Бәйдібек Баба- алып


ТҰНҒАТАРҰЛЫ РЫСБЕК – РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ



бет270/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   415

ТҰНҒАТАРҰЛЫ РЫСБЕК – РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ


1948 жылы Нарынқол ауданында өмірге келген. Жалаңаш қазақ орта мектебін 1966 жылы бітірді. 1966 жылы шаңғыдан мастерлікке кандидат нормасын орындады. 1967-1969 жылдарда Челябі қаласының ауыл шаруа-шылығын механикаландыру және электрлендіру институтының механика факультетінде оқыды, 1972 жылы институттың толық қурсын бітірді. 1972-1975 жылдарда су шаруашылығы минсстрлігінде механик, бөлімше бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді, 1976-1984 жылдарда Ет-сүт министрлігінде инженер, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары (транспорт жағынан), басқарма бастығы – автобазаның


бастығы болып қызмет атқарды. 1984-1991 жылдарда құрылыс мекемелерінде инженер, бас инженер, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 1991 жылдан осы уақытқа дейін "Сары - Құлан" АҚ төрағасы қызметінде.

Стамғазиев Рамазан – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген әртісі


1967 жылы 03.05. Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылы, Көкпияз елдімекенінде туған. 1974-84 жылы Шырғанақ орта мектебінде білім алған. 1984-1985 жылы Кеген ауданының орталығындағы музыка мектебінде, ән сабағынан дәріс берген. 1985- 1987 ж. КарССР. Карелия орталығы Петрозаводскде әскерлік борышын өтеген. 1987-89 жылдары Алматыдағы Эстрада – цирк студиясында, халық әртісі Қайрат Байбосыновтан сабақ алды. 1986 жылдан Қазақ концерт "Жазира" бірлестігінде әншілік қызмет атқарды.
1990 – 95 жылдары Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік университетінде оқып, жоғары білімді, музыка пәні мұғалімі мамандығын алды.
1992 жылы Семей қаласында өткен Әміре Қашаубаев атындағы III Республикалық Қазақтың әндерін орындаушылар байқауының, 1995 жылы Алматыда өткен, "Үкілі үміт" байқауының, 1997 жылы Самархант қаласында өткен халақаралық "Шығыс әуендері" фестивалінің лауреаты.
1998 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген әртіс атағын алды. Рамазан Стамғазиев халық әндері, халық композиторларының әндерін шебер орындаушы. Атақты Біржан, Сегіз сері Ақан, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Байғабылұлы Қапез, Нартай, Абай, Кенен, Қапиз, Шалтабай, Балуан Шолақ секілді халқымыздың мақтан ететін өнерпаздарының мұраларын шебер орындаушы. Ол Қазақ концерт бірлестігінде Ж.Елебеков атындағы эстрада – цирк колледжінде ұстаздық етеді. Президенттік "Ұлан" гвардиясында жеке әнші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет