Қонаев мұражайы Қазақстандағы ең көп адамдар келетін мұражайлардың бірі



Дата28.11.2022
өлшемі15,39 Kb.
#53281

Қонаев мұражайы
Қазақстандағы ең көп адамдар келетін мұражайлардың бірі,
Алматыдағы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев мұражайы десем қателеспеспін. Себебі, өзінің қарапайымдылығымен әр дайым көзге түсіп, халықпен санасу арқылы тек біліктілігін көрсете білген ХАЛЫҚ адамын білмейтін адам жоқ шығар. Сол сияқты бізде өз таримызды біле отырып, атамыздың тарихымен танысуға мұражайға бардық.
Мұражайдың мақсаты мен міндеті – Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың естелігін мұқият сақтау және келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Мұражай көрнекті мемлекет қайраткерінің өміріне қатысты түпнұсқа құжаттарға, материалдарға, жеке заттарға негізделген. Мұражайда Д.А.Қонаевтың туғанынан қайтыс болғанға дейінгі Қазақстан тарихының тұтас бір кезеңін баяндайды. Мұражай қызметкерлері Қонаевтың өмірі мен шығармашылығының тарихи мұрасын зерделеу мен насихаттауды жүйелеу бағытында бізге керемет әсер қалдыра алды десем қателеспеймін. Осы мұражайда ең бастысы Қонаев атамыздың тарихи мұрасын сақтау және зерттеу, сонымен қатар мәдени-ағарту жұмыстарын көріп қана қоймай, өзіме керемет әсер ала отырып, өзіме жеке зерттеу жұмыстарын қолға ала бастадым.
Мұражай екі көрме залынан тұрады. Бірінші залда балалық және студенттік жылдарды қамтитын материалдар мен Дінмұхамед Ахмедұлының еңбек жолының басталуына байланысты құжаттар бар. Екінші залдың жәдігерлері оның саясаткер, ғалым және ірі мемлекет қайраткері ретінде сыр шертеді.
Мені таңқалдырғаны бұл мұражайдың Дінмұхамед атамыздың өзі тұрғаны. Яғни, 1969 жылы КСРО-ның басшысы Л.Брежнев Алматы қаласынан ерекше зәулім үй тұрғызған. Мұндай архитектурамен салыңған кеңес өкіметі кезінде 2 ақ үй болған. Біреуі Мәскеуде, екіншісі осы үй, қазіргі мұражай. Қызығы осы 9 пәтерлі үйді Брежнев толықтай Дінмұхамед Ахмедұлына береді. Ал, Дінмұхамед Қонаев 1 бөлмесін ғана өзіне алып, қалған бөлмелерін қызметкерлер мен жолдас-достарына бөліп берген. Бұндай жомарттылық ешкімнің қолынан келе бермейтін іс.
Пәтер қонақ бөлмеден, жатын бөлмеден, ас үйден және Д.А.Қонаевтың жеке кабинетінен тұрады. Мысалы, жеке кабинет кітапханасында әлемдік, орыс әдебиеті, кеңес өкіметі және қазақ әдебиетінің бес мыңнан астам томы бар. Өнер туралы альбомдар, қазақ, кеңестік, әлемдік музыкалық орындаушылардың жазбалары бар пластинкалардың саны да таң қалдырады. Қонаевтың пәтеріндегі жазбалар арасында Владимир Высоцкийдің, Майкл Джексонның, Beatles тобының және басқа да заманауи әртістердің альбомын табуға болатыны қызық. Мұсылмандар үшін қасиетті Құран кітаптарының саны да таң қалдырады.
Мұражайға келуші қонақтар Д.А.Қонаевқа Қазақстанның тұрғындары, әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті саясат, еңбек, мәдениет, ғылым қайраткерлері сыйға тартқан көптеген кәдесыйлар мен басқа да бағалы сыйлықтарды көріп, таныса алады. Ең бағалы сыйлықтардың қатарында Н.Ә.Назарбаевқа оның туған күніне орай сыйға тартылған Д.А.Қонаевтың аты бас әріптері бар қанжар, АҚШ-тың 34-ші президенті Д.Эйзенхауэр ұсынған төс белгі, КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Л.И.Брежневтің, Үндістан Премьер-Министрі Индира Гандидің, бұрынғы одақтас республикалардың басшыларының, КОКП ОК Саяси бюросының мүшелерінің құрмет белгісі ретінде сыйға тартқан басқа да заттары. Кеңес Одағының партиясы. Қонаевтың ата-анасы мен әйеліне деген ілтипатпен қарым-қатынасын мұражайда болған келушінің кеңсесі мен қонақ бөлмесіндегі фотосуреттерінен, портреттерінен сезетіні сөзсіз.
Осылайша өте керемет тарихты біліп қана қоймай, дәйеккөздер арқылы жақсы мағлұматтармен таныстым. Әсерлі, әрі есте қалатындай тамаша көңіл күй алдым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет