Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары



бет35/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

Негіздердің алынуы[өңдеу]


1. Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
2Li+2HOH=2LiOH+H2
Sr+2HOH=Sr(OH)2+H2
2. Белсенді металдардың оксидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
К2O+Н2O=2КOН
3. Ерімейтін және екідайлы негіздерді олардың ерімтал тұздарына сілті ерітіндісімен әсер ету арқылы алуға болады:
ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2↓+Na2SO4
Pb(NO3)2+2KOH=Pb(OH)2↓+2KNO3
4. Өндірісте ерімтал негіздерді олардың тұздарының ерітінділерін электролиздеу арқылы алады. Олай болса, негіздерге мынадай анықтама беруге болады:
Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоп (ОН) бар күрделі қосылыстар.
Гидроксотоп бір валентті болғандықтан негіз құрамындағы металдың валенттілігі қанша болса гидроксотоптың саны да сонша болады.
Негіздердің аталуы: Металл аталып оның валенттілігі жақша ішінде көрсетіліп гидроксиді деген сөз косылады:
Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.
NaOH—күйдіргіш натр; Са(ОН)2—сөндірілген әк.
Негіздердің жіктелуі

Қышқылдардың негізділігі түсінігіне негіздердің қышқылдылығы сәйкес келеді, ол гидроксотоптардың санымен анықталады, химиялық реакцияларда олар қышқыл қалдығына алмасады. Негіздердің калдықтарының валенттіліктері қышқыл қалдықтарына алмасқан гидроксил топтарының санымен анықталады.


40. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның дамуы және жалпылануын түсіндіріңіз.
Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт сыныпқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр сыныпқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Бұл тарауда бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі ұғым қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылады. Оның теориялық негізі-атом-молекулалық ілім. Бұл кезеңнің мақсаты-оқушыларды периодтық заң және периодтық жүйеге, атом құрылысы туралы теориялық материалдарды қабылдауға дайындау.
Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегі мен қышқыл қалдығы, бейметалл мен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.
Үшінші кезеңі электролиттік диссоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың құрылысы туралы электрондық тұрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады.
Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерінің тегіс қамтитын жалпы қасиеттері өте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыған және дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте ұстау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет