Халық әндері
Халық әндері (folk music), ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. Халық әуенінің дамуының шынайы тарихын тек қана болжауға болады. Нотаға түскен халық әндері мен халық әуені мәдениетінің тарихының хроникасы өте сирек кездеседі, әдетте бұған немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қоғамдағы оның пайда болуы да беймәлім. Ортағасырдағы Еуропада тараған христиандық жай халықтық әуенді қаралау мен құртуға әрекет жасайды да, тілдік салт пен дәстүрмен оны байланыстырады. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа гуманистік көзқарас пайда болып, тұрпайы көрінетін ескі халық әуендерін, композиторлар өзінің шығармашылығына пайдаланып, халық әуеніне мейірбандылықпан қарайды. Мотет пен месс шығарғанда халық әуендерін жиі қолданған, ал наразылық білдіру гимнінің әуенін тікелей халық әуендерінен алған. 17 ғасырда халық әуендері бірте-бірте қоғамнан алшақтап, кейін 18 ғасырда музыка өнеріне деген қажеттілік қайтадан туындайды. 19 ғасырда халық әуендері «ұлттың игілігі» деп есептеліп, мәдени поэзия мен әндермен қатар тұрды. Ұлттық және діни коллекция ретінде шығарылып, халық әуені патриоттық идеологияны таратудың бір жолы деп есептелді. 1890 жылдан бастап оны жинаумен және механикалық құралдармен жазуды бастайды. Жарияланымдар мен жазбалар көпшіліктің қызығушылығын арттырып, халық әуендерін беру арқылы дәурені өткен сол ғасырдағы фольклорды және дәстүрлі әдет-ғұрыпты қайта тудыруға мүмкіншілік туады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бар әлемде халық әндерінің мұрағаты пайда болды. Әдетте зерттеушілер әлі қаланың танымал әндері мен хабар тарату құралдары әлі де болса көпшіліктің назарын аудармағандықтан «аутенттік» (өте ескі) материалдарды танып біледі, бұл жанр В.Гатри, П.Сигер, Д.Баез және Б.Дилан сияқты әннің авторларының өзіндік әуеніне дәстүрлі композициядағы қарапайымдылықты және қалпын сақтайды.
Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:
— тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар
әндері);
— еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);
— үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);
— ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет — ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
— жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
— нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);
— қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);
— сатиралы — юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
— тарихи әндер;
— әлеуметтік теңсіздік әңдері;
— эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
— айтыс әндері;
— лирикалық әндер.
Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.Казақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім — тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.Казақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісов Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жуйесіз енгізілді. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі «Камажай», тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі — «Елім-ай» алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннін шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Біздіңше, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірішпі синып окушыдары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым калды десек артық айтқандық болмас еді.деністерінен байқауға болады.
Қазіргі күні казақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тәуелсіздік алып, өз туын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда «Елім-ай» әнінің ыргағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасьш жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы «Елім-ай» атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстурлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поәтикалық тексі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |