Аталуы.Кейбір қышқылдардың тарихи қалыптасқан атаулары бар: HCl - тұз қышқылы, HF - балқытқыш қышқыл; Н2РO4 - сутектің ортофосфаты, ал Н2СO3 - сутектің карбонаты деп аталады.
Ал халықаралық номенклатура бойынша Н2РO4 тетраоксотригидрофосфат деп молекула құрамындағы атомдардың сандары грек сандарымен көрсетіліп аталады. Қышқылдарға сәйкес келетін оксидтерді қышқылдардың ангидридтері (сусыз қышқыл) деп атайды.
Алынуы.Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі бойынша алады:
H2+Cl2=2HCl
H2+S=H2S
Түзілген газдарды суда еріткенде қышқылдар алынады.
Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:
SО2+H2О=H2SО3 1.3. Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.
Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы, NaNO3 Na+1+NO31.
Тұздардың химиялық қасиеттері.Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген.