Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Біз 1998 жылдан не күтеміз?

1991 жылдың тамызында ТЖМК (ГКЧП)-дан кейінгі қанды 

да қарбалас оқиғалардан соң жүрек қатты шайлыққан еді. Танк 

пен БТР-дың желтоқсандағы үні құлақтан кетпейтін. Ол кезде 



371

біз  “Азаттықтар”  қолымызға  көк  ту  ұстап,  азаттық  шақырып, 

көшеде  жүретінбіз.  Иншалла,  құдай  бар  екен,  сұрағанымыз 

келді. Міне, сонан бергі өткен 1 жылда 7 қазынаға жетіппіз. 

1.  Мəскеуден  тізгін  үздік. “Ойбай;  Мəскеуден  айырылсақ, 

арам қатамыз!” дегенді естіп едік. Бармыз, тіріміз. Алайда, жол 

соқтықпалы, соқпақсыз. 

2. 300 жылдық қорлық пен зорлықтан кейін мемлекетіміздің 

іргетасы  қаланып  жатыр.  Саяси  басқару  жүйесі,  Қарулы 

күштерімізді, шекара мен кеден шаруашылығын қайта құрдық. 

Теңгеміз  сыңғырлады,  астана  ауыстырдық. “Ойбай,  жеке 

мемлекет бола алмаймыз, өзімізді өзіміз билей алмаймыз, шəлі 

ерте” дегендердің үні өшті. 

3.  ТМД  құрдық.  КСРО-ға  қарағанда  əлсіз,  əлжуаз  екен. 

Онысы  Желтоқсанның  ащы  таяғы  тұщы  етімізге  тиген  біздей 

қорғансыз  ұлттарға  шапағатты  болды.  Цезарь  айтқандай 

“Ұрымның  ұлылығы  алуда  емес – беруде”  болса,  КСРО 

шіркіннің ұлылығы, керісінше, алуда еді ғой. 

4.  Əлемдік  қауымдастықпен  тереземіз  теңелді.  Ұлы 

державалар  қорғанысымызға  кепілдік  берді. “Ойбай,  анау 

басып алады!” дегендердің де үні өшті. 

5.  Орталық  Азиялық  Одақ  (ОАО)  құрдық.  Менімше,  бұл 

біржарым  мың  жыл  бұрын  болған  тұңғыш  мемлекетіміз  ұлы 

Түрік қағанатының, не ұлы Тұранның, ұлы Түркістанның XXI 

ғасырға жарасар жаңа үлгісі. 

6. Нарықтық қатынастарға көштік. “Базарың құтты болсын, 

ардақты елім!” дейміз. Басқадай жол жоқ, тарихта болмаған. 

7. Тіліміз дара мемлекеттік мəртебе алды. Тұсауы шешілді. 

Енді аяғымызды қалай аламыз өзімізге байланысты. 

“Көрген жоқпын!” деп, көзін, “естіген жоқпын!” деп құлағын, 

айтқан  жоқпын!”  деп,  аузын  басатындарға  айтарым:  осы 7 

қазынаға 70 жыл емес, 7 ғасыр қолы жетпегендер қаншама.  

Саясат саласында 1998 жыл 1997 жылдың жалғасы болмақ, 

ағалы-інілі  тетелес,  тізбектес  болғанмен 1998 жылдың 

тарихымызда өз орны болады. 

Екіні екіге қосып төрт алу мектеп баласына ғана жарасады. 

Бұл саясатқа жатпайды. Саясаттың мақсаты: жоқтан бар жасау, 


372

өтпей тұрған мүлікті қымбат өткізу, тіпті болмаған күнде екіні 

екіге  қосып  кез  келген  (кейде  аз,  кейде  көп)  сан  алу,  қайткен 

күнде  Қазақстанның  құмалағын  түгендеу  деп  білемін.  Осы 

тұрғыдан қарағанда, ел басшылары марқаю үстінде, бұрынғыдай 

жалпаңдау  мен  жалтаңдау  аз,  бодандықтың  “тұмауынан” 

біршама айығып қалды. Жақсы іс істесе де, жамандық істесе де 

қимыл-əрекеттерінде профессионализм бар, “əттеген-ай!” аз. 

Елімізде аса ірі өзгеріс болады дегенге сенбеймін. 

Құдай  өзгерістен  сақтағай.  Кадр  алмастыру  керек,  бірақ  ол 

жеке адамдарды “алып тастау”, “қоя қою” түрінде емес, кейінгі 

жаңа тұжырымға орай саяси шара түрінде өтеді деп ойлаймын. 

Қазіргі əлеуметтік, дағдарыстың ушыға түсуі ескі коммунистік 

“академияларды” бітірген “мамандардың” əлі де билік жүйесінде 

қалуы болып отыр. Демек, олардың жымысқы əрекетіне көпе-

көрнеу  өзіміз  жол  ашып  беріп,  жария  болған  қылмыстарын 

ортақтасып  жасыруға  мүмкіндік  туғызып  отырмыз.  Ал  бұл 

жаңадан  құрылып  жатқан  мемлекеттік  тіршілік  тынысына  аса 

қауіпті.  Шенеуніктердің  парақорлыққа  құныққаны  соншама, 

ол  өмір  сүру  тəсіліне  айналды.  Адал  шенеунік  шайқы  болып 

көрінетіндей.  Əлеуметтік  дағдарысты  революциялық  тəсілмен 

бұзып жарып, мұратқа жетуге болады деген маркстік-лениндік 

сандыққа сенер болсаң, мен сол төңкеріс жолын кадр саясатына 

қолдануды ұсынар едім. Кадрдың басты өлшемі – патриотизм, 

мемлекет ісіне адалдық, халықшылдық еді. 

Экономика  саласынан  іргелі  өзгеріс  күту  қиын.  Шынайы 

базар  шаруашылығы  жоспар  дегенді  білмейді,  бірақ 

базаршының  жолы  ашық,  аты  тағалаулы,  арбасы  майланған. 

Алайда,  прогресс,  алға  жылжу  болады.  Қыс  кірпігіне  қатқан 

қалын қырауды көріп, жаз отты, күз қырманды, мал қонды бола 

ма  деп  топшылаймын.  Демек,  елді  көшедегі  арандатуға  емес, 

еңбекке  шақырған  жөн.  Қазақстанды  Отаным  дейтін  азамат 

Қазақстанды  барында  ғана  сүйіп,  жоғыңды  тəркі  етпей,  түгел 

қабылдағаны парыз. Отанымыз анамыз секілді “Жаннат ананың 

алақанында емес, табанында” деген екен пайғамбарымыз. 

1998  жылы  қылмыс  жазалаушы  мекемелерді  кеңейткенге 

көнбей,  өрши  түседі.  Өйткені  қылмыс  жазалаушы  мен 


373

қылмыскер  ұйымдасқан  кəсіби  сипат  алып  отыр.  Қылмыс 

табыс  көзіне,  жан  сақтау  амалына,  өтем  құралына  айналды. 

Ауылда  мал  басының  күрт  кемуі  де  сонан.  Мал  бағу 

мүмкін  емес  –  ұрлық-қарлық  күшті.  Малшы  қарусыз.  Билік 

басындағылар  осының  амалын  табуы  тиіс.  Ауылда  қысқа 

сирақ, жоқ-жітік қалғаны рас. Көп ауыл қаңырап бос түр. 1998 

жылы олардың саны көбейе түспек. Капиталистік дəуірлеудің 

серігі – урбанизация,  ірі  қалаларға  шоғырлану  процесі  жүріп 

жатыр.  Дала  тұрғындары  жаппай  басып,  кентті  аймақтарға 

бас  сауғалауда.  Сауда-саттық  қазақтың  төл  ісіне,  ата  кəсібіне 

айналды. Урбанизация – ұлттанудың, ұлттық нығаюдың бірден 

бір шарты. Бұл тарихында кең өрісте сайрандаған халық үшін 

əрине, кері құбылыс. Сөйтсе де онан үрейленбеген жөн. Мұны 

барлық  алдыңғы  қатарлы  ұлттар XV–XX ғасырлар  арасында 

бастарынан  өткізген:  жанған,  күйген,  шала  өртенген,  бірақ  ел 

қатарына  қосылған.  Тарих  құзыры  солай.  Оған  көнбеген  запа 

шегеді. Басқадай жол жоқ. Өгіздің басына түскен күн, бұзаудың 

басына да түседі деген – осы. Бас сауғалағанның жаны қалмайды, 

жағаласқан ғана жеңіске жетпек. Неде болса, нар тəуекел керек. 

Алдағы  жыл  да  ұлтымызды  пысықтай,  ширата  түспек. “Өзіңе 

сен өзіңді алып шығар, ақылың қайратын мен екі жақтап” деген 

Абай  ақылын  базарлы  өмірдің  кодексіне  айналдырған  озады. 

Басымыздан  өтіп  жатқан  қазіргі  нəубеттің  өзекті  мəселесі  – 

жоқшылық  емес,  қабілетсіздік  болып  отыр.  Демек,  ауыл 

жастарына  бүгінгі  өндіріске  лайықты  қысқа  мерзімді  арнайы 

курстар ашып, мамандық беру, жеңіл де арзан баспаналармен 

қамтамасыз ету шаралары кезек күттірмейтін мəселелер тобына 

жатады.  Бұл  ең  əуелі  демографиялық  дəуірлеуіміздің  жолын 

ашар еді. Жұмыссыздықтың салдар-салмағы қазақ қабырғасын 

қайыстырып  тұр.  Осыны  ескеріп,  басқа  елдерден,  əсіресе 

Ресейден жұмыс күшін тасымалдауды дереу тию керек. Негізгі 

жұмыс  күшін  жергілікті  тұрғындардан  жабдықтауды  шетел 

фирмаларының мойнына заң күшімен арту керек. Мұндайдағы 

жалпақ шешейліктің астарында қылмыстық пиғыл жатады, бұл 

барып тұрған популизм, ел ісіне деген немкеттілік. 



374

Тіл  саясатында  да  елеулі  өзгеріс 2000 жылға  дейін  бола 

қоймас. Қазақ тілінің өзіміздің ұлт өкілдері арасында өгейсуін 

декреттік  шаралар  арқылы  тоқтатуға  əбден  болады.  Аты-

жөнімізді  қазақыландыруға  насихат  та,  ресми  бастамалар  да 

керек.  Сол  шара  билік  басындағылардан  басталса,  нəтижелі 

болар  еді.  Шетел  фирмаларының  атауларына  қазақша-

қосымша  балама  атаулар  берілгені  жөн.  Басқа  елдерде  солай. 

Елді  мекендердің  қазақшалануы  түбегейлене  түскені  де, 

кең  қанат  жайғаны  да  құптарлық.  Қайта  атау  барысында 

большевизмнің “Алғабас”, “Бесжылдық”, “Жаңа тұрмыс” деген 

сарқыншақтарынан  құтылып,  олардың  орнын  ежелгі  қазақы 

атаулармен алмастыратын кез келді. 

1998  жылғы  жұмыссыздықпен  күресу,  оған  мемлекет 

тарапынан нақты шаралар белгілеу жылы болмақ. Бұл шаралар 

əсіресе, “Ауылға  араша”  бағдарламасын  ретінде  жүргізілгені 

дұрыс.  Табиғи  қазба  байлықтарды  əсіресе,  көмірсутегі 

ресурстары талан-таражға түсіру саясаты əлі де жалғаса бермек 

сыңайлы.  Бірақ  “табиғи  ресурстарды  сатып  боламыз,  алға 

түсеміз,  бəйгеден  озамыз”  деген  саясатшы  əбден  қателеседі. 

Бұл  да  ұрлық-қарлықтың  бір  түрі.  Басқаның  мүлкін  ұрлап 

меншікке  айналдырғаны  ұры  емес,  нағыз  ұры  өз  ұрпағының 

ырыздығына қол сұққан болса керек-ау. 1998 жылдың тек Барыс 

емес, “Халықтар бірлігі мен ұлт тарихын зерделеу жылы” деген 

қосалқы  аты  бар.  Ұлттық  тарихымызда  еншісіз  қирап  қалған 

меншікті дəулетіміз көп-ақ. Солардың ең биік шыңында Тəңірі 

иеміз  тұр.  Қазақтың  тұңғыш,  кəсіби  философы  Шəкəрім  өз 

шығармаларын “ұмытылған” деген лақап атпен белгілейді екен. 

Тəңірі де сол “ұмытылған” ұлылардың көшбастар серкесі. 

Тəңірі – табиғатқа  табыну  емес.  Табиғатпен  кеңесу,  оның 

құдіретімен  есептесу,  қошаметтеу,  кереметіне  үңілу.  Тəңірі 

дін  емес – діл.  Қазақ  менталитетінің  ежелгі  өлшемі,  өзегі, 

атамызды ұл, анамызды қыз қылып тəрбие берген, баршамызды 

қазақ  етуші  рухани  бесік,  өмір  сүру  мектебі,  дүниені  қазақша 

көрудің,  қазақша  сезінудің,  ойлау  мен  пайымдаудың,  қазақша 

өсіп-өркендеудің,  бала-шаға  баулудың  табиғи  философиялық 

мектебі. 


375

Тарихи жылда ескерусіз қалған аруақтар да дұға дəметеді. 

Түркі  мемлекетінің  негізін  салушы,  иісі  “түрік”  атауын 

аспанмен теңестірген Қапаған қаған, Білге қаған, Жолды-тегін, 

Елтеріс  қаған,  Құл-тегін,  Істеми  қаған,  Қазақ  Ордасын  қан 

көшіп  жү ріп  тіккен  Жошы  ұрпақтары  аз-Жəнібек  пен  Керей 

хан, Мұрын дық пен Қасым, Есім мен əз-Тəуке, Салқам Жəңгір 

мен  Абы лай,  Кенесары  мен  Наурызбай  азат  ұрпақтарының 

жылы райы на зəру. 

1998 жыл, “ұлттық тарихи сана жылы” Тəңірі иеміздің, киелі 

аруақтарымыздың қазақ топырағына қайта оралу жылы болғай. 

“Барыс” табысты болғай!



Егемен Қазақстан. 1 қаңтар 1998 ж.

ЕРТЕГІЛЕР ƏЛЕМІНДЕ

Тоқылдақ 

(жұмбақ ертегі)

Құлан иектеніп атқан таң жапырағы селдір орманды алтын 

нұрға  малшындыра  бастады.  Айнала  мүлгіген  ұйқыда.  Тым-

тырыс.  Сəлден  соң  тау  арасынан  күн  де  сығалады.  Өзен 

жағасына  бой  түзеген  қалың  ағаш  үстінен  шыққан  Тоқылдақ 

үні меңіреу тау ішін жаңғырыққа бөлеп жіберді.

Тоқ, тоқ... тоқ, тоқ, тоқ...

Күн шықты, енді ұйқы жоқ, – 

деп тоқылдақ ұшар басы аспанмен тілдескен дəу самырсынның 

қабығын қаққылап жатты.

–  Таң  атпай  мазамды  алған  кім? – деді  самырсынның 

ұңғылынан шыққан үн.

– Тоқылдақпын. Сен кімсің?

– Тиінмін.

–  Тиін,  Тиін!  Жылдам  киін,  мойныңды  бұр,  орныңнан  тұр, 

тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ қақ!



376

– Қап, бəлем! – деп ашуға булыққан Тиін далаға шықты.

Тоқылдақ самырсыннан ұшып барып, қарағайға қонып, оны 

да  қаққылай  бастады: “Тоқ,  тоқ...  тоқ,  тоқ,  тоқ...  Күн  шықты, 

енді ұйқы жоқ”.

– Таң атпай ерігіп жүрген қайсың? – деді ағаш ішінен шыққан 

шаңқылдақ дауыс.

– Тоқ, тоқ... Тоқылдақ деген менмін. Өзің кім боларсың?

– Сусармын.

– Сусар, Сусар! Көлге жусар, ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, 

тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!

–  Қап,  бəлем! – деп  күрек  тістерін  ақситып,  Сусар  далаға 

шықты. Бірақ Тоқылдақ көрші шынардың бұтағын қаға бастады.

– Тоқ, тоқ... тоқ, тоқ, тоқ... Күн шықты, енді ұйқы жоқ!

– Əй, бұл қайсың таң атпай мазалаған?

– Тоқ, тоқ... Тоқылдақ деген мен болам. Өзің кімсің?

– Күзенмін.

– Күзен, Күзен! Суда жүзген! Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, 

тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!

–  Қап,  бəлем!  Мына  жағың  қарысқырдың  ызасы-ай! – 

деп    Күзен  далаға  шыққанша,  Тоқылдақ  шыршаның  қабығын 

қаққылай бастады.

– Тоқ, тоқ... тоқ, тоқ, тоқ... Күн шықты, енді ұйқы жоқ!

– Əй, дүрсілдеткен қайсың?

– Тоқ, тоқ... Тоқылдақ деген мен болам. Өзің кімсің?

– Кəмшатпын, Кəмшат!

– Кəмшат, Кəмшат, ала моншақ! Ұйқыңнан тұр, мойныңды 

бұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!

–  Қап,  бəлем! – деп  тісін  шақылдатқан  Кəмшат  далаға 

жүгіргенше,  Тоқылдақ теректің бұтағын қаққылай бастады.

– Тоқ, тоқ... тоқ, тоқ, тоқ... Күн шықты, енді ұйқы жоқ!

– Бұл кім екен? – деген дауыс теректің түп жағынан естілді.

– Тоқ, тоқ... Тоқылдақпын. Өзің кімсің?

– Менмін ғой. Қоян. 

– Қоян, Қоян, жылдам оян! Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, 

тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!



377

– Қап, бəлем! Жаңа ғана көзім ілініп еді, – деп Қоян інінен 

шыққанша, Тоқылдақ лып беріп еменге қонды.

– Тоқ, тоқ... тоқ, тоқ, тоқ... Күн шықты, енді ұйқы жоқ!

– Бұл кім тарсылдатқан? – гүріл еменнің түбінен естіледі. 

– Тоқ, тоқ... Тоқылдақпын.  Өзің кімсің?

– Мен бе? Мен Маймақ емеспін бе? 

–  Маймақ,  Маймақ!  Талтақ  аяқ,  ұйқыңнан  тұр,  мойныңды 

бұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидек тап, жаңғақ шақ!

– Əй, мына Тоқылдақ дұрыс айтады. Ұйқыға əлі ерте болар, – 

деп Маймақ аю апанынан шығып, шаруасына кірісті.  Тоқылдақ 

басқа ағашқа ұшып кетті.

– Балалар! Тоқылдаққа қай хайуанаттың ашуланғаны дұрыс 

та, қайсысынікі дұрыс емес?



* * * 

Шешуі: тиін мен аюдан басқа хайуанаттар күндіз ұйықтап, 

түнде тіршілік етеді. Аю күзде емес, қыста ұйықтайды.

Жыл он екі ай. 1989 ж.

Əнші ботақан

Көктемнің  мақпал  күні  тас  төбеде.  Тау  баурайының  көгі 

толысын,  шытыра  гүл  жарған.  Айнала  қып-қызыл.  Тау  етегін 

қуалай  аққан  бұлақтың  төменгі  сағасындағы  бөгеттен  құс 

қаңқылы еміс-еміс естіледі. Ауыл маңындағы жарлауыт өзекте 

ұсақ  төл  өрістейді.  Таналар  мен  бұзаулар,  жібек  жалын  жел 

желпіген  құлын  мен  тай,  тұқыл  мүйізді  қылтиған  қозы  мен 

лақ  арасында  мойны  сорайып,  боз  інген  жүр.  Інгеннің  ешкім 

білмейтін сыры бар. Табаны күректей 12 ай бойы буаз еді. Бүгін 

тал түсте боталады. Қос өркеші қаз мойын боз бота туды. Тура 

енесі секілді. Батпан табан, бауырсақ құлақ, бақан сирақ.

–  Бөөө – бөөө – бө! – деп,  бота  ащы  дауыспен  дүниеге 

жар  сала  келді.  Өрістегі  төлдер  құлақтарын  қайшылап, 


378

бір-біріне  қарап,  жамырасып  алысты.  Ботақанға  боз  інген 

жақындады:

–  Бөөө – бөө – бө!  Боз  дауысты  боздағым, – деп  мамасын 

тосты.

Ботақан енесінің бауырына кіріп, сары уызды сіміре бастады. 



Тояттаған ботақан қайта жатып еді, “Бөөө – бөө – бө!” – деп, 

боздан  оянды.  Ұйқы  сергітіп  тастаған  екен,  секіріп  аяғына 

тұрды.

– Дауысыңнан айналдым, ботам, – деді боз інген. – Ана өзің 



секілді кішкентайлармен амандасып, бой жазып ойнап қайтшы!

Ботақан  тайраңдай  басып,  бұзаулар  мен  таналарға  келді. 

Бұлар  бірімен  бірі  сүзісе  бастады.  Бота  аң-таң.  Сөйтсе,  бұл 

ойын “Кім күшті?” деп аталады екен.

– Бөөө – бөө – бө! Менің атым – Ботақан.

– Білеміз, білеміз, – деді шұрқырасып бұзаулар мен таналар.

– Кел, сүзісіп ойнайық!

– Мен сүзісе алмаймын.

– Онда не істей аласың?

–  Бөөө – бөө – бө! – деп,  ботақан  даусын  созды. – Боо – 

боздаймын! Өлең айтамын.

– “Бөө” деген де өлең бола ма екен? – деп, байбалам салды 

бұзаулар. – Міне,  былай  айту  керек. – Бұзаулар  қатар  тұра 

қалып: “Мөөө – мөөө – мө!” – деп мөңіреп қоя берді. 

Ботақан налып қалды да, құлыншақтарға қарай беттеді. 

Ботақан жақындағанда құлындар жарысқа түсті. Бота аң-таң. 

Сүйтсе, бұл ойынның аты “Кім жүйрік?” екен.

– Бөөө – бөө – бө! Менің атым – Бооо-тақан, деді, Ботақан 

мойнын созып.

– Кане, кеттік, жарысамыз! – деді құлындар ерсілі-қарсылы 

ойқастап.

– Мен жарыса алмаймын.

– Онда қолыңнан не келеді?

– Бөөө – бөө – бө! – Ботақан боздап қоя берді. – Өлең айтып, 

бооо – боздаймын! 


379

– И – гооо – гоо – го! Өлеңнің көкесі! “И – гооо – гоо – го”. 

Біліп қой! 

Ботақан бұларға да өкпелеп, қозы мен лақтарға беттеді. 

Қозы-лақ асыр салып, секіре бастады. Бота аң-таң. Бұл ойын 

“Кім биікке секіреді?” деп аталады екен.

– Бөөө – бөө – бө! Менің атым – Ботақан, – деді бота.

– Кел, секірейік, – деді шұрқырасты қозы-лақ.

– Мен секіре алмаймын.

– Онда не істей аласың?

–  Бөөө – бөө – бө! – деп,  ботақан  даусын 

созды.  –  Боо  – боз  – даймын! 

Қозы-лақ тұра қалып:

– Мə – əə – мəə – мə! – деп, қосыла дауыстады. Ботақанның 

қозы-лаққа ренжігені сонша, ұялы көздерінен жас домалап түсті. 

Осы кезде ботаның құлағы көлшіктен үйрек пен қаз қыңқылын 

шалды. 

Балапандар суға сүңги бастады. Ботақан таң қалды. Сөйтсе, 



ойындарының аты “Кім терең сүңги алады?” екен.

– Бөөө – бөө – бө! Менің атым – Ботақан, – деді əдетінше.

– Кел, сүңгиік!

– Мен сүңги алмаймын.

– Енді не істей аласың?

– Мен ба? Өлең айтамын. Бөөө – бөө – бө!

– Хааа – хаа – ха! – деп, қаңқылдады қаз бен үйректер. Сонан 

соң тізіліп алып: “Хааа – хаа – ха”-ға басты. 

Ботақан балапандарға да өкпеледі де, енесіне барып, шағым 

айтпақ болды. 

Боз  інген  мойнын  аспанға  созып,  ботасын  барлап  тұрған. 

Тайраңдап  барып,  сайрандап  қайтқан  ботақанының  алдын 

кес-кестеді:

– Тууу, өрісті əн кернеп кетті ғой, сенбісің? – деп сұрады.

–  Ия,  менмін! – деп  шаттанған  ботақан  сөз  аяғын  “Бөөө – 

бөө  – бө” – деп, əндетіп бітірді. 



380

Ботақан жасыл алқапқа көз қадады. Төлдердің шұрқыраған 

даусы  өріс  үстін  кернеді.  Əрқайсысы  өз  даусымен  шырқап, 

қалаған ойындарын ойнап жатты. Ботақан əр төлдің өзіне тəн 

үні бар екенін сонда ғана білді.

Жыл он екі ай. 1989 ж.

Сырлы шаңырақ

(Этнографиялық мысал-шəкуə)

Ойнақы,  ерке  қимылды  сөздермен  баяндалған  кішкентай 

оқиға  еліктіріп  əкетеді!  Сонымен  бірге  қанша  нəрсенің  атын 

біліп, түрін танитыныңды байқайсың ба?.. 

Философ-ұстаз  Сəбетқазы  Ақатаевтың  бұл  мысал-шəкуəсі 

естеріңде қалатыны анық. 

Мына

Мұржасы сорайған



Суретші бала

Тұран салған сырлы там. 

Бояуы мол болған соң

Аясын ба!

Əрі боясын да, бері боясын!

Сөйтіп,


Сырлы тамның астын оя

Жасаған шошалаға

Ырыс пен берекенің

суретін де толтырды да тастады,

... Қазы мен қарта,

Ірімшік пен торта,

Мая-мая жая,

Төбе-төбе тоқаш,

Саба-саба қымыз,


381

Қалта-қалта жеміс,

Қаймақ пен қатық,

Жент пен қоспа,

Жəшік-жəшік мейіз,

Шұжық пен құйрық,

Сөре-сөре сүрі,

Қарын-қарын май,

Бауырсақ, жарма,

Қуырма бидай,

Тары мен талқаны да бар ма?!

Əйтеуір,


Əбдіреге симай,

Астаудан асып,

Қанарды басып,

Қамбардан тасып,

Кебежені керіп,

Тегененің іші тұр

Сыртында да шашылып жатыр... 

Ал, мынау

Түгін тартсаң

Майы шыққан

Күлте Құйрық Тышқан. 

Суретші бала Тұран салған

Сырлы тамның мұржасынан түсіп,

Шошаладағы

Қазы мен қарта,

Ірімшік пен торта,

Мая-мая жая,

Төбе-төбе тоқаш,

Саба-саба қымыз,

Қалта-қалта жеміс,

Қаймақ пен қатық,

Жент пен қоспа,

Жəшік-жəшік мейіз,

Шұжық пен құйрық,



382

Сөре-сөре сүрі, 

Қарын-қарын май, 

Бауырсақ, жарма, 

Қуырма бидай,

Тары мен талқаны да бар ма?! 

Əйтеуір,

Əбдіреге симай,

Астаудан асып,

Қанарды басып,

Қамбардан тасып,

Кебежені керіп,

Тегененің іші тұр,

Сыртында да шашылып жатқан

Көл-көсір ырыстан,

Қараңғы бұрыштан

Жырақ кетпей қорып,

Еркін еміп,

Сөлін сорып,

Шырынын сіміріп,

Жалы өркештеніп,

Құлағы көрінбей,

Бөксе еті бөлектеніп,

Қол-аяғы жерге жетпей домалап,

Жатып қалған. 

Сір көзі ісік 

Мына отырған 

Ала Мысық!

Ол ісік көзін кысып, 

Суретші бала Тұран салған 

Сырлы тамның 

Сорайған мұржасынан түсіп, 

Шошаладағы 

Қазы мен қарта, 

Ірімшік пен торта, 

Мая-мая жая, 



383

Төбе-төбе тоқаш, 

Саба-саба қымыз, 

Қалта-қалта жеміс, 

Қаймақ пен қатық, 

Жент пен қоспа, 

Жəшік-жəшік мейіз, 

Шұжық пен құйрық, 

Сөре-сөре сүрі 

Қарын-қарын май,

Бауырсақ, жарма,

Қуырма бидай,

Тары мен талқаны да бар ма?!

Əйтеуір,


Əбдіреге симай,

Астаудан асып,

Қанарды басып,

Қамбардан тасып,

Кебежені керіп,

Тегененің іші тұр,

Сыртына да шашылып жатқан,

Көл-көсір ырыстан,

Қараңғы бұрыштан

Жырақ кетпей қорып,

Еркін еміп,

Сөлін сорып,

Шырынын сіміріп,

Жалы өркештеніп,

Құлағы көрінбей,

Бөксе еті бөлектеніп,

Қол-аяғы жерге жетпей,

Домалап жатып қалған

Күлте Құйрық Тышқанды

Аузына салып қысқан-ды!

Өз құйрығымен ойнап,

Мына отырған Жез Қарғылы Мойнақ!



384

Суретші бала Тұран салған

Қазы мен қарта,

Ірімшік пен торта,

Мая-мая жая,

Төбе-төбе тоқаш,

Саба-саба қымыз,

Қалта-қалта жеміс,

Қаймақ пен қатық,

Жент пен қоспа,

Жəшік-жəшік мейіз,

Шұжық пен құйрық,

Сөре-сөре сүрі,

Қарын-қарын май,

Бауырсақ, жарма,

Қуырма бидай,

Тары мен талқаны да бар ма?!

Əйтеуір,


Əбдіреге симай,

Астаудан асып,

Қанарды басып,

Қамбардан тасып,

Кебежені керіп,

Тегененің іші тұр,

Сыртына да шашылып жатқан

Көл-көсір ырыстан,

Қол-аяғы жерге жетпей

Домалап жатып қалған

Күлте Құйрық Тышқанның

Мойнын бұрап алған

Ісік көз Ала Мысықтың

Ізіне түсіп, қуып жүріп,

Пішен қораға апарып,

Қысыпты... 

Ал, мынау тұрған,

Сыңар мүйізін

Артына қайырып, бұрған


385

Тентек Теке!

Суретші бала Тұран салған

Қазы мен қарта,

Ірімшік пен торта... 

Мая-мая жая,

Төбе-төбе тоқаш, 

Саба-саба қымыз, 

Қалта-қалта жеміс, 

Қаймақ пен қатық

Жент пен қоспа, 

Жəшік-жəшік мейіз, 

Шұжық пен құйрық, 

Сөре-сөре сүрі, 

Қарын-қарын май, 

Бауырсақ, жарма, 

Қуырма бидай,

Тары мен талқаны да бар ма?!

Əйтеуір,

Əбдіреге симай,

Астаудан асып,

Қанарды басып,

Қамбардан тасып,

Кебежені керіп,

Тегененің іші тұр,

Сыртына да шашылып жатқан

Көл-көсір ырыстан

Қол-аяғы жерге жетпей

Домалап жатып қалған

Күлте Құйрық Тышқанның

Мойнын бұрап алған

Ісік көз Ала Мысықты

Ізіне түсіп, қуып жүріп,

Пішен қораға апарып қысқан

Жез Қарғылы Мойнақты

Сынық мүйізіне іліп алып,

Біраз “ойнатыпты”. 


386

“Қой!” дегенге қоймапты... 

Жез Қарғылы Мойнақ

Сынық Мүйіз Тентек Текені

“Аға!” деп, “Көке!” деп,

Көзінің жасын парлатты... 

Бірақ Сынық Мүйіз Теке болмапты!.. 

Жез Қарғылы Мойнақ үріпті!

Бұл тамашаға ауладағы хайуанат

Шек-сілесі қатқанша 

Күліпті!.. 

Ал, бақшадағы балалар 

Сынық Мүйіз Текені 

Қораға айдапты. 

Əзер дегенде 

Тентек Текеден 

Арашалапты өзіміздің 

Жез Қарғылы Мойнақты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет