Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет160/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   273
Есептер мен жаттығулар.
Мысал 1.

Шығарылуы. Атомдардың электрондық конфигурациялары:

Cl 1s22s22p63s23p5; Mn 1s22s22p63s23p63d54s2

Хлордың валенттік электрондары - 3s23p5, ал марганецтікі - 3d54s2 болғандықтан бұл элементтер электрондық аналогтарға жатпайды, сондықтан бір топшада орналаса алмайды.

Осы элементтердің валенттік орбиталдарындағы электрон саны бірдей 7-ге тең болғандықтан, олар бір топта, бірақ әр түрлі топшаларда орналасады.

Мысал 2. Калий атомының иондану энергиясы 419 кДж/моль тең. Калийдің бір атомын иондандыруға қажет энергияны есептеңіз.



Шығарылуы. Зат мөлшері 1 моль калийде 6,02·1023 калий атомдары бар. Олай болса бір атомды иондандыруға қажет энергия:

(Көбінесе атомның иондану энергиясы электрон-вольтпен өлшенеді. 1Дж=0,624·1019 эв).

Е=6,96·10-19·0,624·1019=4,34 эв.
Мысал 3. Периодтық жүйенің бірінші тобында орналасқан элементтер үшін иондану энергиясының мәндері берілген: E(Li)=520, E(Cs)=375, E(Cu)=743, E(Au)=888 кДж/моль. Қай топшадағы элементтердің металдық қасиеттері басым, неге?

Шығарылуы. Иондану энергиясының мәні неғұрлым аз болса, электронның ядромен байланысы да соғұрлым нашарлап, атомның металдық қасиеті басым болады. Есептің берілгеніне қарап негізгі топшада орналасқан Li мен Cs металдық қасиеттері басым екендігін көруге болады. Бұдан шығатын қорытынды: бірінші топтың негізгі топшасының элементтері – осы топтың қосымша топша элементтерімен салыстырғанда активті металдар.

1. Төменде қандай элемент атомдарының электрондық формулалары берілген?

1) 1s22s22p63s23p63d34s2;

2) 1s22s22p63s23p63d104s24;

3) [Kr] 4d15s2.

2. Иондардың электрондық формулаларын жазыңыз:

1) Cl-; 2) Rb+; 3) S2-; 4) Mn2+.

3. Хром атомының электрондық формуласын жазып, валенттік орбитальдарының графиктік схемасын көрсетіңіз. Хром қосылыстарында +6 тең оң тотығу дәрежесін көрсететін қалай түсіндіресіз?

4. Берілген элемент атомдарының электрон бұлттарының суреттерін салыңыз: а) Li; ә) Be; б) B; в) C; г) N; д) О; е) Cr; ж) Mn.

5. Периодтық жүйенің бесінші тобында орналасқан элементтердің электрондық аналогтарын атаңыз. Осы элементтердің валенттік орбитальдарының электрондық формулаларын жазыңыз.

6. d-орбитальдары толық (3d10, 4d10, 5d10) 4, 5, 6 периодтарда орналасқан элементтерді атаңыз. Осы элемент атомдарының электрондық формулаларын жазып, периодын, тобын, топшасын көрсетіңіз.

7. Атомдардың электрондық формуласына қарап

1) [Ar] 3d34s2; 2) [Ar] 3d104s24p3.

элементті атаңыз. Осы элементтердің негізгі химиялық қасиеттерін жазып көрсетіңіз.

8. Неге сутек элементі периодтық жүйенің екі тобында орналасқан?

9. Сыртқы қабатында бір ғана электроны бар цезий және алтын атомдарының иондану энергиясы E(Cs)=375, E(Au)=888 кДж/моль. Иондану энергияларындағы бірталай айырмашылықты қалай түсіндіре аласыз?

10. Магний атомынан біртіндеп электрондар жұлынып шыққандағы иондану энергиясы: E1=733, E2=1447 және E3=7718 кДж/моль. Үшінші электрон жұлынып шыққандағы иондану энергиясының шамасы неге өте үлкен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет