Көрсеткіштері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ойық жарадан қан кету.
Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, залалсыздандырылған ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, сульфат барий жүзгіні (100-150 гр), қолғап, жолдама бланкілері (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін,) зарарсыздандыру ерітіндісі, судно.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).
Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.
Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.
Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.
Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
142. Науқасты ирригоскопияға дайындау
Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Көрсеткіштері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Құрал-жабдықтар: Эсмарх крушкасы, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы су, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, қолғап, судно, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, барий сульфаты жүзгіні (1,5 л, t36-370С), шылапшын, лоток, сүрткілер, су термометрі, алжапқыш, фортранс, адсорбенттер, ферментті дәрілер, жолдама бланкасы (зерттеу әдісінің атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).
Достарыңызбен бөлісу: |