«бекітемін» Мектеп директоры: Д. С. Жайсанбаева


Тәрбие жұмысын ON-LINE-форматта ұйымдастыру ұсынылады



бет10/20
Дата04.11.2022
өлшемі139,17 Kb.
#47398
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Тәрбие жұмысын ON-LINE-форматта ұйымдастыру ұсынылады.
1- мазмұн.  Онлайн көрмелер:
- «Оқуға кеңес береміз». Мектеп сайтына аудиокітаптарды орналастыру. Нысаны – қорытынды бойынша талқылау, кітаптардың сүйікті беттеріне иллюстрациялар, «Осы кітапты оқудың 3 себебі» кеңесі және т.б.;
- Жас суретшілердің «Дүниежүзілік мұра объектілері» көрмесі. Нысаны – Қазақстандағы үш нысанды салу: Тамғалы петроглифтері, Х.А. Яссауи кесенесі, Батыс Тянь-Шань табиғи объектісі. (Объектілер Қазақстанның 100 киелі жерлерінің тізімінен анықталады). Суреттерді мектептің Instagram парақшасында жариялау.
2 - мазмұн. Виртуалды экскурсиялар:
- біздің Отанымыз – Қазақстан рәміздері бойынша: Маңғыстау қорымы-Сисем-Ата-батырлар пантеоны, Шопан-Ата жерасты мешіті, Бекет-ата мешіті, Ахмет Яссауи кесенесі, Абайдың әдеби-мемориалдық үй-мұражайы және басқа да аймақтық қорықтық, тарихи орындар, киелі жерлер бойынша виртуалды тур () kazmuseum.com/ru/zaly.html, http://yqlasmusmuseum.kz/ http://www.gmirk.kz/; https://qazexpocongress.kz/; https://nur-sultan3d.kz.
- әлемдік онлайн мұражайларға/бейнеспектакльдер/балеттер/опералар: Эрмитаж, Ван Гог Амстердам мұражайы, Третьяков галереясы, Өнер тарихы мұражайы, Уффизидің цифрлық мұрағаттары, Лувр, Мемлекеттік мұражай (Санкт-Петербург), Британ мұражайы, ресми YouTube каналындағы мұражай мен экспозицияларға виртуалды экскурсиялар, Прадо, 11 мыңнан астам туындының фото-суреттері, суретшілерді іздеу (алфавиттік көрсеткішпен) және тақырыптық іздеу, Метрополитен мұражайы, Нью-Йорк, Сальвадор Дали мұражайы, Нью-Йорк Metropolitan Opera, Вена операсы, Үлкен театр және т.б. Нысаны: слайд-есеп, презентация және т. б. ( http://journal-shkolniku.ru/virtual-ekskursii.html);
3 - мазмұн. Салауатты өмір салты бойынша онлайн-ағарту (СӨС):
- «Желілік қала», вайберде немесе басқа мессенджерде топ құру арқылы. Салауатты өмір салтын насихаттау формалары – онлайн-викториналар, веб- квесттер – «Флэшмоб» веб-квесті, Денсаулық күніне арналған веб-квест, «Денсаулық қазынасын іздеуде» квест-ойыны, «Дұрыс тамақтану» квест-ойыны және т.б.
4 - мазмұн. Киносүйер қауымға арналған кинозал:
- қазақстандық режиссерлердің танымдық фильмдері (https://ru.wikipedia.org/wiki/ «Қазақфильм» студиясы фильмдерінің тізімі);
- бағдарламаға «Біздің заманымыздың батыры», Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа», «Аңшы бала», «Сергей Есенин», Одиссей, «Язаон және аргонавтар», Р. Стивенсон «Қазына аралы», В. Скотт «Айвенго», Р. Стивенсон «Қара жебе», Жюль Верн «Он бес жасар капитан», А. Линдгрен «Ленебергтің Эмилі», ағайынды Гримм ертегілері бойынша фильмдер және т.б. кіреді.
https://gunfighterar.wixsite.com/mysite-1/blank-5;
https://www.film.ru/articles/ot-moskvy-do-berlina?page=show);
5 - мазмұн.«Сынып қонағымен бір сағат» онлайн-платформасы:
- қазақстандық танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен, кәсіпкерлермен, актерлермен, еріктілермен, журналистермен, стилистермен тікелей эфирде кездесулер.
6 - мазмұн. «VISION» онлайн өзін-өзі басқару аумағы:
- мектеп өміріндегі оқиғалар туралы;
- оқушылардың өздері ұсынатын түрлі байқаулар, жобалар, фотофлешмобтар, акциялар.


  • Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық әдістемелік материалдар мына сайттарда орналастырылған: https://www.nao.kz («Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар»), https://iite.unesco.org/ru/ («Жарияланымдар» бөлімі).

Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында балалардың қатысуымен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет