Байланысты: Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра
Жалпы логикалық әдістер. Индукция мен дедукцияның химияны оқытудың қазіргі кезеңдегі арақатынасын салыстырыңыз.
Логикалық әдіс — белгілі бір логикалық жүйеге келтірілген жаңа білімге жету тәсілдерінің жиынтығы. Логикалық әдіс туралы мәселе күрделі объектілерді теорияда талдау кезінде туындайды. Мұндай объектілерді теория жүзінде қайта жаңғырту үшін диалектикалық-логикалық әдіс қолданылады. Ол үшін оны неден бастау керектігін, яғни бастама мәселесін қарастыру қажет. Бастама ретінде зерттеліп отырған жүйенің ең қарапайым қатынасы, “торлы көзі” алынады. Мұны талдау кезінде оның қайшылықтары ашылып, оларды шешу жолдары сараланады. Диалектиканың категориялары мен принциптері осындай талдаудың жалпы қаңқасын анықтап береді. Диалектикалық-логикалық талдаудың бұл жолын абстрактіліктен нақтылыққа өту әдісі деп атайды.
Индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
Дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.
Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.