Бәйдібек Баба- алып


БЕЛҒОЖАЕВ СТАҚАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕГІ СІҢІРГЕН ҚҰРЛЫСШЫ. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ



бет362/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   415

БЕЛҒОЖАЕВ СТАҚАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕГІ СІҢІРГЕН ҚҰРЛЫСШЫ. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ.




1936 жылы 10 мамырда Райымбек ауданы, / бұрынғы Кеген ауданы/ Ұзынбұлақ ауылында туған. 1943 жылы Жалаулы елдімекеніндегі Жалаулы бастауыш мектебінде білім алып, 1953 жылы Кеген, қазіргі Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Ұзынбұлақ совхозында механизатор болып, 1958 жыл Отан алдындағы борышын өтеп келісімен Алматы ауылшараушылық институтының су құрлысы және суландыру бөлеміне оқуға түседі. Кейінен бұл факультеттен жеке шаңырақ көтеріп, Жамбыл, қазіргі Тараз қаласынан Жамбыл су құрлысы және суландыру иституты болды. Осы жоғарғы оқу орнын үздік бағамен жоғары білімді маман деген құрметті атқа ие болды. Стақан жас маман есебінде Сібірдегі Братск су электор станциясында, Шардара шебер мастер, білгір прараб екенін көрсетті. Сол үшін Бүкіл Одандық Жастар сыйлығының лауреаты атағын алды. Туған елінің өсіп өркендесуін армандаған білікті инженер - құрлысшы Кеген аудандағы 336 совхозында Бас инженер, Кеген механизацияланған жылжымалы құрлыс басқармасын басқарды. 1967 жылы Қазақстан ауылдық құрылыс минстрлігі


қызметке шақырып Бас басқармадағы бас инженерлік жұмысты атқаруды міндеттеді. Республиканың барлық ауыл, селосында дүниеге келген жаңа жобалы мектеп, аурухана, мәдениет үйлері, жаңа типтік комплекстелген мал қорлары Стақан Белқожаұлының жобасымен өмірімізге енді. "Министрлікке қызмет атқарған үш жыл ішінде 100 астам ғимараттар мен құрлысобъектілерінің кілтін тапсыру бақытына ие болыппын " – дейді ол.
Үнемі іздену, кәсіби мамандығын жетілдіру мақсатында ғұмыр сүрген білікті инженер 1970 жылы Мәскеудегі Бүкіл Одақтық құрылыс академиясына оқуға түсіп конструктор – инженер құрылысшы мамандығын алған. 1969 жылдың Алматы облысының құрлыс жұмысын басқарды.Облыстық ауылшарушылық басқармасының құрлыс саласындағы орынбасары Күрделі құрлыс басқармасының директоры, "Алматыагропромстрой" бірлестігінің бастығы, "Алматы ауыл құрлысы" акционерлік қоғамының президенті сияқты өте жауапты қызметтер атқарып құрметті демалысқа шықты.
Бас құрлысшы әсем Алматы қаласының өркендеуіне өз үлесін қосты. Көрнекті қаланың ортасындағы сәулетті ғимараттар қаншама, соның бірі қазіргі Германия елшілігі отырған сәулет өнерінің жаңаша нақышына ұлттық өрнекпен үлес қосқан үй. Стақан Белқожаұлы әлденеше рет мемлекеттеріміздің құрмет, марапатына ие болған. Теңдігімізді алғаннан кейін өзі ұйымдастырған "Бірлік" құрлыс фирмасы заман талабына сай Республика талабына үлес қосып келеді. 1998ж. Қарқара жәрмеңкесінде қазақстанда тұңғыш рет азаттық туын көтеріп, батыр бабаларымызға ескерткіш қойылды. Бұл көтеріліс ұлы жазушы М.Әуезовтың дүние жүзіне әйегілі "Қилы заман" романы арқау болған. Қарақара жазығына қойылған заңғар ескерткішті осы әулеттің белгілі азаматтары өз қаржыларымен тұрғызды. Солардың бірі – Стақан Белқожаұлы. Белгілі құрлысшы Ұйғыр ауданындағы табиғат байлығын халық игілігіне жарату мақсатында Шипалы су санаторий жасап іске қосты. Туған халқын электор жарығымен қамтамасыз етуді азаматтық міндетім деп бағалайтын білімді, білікті құрлысшы Райымбек ауданынан Мойнақ электр станциясын салуды қолға алды. Бұл ең қуатты электор станциясы. Елі еңбегін жоғары бағалап Райымбек ауданының құрметті азаматы деген атақ берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет