Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет6/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

3.Қолды антисептикпен тазарту


Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқасқа және медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: иньекция, операция, катетерлеу жасар алдында.
Қарсы көрсеткіштері: қолда және денеде іріндердің, теріде сызаттың және жарақаттың, тері ауруларының болуы.
Құрал-жабдықтар: тері антисептик немесе 70% этил спитр, залалсыздандырылған мақта шариктері, қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (ҚЖКЖК)


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

  2. Қолыңызды спиртпен ылғалдандырылған мақта шариктерімен тазартыңыз: тырнақ ұясын, тырнақ жастықшаларын айналмалы қозғалыспен, саусақтардың ішкі беттерін жоғарыдан төмен қарай қимылмен, сосын қолдың алақан бөлігін.

  3. Қолданылған мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.


  1. Залалсыздандырылған қолғапты кию



Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

  • Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

  • Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Көрсеткіштері: инвазивті емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет