Бейімбет Майлин Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин


Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады



бет2/2
Дата06.02.2023
өлшемі0,8 Mb.
#65545
түріОқулық
1   2
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады
Үкіметтің арнайы шақыруымен 1925 жылы жаңа астана — Қызылордаға келіп, республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болады, өмірінің ақырына дейін 1934 жылы құрылған Қазақстан жазушылар одағының басшылық құрамында больш, әдеби істі ұйымдастыру, жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай ат салысады. Жазудан жалықпайтын майталмен суреткердің ірілі-уақты талантты туындылары күн құрғатпай дерлік жарық көріп жатады. Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған "Мырқымбай" топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі "Шұғаның белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары, "Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. Даңқты замандастары Бейімбет шығармашылығын солай қабылдап, солай бағалады да. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б. Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан. Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин, I. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. 
Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, "Мырқымбай" топтамасында алтыаяқ үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, "Мырқымбай" топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді. Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет