Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету



бет140/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

149. Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету


Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Құрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфетка, стакан, қақпағы бар таза құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрігерді шақырыңыз.

  2. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).

  5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

  6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.

  7. Әрбір құсқаннан кейін, науқастың ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.

  8. Қолғапты, салфетка, сүлгілерді ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  9. Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы


150. Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
іс-әрекет алгоритмі

Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінін сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.


Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – қан айналымы жоқ жағдайда толық өттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет