға  түскен  торғайдай  монғол  ха-

нына  жем  болып  жатты.  Тура  Күлтегіннің  айтқаны  болды  да 

қойды:  басы  бардың  басы  иілді,  тізесі  бардың  тізесі  бүгілді. 

Қаншалықты күшті болғанымен, олар монғол ханының боданы, 

əмсе одақтасы болып шыға келді. 

Алайда, түпкі арманға жетер жолда меркіт пен жаджариттер 

тайпаларымен  одақтасқан  найман  ұлысы  көлденең  тосқауыл 

болып жолын бөгеп жатты. Бұл одаққа монғол ханының айла-

шарғысы да, күші де жетпеді. “Көк күмбезіне күн мен ай қатар 

жарасар-ақ”, ал жер бетіндегі бір иелікте екі мемлекет қайтып 

қатар тұра алсын? Монғолдың осы бір көне нақылы жас өмірдің 

құлағында ызыңдап тұрып алса қайтерсің. Ерте ме, кеш пе, бір 


61

қырғынның болары ақиқат деп түйді Темірші. Оның жалғыз ғана 

мақсаты бар-тұғын: тек қана жеңу, жеңу. Болашақ жеңістің жо-

басы Темірші зердесінде қазандай қайнап жатты. Əділі: Темірші 

жеңіске дайындалып жатты деу аздық ететін де шығар. Өзі иелік 

еткен өңірлерде темірдей тəртіп орнату арқылы ол болашақтағы 

жеңіс  салтанатын  қолдан  соғып  жатқан  еді.  Жеңіске  жетудің 

басқа  жолын  монғол  əміршісі  білмейтін  де  еді.  Өйтпейінше, 

монғолдың  қайқы  қылышынан  қаймыққан  көршілес  жұрт  екі 

арадағы одақ пен келісімнің құны түкке тұрғысыз екенін сезу-

де еді. Жəне мұның өзі барған сайын соқырға таяқ ұстатқандай 

айқындалып жатыр. 

Монғолдарға  қарсы  одақ  құрған  найман  ұлысына  монғол 

ханының арам пиғылы мəлім еді. Елу бес мың адамнан тұратын 

Таян хан əскерінің саны жағынан қырық бес мыңдық өз əскерінен 

басым  екенін  білген  Темірші  қол  күшін  қайта  жасақтауды 

қолға алған. Сонымен қатар көңіл жарастығымен немесе сүйек 

жаңғыртып туыс болып, өйтпеген күнде қоқан-лоққы мен айла-

шарғы  арқылы  əкесі  Есугей  баһадүрдің  барлық  дұшпанымен 

достасып  та  шықты.  Бұл  “бауырмалдастықтың”  мəнін  Таян 

хан  ордасындағылардың  білмеуі  мүмкін  емес  еді.  Дегенмен, 

болашақта тарихшылардың айран-асыр болып таң қалуына жаз-

ды ма, кім білсін, өз қылығына өздері шаттанған найман орда-

сы айналада болып жатқан шым-шытырық оқиғаларды назары-

на да ілмеді. Алда тұрған алапат соғыс жайлы дақпыртқа атүсті 

қарады. Жеңіс мүмкіндігін айтпағанның өзінде қайда тұрғанын 

айтып келген ажалдан араша табар мүмкіндігі бола тұра жауға 

бағытталған тек қана дөрекі сөзден басқа белсенділікке барған 

жоқ. Тек монғол деген сөзге ғана бет тыржитып, тəкаппарлық 

танытқаннан  басқаны  білмеді.  Қатерлі  сəттің  қарсаңындағы 

найман  ордасындағы  жайбарақаттық  қылмыспен  пара-пар 

еді.  Монғолға  қарсы  күштерді  біріктіру  мен  жауға  қарсы  күш 

ұйымдастырудың  орнына,  Таян  хан  отының  басындағылар 

билікке  таласып,  өзара  қырқысып  жатты.  Жайбасарлықтың 

сазайы  көп  күттірген  жоқ. “Жылнамалар  жинағының”  авто-

ры  Рашид-ад-дин  бізге  жазып  қалдырғандай  “Тышқан  жылғы 

бірінші жаз айының 16-сы күні” найман ұлысы талқандалды”. 


62

Санаулы  сəтте  орданың  шаңырағы  ортасына  түсті.  Бұл – 

тарихтың Таян хан ұлысы үшін ең соңғы шешімі болатын. Жау 

соққысы келте де, жойқын келді. Сөйтіп, найман ұлысы елімізді 

мекендеген  ежелгі  халықтардың  ішінде  алғаш  болып,  монғол 

шапқыншылығының ащы дəмін татқан. Туған ұлысының қарға 

адым жері үшін қасық қанын садақа қылған сарбаздар аз болған 

жоқ.  Алайда,  найман  ұлысының  тəуелсіздігі  монғол  атының 

тұяғына тапталып тынды. Европа халықтарының татар-монғол 

шапқыншылығынан  жалаңаш  кеудесін  төсей  қорғаған  орыс 

елінше құйтырқысы мол ішкі ру таласынан титықтап əлсіреген 

шығысқазақстандық бұл тайпа да жойдасыз зұлымдыққа қарсы 

əділетті шайқасқа түсті. Ол кезде найман өз бостандығы үшін 

ғана  емес,  өз  ұлыстарынан  тысқары  жатқан  байтақ  əлемнің 

амандығы үшін де қан төккенін қайдан білсін? Жойқын күшке 

төтеп беру ұлыстың маңдайына жазылмапты. Таян хан əскерін 

талқандаған соң Темірші келемеждеп: “Осындай нөкерлері бар 

адамның мұңаюына жол болсын”, – деген деседі. Ал ол жақта 

Таян  хан  нөкерлерінің  сүйегі  Алтайдың  тасты  қыраттарында 

қарға-құзғынға  жем  болып  жатса  керекті.  Екі  жыл  өткен  соң 

жеңіске  мастанған  монғол  ақсүйектері  Есугей  баһадүрдің  ер 

жүрек  ұлына  “Шыңғыс”  деген  ат  берді.  Көшпелі  Есугей  мен 

оның қарапайым бəйбішесі Добунның

1

 елден ерек жаратылған 



ұлының  бұрынғы  дəреже  атағы  мен  теңеуі  аты-жөні  өткен 

шақтың еншісіне тиді. Жүздеген мың нөкерлер үшін бұл есім 

əскери  ұран,  жеңіс  қуанышы,  шаш  етектен  кенелген  олжа,  ал 

жеңілгендер үшін жұт, қырсық, зұлымдық, ажал түрінде естілді. 

Біз бүгін ата-бабаның сол кездегі іс-қарекетін олардың қолынан 

келмеген,  мүмкін  де  болмаған  жеңіс  үшін  емес,  олардың 

мəртебелі асқақ ниеті үшін қадір тұтамыз. 

“Тышқан жылғы қырғын несімен даңқты?” деген заңды сұрақ 

туады. Ең бастысы – наймандар мен олардың одақтастарының 

жанқияр қарсылығының нəтижесіне зұлымдыққа қарсы əрекет 

жасалды. Бұл соғыстан кейін Шыңғыс хан қалың қолын қалпына 

1

 Добун – қазақ аңыздарында, монғол деректерінде Оэлун.



63

келтіру үшін екі жылын сарп етті. Туралап келген ажалды екі 

жылға шегерудің не екенін өмір ғана біледі. 

Наймандардың  өткендегі  даңқты  тағдырынан  аңыз  ғана 

қалды. Біздің əңгімеміз енді соны тілге тиек етеді. 

Бəрі де аңыздан басталады...

Христиандар  құлағына  кресшілер  билеп  тұрған  Жерорта 

теңізінің  шығыс  жағалауларына XII ғасырдың  орта  шенінен 

бастап   қиырдағы  Орталық  Азияға  орналасқан  қуатты  мем-

лекеттер  туралы  өтірік-шыны  аралас  қауесет  жете  бастады. 

Мұндай  дақпыртқа  Батыс  Европаның  дін  билігі  дəуірлеген 

елдері де қанық еді. Сөйте тұрса да, “дінсіздерге” қарсы ымы-

расыз  соғыс  жариялап,  сенімі  ортақ  бауырларына  көмектесу 

ниетімен Құдыс қаласын бетке алып, соңына қалың қол ертіп 

келе жатқан дінбасы – падиша Иван туралы дақпырт католик-

тер əлемін əжептəуір қуантып тастады. Шындығында, бұл тек 

аңыз ғана еді. 

Түптеп  келгенде,  Батыс  пен  Шығыс  арасындағы  бейбіт 

қарым-қатынаста  бұл  аңыздың  маңызды  рөл  атқарғанын  да 

мойындамауға болмайды. ХІІІ–ХІV ғасырларда осы дақпырттың 

ақиқаттығына  жету  мақсатымен  Азияға  небір  миссиялар 

мен  сая хаттар  ұйымдастырылды.  Саяхатшылардың  хабарла-

ры  шіркеу  қызметкерлерінің  жағрафиялық  білімін  молайтып, 

ой  өрісін  кеңейте  түсті,  Европалық  қайта  өрлеуді  жандандыр-

ды.  Европа  адамы  алғаш  рет  Шығыстың  беймəлім  елдерімен, 

халқымен  танысып,  отандық  орта  ғасыр  зерттеушілерінің  бірі 

көрегендікпен дəл бағалағандай, жер шарының шексіз де шетсіз 

кеңдігін,  оның  Тəурат  əнбиелері  мен  Інжіл  əулиелері  танып 

біле  бермеген  түрлі  халықтарға  толы  екенін,  көз  көріп,  құлақ 

естімеген  өлкелерде  құбыжық  хайуанаттар  мен  жануарлар  ба-

рын, аспаны итальян, француз, испан аспанынан бір де кем емес 

екенін біліп, айран асыр болды. Ертегілік патшалықты сабыла 

іздеу  айтулы  жағрафиялық  жаңалықтар  тарихында  адам  толы 



64

екенін,  көз  көріп,  құлақ  естімеген  өлкелерде  құбыжық  хайуа-

наттар мен заттың экономикалық, рухани дамуында елеулі рөл 

атқарды. 

XI  ғасырда  Г.  Рубрук  жазып  қалдырған  “Найман  атты” 

халыққа  билік  жүргізетін  “Иоанн  король”  туралы  аңыз,  таяу 

шығыстық ашамай таққан басқыншылардың христиан əлемінің 

қорғаны болар одақтас таппақ үмітін, авантюристік əрекеттерін 

жандандырмақ демесін өшкелі тұрған жерінен қайта қоздатты. 

Дəл  осы  жерде  кресшілердің  өз  жұртында  Иоанн  секілді  нес-

ториан  дініндегі  христианды  еретик  деп  жариялап,  қудалауға, 

қала берді отқа өртеуге христиан сопыларының құлшына бата 

беретіні оларды ұялтқан жоқ. 

Ғасырлар  бойы  мойнына  ашамай  таққан  серілердің  ғана 

емес,  католик  дініндегі  байтақ  Батыстың  құлағына  майдай 

жаққан  аталмыш  аңыздың  негізінде  қандай  тарихи  оқиғалар 

жатыр еді? Европалық түсінікте ірі деуге келіңкіремейтін най-

ман ұлысының осы аңыздың шығуына қаншалықты қатысы бар 

екен? Ендеше, оқиғаны дақпырт емес, нақты тарихи тұрғыдан 

талдап көрелік. 



“Ашамайлы зобалаң”

Палестина  мен  Сирияда  туып,  жаңбырдан  соңғы  шөптей 

қаулаған  дақпыртты  аңыз  Европадағы  католик  дінінің 

орталықтарына  да  жылдам  жетті.  Дақпырттың  негізінде XII 

ғасырдың  бірінші  жартысында  Орталық  жəне  Орта  Азияны 

дүркіретіп  өткен  тарихи  оқиғалар  жатқан.  Əрине,  тиісті  саяси 

ахуал болмайынша кресшілердің жан алып, жан беріскен зұлмат 

қан  төгісіне  тікелей  қатысы  жоқ,  Азияның  терең  түкпірінде 

өткен  адам  сенбес  оқиғалардың  жаңғырығы  Европа  аспаны-

нан оңайлықпен сейіле қоймас еді, əрі дін басы Иоанның шын 

мəнінде  өмірде  болмаған  мемлекетін  іздеп  арамтер  болған 

Европалықтардың  сабылған  еңбегіне  татымас  еді.  Қиындық – 

қиырға аттанатындарды жабдықтау мен тапсырмаларды орын-

дауда  ғана  емес-тұғын.  Ақ  дегені  алғыс,  қара  дегені  қарғыс 



65

Шығыс билеуші топтарының зəулім сарайлары мен резиденция -

ларында  жанын  шүберекке  түйген  “тасбихты  тыңшылармен” 

бірге,  оларды  осы  сапарға  жұмсаған,  кеудесіне  нан  піскен 

небір əміршілердің де намысы аяқасты болатын. Мысал үшін, 

Күйік ханның Рим папасына жазған, папаның талағы тарс ай-

рылып  шамдануына  əбден  негіз  бола  алатын  мəшһүр  хаты 

мен  шетелдіктердің  намысын  қорлайтын  елшілер  қабылдау 

рəсімін  айтса  да  жеткілікті.  Кезінде,  тіпті  мұндай  масқараға 

төзгісі келмеген, Плано Карпинидің замандасы, өр кеуде монах 

Асцелинидің басымен қоштасуына шақ қалған. 

Көзге  ұрып  тұрған  қиындықтарға  қарамастан,  бүкіл 

ортағасырлық  дүниенің  саяси-əлеуметтік  жағдайы  Шығыс 

пен  Батыс  арасында  байланыс  орнатуды  алдыңғы  қатарға 

шығарды.  Сондықтан  прогресті  бетке  алған  бұл  процеске 

ештеңе де кедергі бола алмас еді. Дақпырттың шығуы өмір та-

лабынан туындағандай болып көрінуі де ықтимал. Қаншалықты 

кездейсоқтық дегенмен, мұнда тарихи қисын бар. Ол – мұнан 

əрі Шығыс пен Батыстың өзара қарым-қатынаста болмауының 

мүмкін еместігі. 

XI  ғасырдың  аяғында  Таяу  Шығыста  ашамайлы  серілер 

іргетасын  қалаған  төрт  мемлекет  құрылды.  Құдыс  қаласы 

құрамына үш тəуелді мемлекет, атап айтқанда: Антиох князьдігі, 

Триполи жəне Эдес графтығы енген Құдыс корольдігінің аста-

насы  болды.  Кресшілерге  дейін  бұл  шаһар  түрік-сельжуктер 

сұлтанатының салтанатты орталығы еді. 

1095  жылы  Францияда  шіркеу  алаңына  жиналған  қыруар 

адамның алдына шығып, папа Урбан II кресшілер қозғалысының 

бет  пердесін  ашып  берген. “Жер  адамзатқа  таршылық  жасау-

да, – деген  ол. – Барлық  əлеуметтік  алауыздық  осыдан  туын-

дайды. Ғайсаның табытына сапар шегіп, қасиетті жерді иман-

сыз халықтан азат етіңдер, оны өздеріңе тəуелді етіңдер. Мұнда 

азалы болып жүргендер ол жақта дəулетке кенеледі”. Аяқ асты-

нан жомартси қалған шіркеу кресшілерге шамалы жер беруге, 

бұл  пəниде  жіберген  күнəларын  кешіруге  уəде  етті.  Жорықты 


66

ұйымдастырушылар Бұқара халық арасындағы діни фанатизмді 

өршіте  отырып,  мазасыз  əрі  қауіпті  элементтерді  Батыс  Евро-

па  шеңберінен  шығарып  жіберуге,  сөйтіп  ішкі  жаудан  оңай 

құтылуға тырысты. Аш құлақтан тиыш құлақ деген осы да. 

Шығыстағы  өмірдің  əлеуметтік-экономикалық  деңгейі 

кресшілер отанындағыдан жоғары-тұғын, əрі басқыншылар мен 

олардың көсемдерінің негізгі тобыры əліпті таяқ деп білмейтін 

сауатсыз болатын. Сондықтан келімсектер қалыптасып қалған 

əлеуметтік  қарым-қатынасқа  бəлендей  өзгеріс  енгізе  алма-

ды. “Тəңірдің қалауы солай!” деген діни-мистикалық қағидаға 

жүгінген көрсоқыр кресшілердің жаңадан құрғанынан қиратып 

бүлдіргені  анағұрлым  басым  еді.  Атап  айтқанда,  Антиохия 

мен  Құдыс  қаласына  шабуыл  барысында (1098–1099 жж.) 

басқыншылар жергілікті халықты жаппай қырғынға ұшыратты. 

Əдетте, анадан қан шеңгелдеп туған ашамайлы серілер жорығы 

жаппай  тонауға  ұласып  жататын-ды.  Олардың  мұсылман 

қалаларын  ғана  емес,  христиан  елді  мекендерін  де  аяусыз 

талқандауы  тонаушылық  жəне  басқыншылық  мақсаттарын 

айқын  көрсетсе  керек-ті.  Ал  құдай  атынан  айтылған  жалған 

ұрандары бар болғаны осы қарабет қозғалыстың бетпердесі ғана-

тұғын. Тіпті христиандықтың ту тіккен маңызды орталығы десе 

болғандай Константинополь шаһары да тонаушылықты бастан 

кешті.  Адамзат  санасы  жеткен  сұлулық  салтанатын  паш  етер 

əулие София храмының талқандалуын көзімен көрген адам бы-

лай деп жазады: “Бас храмның қиратылуын көрген түгіл естіген 

жан бейжай қалмақ емес. Пейіштік сəні бар қасиетті мүсіндерді 

ұсақтап,  ашкөз  кресшілер  пышақ  үстінен  бөлісіп  алды.  Кафе-

драларды,  қақпаларды  көмкерген,  көздің  жауын  алған  алтын 

мен күмісті, əулие сауыттарды, əдеттен тысқары сəн мен салта-

натты паш еткен қасқалдақтың қанынан қат небір бұйымдарды 

артып əкету үшін храмға қашырлар мен ерттеулі аттар енгізілді. 

Храмның  пейіштің  нұрындай  жалтыраған  еденінен  үркіп, 

тайсақтаған жануарларды қамшының астына алған тонаушылар 

қасиетті жерді аттың нəжісімен, терімен, қанымен ластады...”


67

Жергілікті  халық  кресшілерге  барынша  жек  көре  қарады, 

таптық  жіктелу  басталды.  Осының  бəрі  ашамайлы  серілер 

жеңісінің баянсыздығын көрсетті. Айтқандай-ақ, жарты ғасыр 

өтпей  жатып  олар  Эдес  графтығын  тастап  шықты (1144 ж.). 

Тарихтың  қалауымен  екінші  крест  жорығы  да  толығымен 

сəтсіздікке  ұшырады.  Кəпірлерге  қарсы  ғазауат  соғысын 

жариялаған  Мысыр  сұлтаны  Салах-ад-дин  оларды  жеңіліске 

ұшыратып,  əлемге  аян  Құдыс  шаһарын  қайтарып  алды. 

Басқыншылардың  “қасиетті  жерден”  табанын  жалтыратуына 

келімсектердің  негізгі  жауларының  бірі  түрік-сельжуктерінің, 

сондай-ақ,  Византияның  ықпалы  болмай  қалған  жоқ.  Ан-

глия,  Франция,  Германия  ұйымдастырған  мұнан  соңғы  крест 

жорықтары да талай мəрте жеңіліске ұшырады. 

Тап  сол  “ашамайлы  зобалаңда”  дағдарысқа  ұшырап  тұрған 

XII ғасырдың орта шенінде əуелі Алдыңғы Азияға, ізінше Ба-

тыс  Европаға,  Шығыстан  мұсылмандарға  қарсы  “қасиетті” 

соғыс жариялаған Азияның терең түкпіріндегі қуатты христиан 

мемлекеті жəне оның абыз падишасы Иоганн туралы дақпырт 

тарады. 


1145  жылы  баварлық  епископ  Отто  Фрейзингенский  əлде-

бір сириялық священниктің оқиға өткеннен кейін Римге жолда-

ған,  бірақ  күні  бүгінге  дейін  сабылып  іздеушілердің  сабы-

рын   сарқып  қолына  түсе  қоймаған  хатын  алға  тарта  оты рып, 

Орта  Азиядағы  мұсылмандарды  жеңгеннен  соң  “абыз-пади-

ша  Иоанның”  Құдыстағы  кресшілерге  көмекке  аттанғанын 

жаз ды.   Егер  епископқа  сенер  болсақ,  падиша  Тигр  өзенінің 

шы ғыс  жағалауына  жетіп,  өзеннен  өте  алмай  ат  басын  кері 

бұрыпты-мыс.   

Аңыздың  шығуы  мен  оған  негіз  болған  тарихи  оқиғалар 

жобасы, 1143 жылдың  шамасына  келеді.  Ал  бұл  кезде  айтыл-

мыш  аңыз  туралы  деректер  хатқа  түскен  болатын.  Беймəлім 

епископтың тұжырымы қандай оқиғаларға арқа сүйейді? Осы-

ны анықтап алайықшы. 



68

Қызылқұмдағы қантөгіс

Орталық Азияда қара қытайлар билігінің дəурендеуі, олардың 

Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанның  мұсылман  елдерімен 

қақтығысуы тарихтың осы кезеңінің үлесіне тиді. 

Оныншы  ғасырдың  басында  шығысазиялық  қой  сілекейін 

құт  көрген  көшпелі  қидан  тайпасы  Қытайдың  солтүстігінде 

Ляо империясын құрды. Дүние кезек деген осы да, арада екі 

ғасыр (1125 ж.)  өткеннен  кейін,  екінші  бір  шығыс  азиялық 

Чурчжэн  жұрты  Сун  империясымен  тізе  қосып,  қидандар 

билігін өткен шақтың қанжығасына байлап жіберді. Əміршілер 

əулетінен  шыққан  Елюй  Дашидің  басшылығымен  Шығыс 

Түркістанға ауған қидандардың бір бөлігі қытай деректерінде 

“Батыс  Ляо”  немесе  мұсылманша  қара  қытайлар  мемлекеті 

атанған  жаңа  ұлыс  құрды.  Далалық  соғыстардың  барысын-

да  аталған  мемлекетке  Шығыс  Түркістанмен  қоса  Жетісу  да 

енді.  Əмірші  Шу  өзені  маңындағы  алқапқа  ірге  тепті. “Гор 

ханның”, яғни “баршаның ханы” атанған билеушінің ордасын-

да осы күні қазақ археологтары “Ақтөбе” атап жүрген қалада 

тұруы  ықтимал.  Шу  алқабы  біртіндеп  өз  билігін  Орта  Азия 

қараханидтеріне  жүргізе  бастаған  Қара  қытай  мемлекетінің 

орталығы  болды.  Олардың  сельжуктермен  мүйіз  түйістірген 

жері де – осы тұс. Қараханидтердің Самарқанды билеп отырған 

ханы Махмуд 1137 жылы Ходжент маңында қара қытайлардан 

жеңі ліске ұшырады. Ал 1141 жылдың 9 қыркүйегінде Қызыл-

құмда  толық  талқандалды.  Қара  қытайлар  сельжуктер  мен 

қараханидтер  əскерін  шілдің  қиынша  тоздырып  жіберді.  Бұл 

соғыста  мұсылмандар 30 мыңға  жуық  (мұсылман  тарихшы-

сы Ибн əль-Асирдің айтуынша 100 мың) адамынан өлідей ай-

рылды.  Санжар  мен  оның  боданы  əрі  одақтасы  Махмуд  жан 

сауғалап  Қорасанға  қашты.  Ал  сельжук  əміршісінің  намыс 

атаулыға  екінші  кезектегі  дүниедегі  қарайтын  інісі  Ибраһим 

Гөр ханның билігін таныды. Масқара болғанда Орта Азиядағы 

саяси  ахуал  қара  қытайлардың  пайдасына  шешілді.  Сұлтан 

Санжар Бағдатты билеп отырған жиені Масуд ибн Мұхаммед 

ибн  Мелик  шахқа (1133–1152 жж.)  еңірегендегі  етегі  жасқа 


69

тола  отырып,  жеңіліс  жайын  мəлімдеді.  Соған  қарағанда 

мұсылман қауымының мəжусилер мен христиан дар одағынан 

жеңілгенін Алдыңғы Азия елдерінің де есітуі əбден ықтимал. 

Қызылқұмдағы  қырғын  “найман  патшасы”  туралы  аңызға 

тарихи негіз болса керек. Атам заманында сүйегі қурап қалған 

сириялық мəшһүр дінбасының көзқарасымен қарасақ, мұсылман 

емес қара қытайлардың христиан-несториандармен тізе қосып, 

Мұхаммед  пайғамбар  үмбетіне  қарсы  соғысуында  діни  фана-

тизм  жатыр.  Өйткені  дəл  сол  кезеңде  Шығыс  Қазақстан  мен 

Батыс Монғолияны қоныстанған алашұбар жұрттың арасында 

христиан  діні  тарай  бастаған.  Əрі  аталмыш  өлкеде  бұл  діннің 

тарау қарқыны тым жылдам еді. 

“Исламның  қорғаны”  атанған,  Шығыс  христиандары  үшін 

барынша жексұрын көрінетін “сарациндерді”, əмбеге түсінікті 

тілмен  айтқанда  шығыс  адамдарын  кəпірлерден  қорғаушы 

есебінде есімі көпке аян сельжук Санжардың жеңілісі дін апи-

ыны  улаған  католиктің  санасына  қуаныш,  қуаныш  емес-ау – 

шат-шадыман шаттық ұялатты, сондықтан оның əсершілдіктің 

салдарынан  көкейкесті  тілегім  жүзеге  асты  деп  алдануы  да 

сөзсіз. Сондай-ақ, оның Иоанның қуатты мұсылман мемлекетін 

талқандауға  ниеттілігі  туралы  жаңсақтығы  көзге  ұрып  тұрған 

мəліметті  де  ет  қызуымен  рухтас  бауырларына  асыға  жеткізуі 

əбден мүмкін. Əзірге, сол кезеңде барша орталықазиялық тайпа-

лар арасында тек қана найман ұлысы билеушілерінің “уан”, “ай-

уаң”  немесе  “дай-уаң”  мəртебелі  атағына  лайықты  болғанын 

айта  тұралық.  Ал  осыдан  “иван”  немесе  “иоан”  сөзінің  тууы 

əбден мүмкін-ау...

Алайда,  белгісіз  сириялық  священниктің  Римдегі  хат  алма-

сушы  қандастары  да,  баварлық  хронист  те  Қосөзен  елшісіне, 

оны  айтпағанның  өзінде  Құдыс  шаһарына  жасалынған 

жорықты  қара  қытайларға  зорлап  таңған.  Қара  қытайлардың 

жиһангерлік  мақсаты  болмаған.  Бартольдше  айтқанда,  іргелес 

мұсылман  өлкелерін  бағындырумен  шектелген.  Əмударияның 

оң жағалауындағы Термездің жеңілген Санжар иелігінде қалуы 

да осыған дəлел. 



70

Осылайша, 1141 жылдан кейін Азияның екі қиырында өткен 

екі  оқиға  аңыздың  тууына  себеп  болды.  Дақпырт  аңыздың 

шыққан уақыты қалайда 1145 жылдан кейін болмақ емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет