Белоктар. Белоктар классификациясы Дәріс Белоктар



бет2/3
Дата19.10.2022
өлшемі0,73 Mb.
#44267
түріҚұрамы
1   2   3
7. Резервті. Белоктарды өсіп келе жатырған организмнің тамақтануы үшін қор материалы ретінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл белоктарға жататындар: нанды дақылдардың белоктары – проламиндер мен глютелиндер; ұрықтың дамуына қолданатын жұмыртқа белогы – альбумин; сүтқоректілердің төлдерін қоректендіру үшін пайдаланылатын – ана сүтінің казеині.
Барлық белоктар қарапайым және күрделi болып бөлiнедi. Қарапайым белоктар: альбумин, глобулин, глютелин. Альбумин, глобулин қан сары суының, сүт, жұмыртқаның негiзгi белогын құраса, глютелин өсiмдiк белогына жатады.
Күрделi белоктар: нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, липопротеидтер, фосфопро теидтер. Ең маңыздысы спецификалық белоктар, мысалы глобин эритроцит гемоглобинiнiң құрамына кiрiп, организмнiң тыныс алуын жүзеге асырады. Миозин мен актин бұлшық ет жиырылуын қамтамасыз етсе, гамма-глобулин антидене түзiп, организмдi инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан қорғайды. Организмнің белокқа қажеттілігін анықтау үшін, азоттық балансты анықтайды.
Тиімді толыққұнды тамақтанатын дені сау адамда азоттық тепе-теңдік қадағаланады. Жас өсіп келе жатқан организмде белок массасының организмге жиналуы, күн санап гормондар мен ферменттердің т.б. түзілуінен организмде пластикалық процестер басым жүреді. Осы себептерден оң азоттық баланс туындауы мүмкін.
Белок молекулаларының негiзгi құрамдық, құрылымдық компоненттерi амин қышқылдарынан тұрады. Белоктың тағамдық құндылығы құрамындағы кейбiр амин қышқылдарының сандық және сапалық қатынасына байланысты.
80-ге жуық амин қышқылдарының iшiнде тамақтану ғылымында организмде түзiле алатын алмастырылатын амин қышқылдарының саны-12, адам бойында түзiлмейтiн алмастырылмайтын амин қышқылдары: валин, метионин, триптофан, треонин, фениаланин, лизин, лицин, изолейцин, ал жас балалар үшiн гистидин мен цистеинқосылады. Академик Уголев А.М. айтуынша алмастырылмайтын амин қышқылдары витамин мен басқа биологиялық белсендi заттар тәрiздi организмдегi алмасу процестерiн реттеушi, ас қорыту жолындағы кей микрофлорамен аз мөлшерде түзiледi екен. Барлық амин қышқылдары қандай да бiр биологиялық белсендi заттардың iзашары, олар заттек алмасуға қажеттi гормондар мен ферменттердiң құрамына кiредi.
Егер азық құрамында 8 аминқышқылы толығымен түгел кездессе, азық белогы құнды белокқа жатады. Ал 1-2 амин қышқылдары жетiспесе құнсыз белок қатарына қосылады. Жануар тектi азықтар iшiнде

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет