1.3 Оптикалы талшықты байланыс кабельдері.
Оптикалы талшық деп оптикалық сәулені таратуға арналған екі қабат !йнектен жасалған жіпті атайды. Информациялық хабар одан электрлік сигнал оптикалық сәулеге айналдырылып, сол оптикалық талшық бойымен таратылады. Оптикалы талшықты кабельді жасағанда оның мынадай сипаттамалары ескеріледі: өшулігі, жиілік ауқымы, талшық саны, сандық апертурасы, иілу радиусы, механикалық жүктемесі т. б. [3-8] Бұл сипаттамалар бірімін бірі байланысты және мыналардай біріншілік параметрлерімен анықталады: өзекше мен қабықшаның сәулені сындыру коэффициенттері, өзекше диаметрі, қабықша қалыңдығы, өзекше мен қабықшадағы шығындар және өзекше мен қабықшаның шектеріндегі бір текті еместігі: талшықтардың иілгіштігі, өзекше мен қабықшаның орталық нүктелерінің ауысуы.Оптикалық талшықты кабельдердің физика-механикалық қасиеттері көбінесе онда қолданылатын әйнектің сапасына және талшықтың созылып жасалу әдісіне байланысты болады.Оптикалы талшықты кабельді жасағанда ондағы талшықтың механикалық жүктемелерге және қоршаған ортаның әсеріне сезімталдығын ескеру керек. Сондықтан оптикалық талшықты кабельдерді жасағанда мынадай талаптар қойылады:
1.кабельдің иілгіштігі мен созылғыштығын азайтып, мықтылығын арттыратын құрам қосу;
2.әр түрлі механикалық әсерлерге тап болған жағдайларда да оптикалы талшықтың орналасу тұрақтылығын сақтау;
3.механикалық және атмосфералық әсерлерден қорғанулығы;
4.талшықтарды қосып-жалғау жұмыстарын оңайлату.
Осы қойылған талаптарды орындау үшін оптикалы талшықты кабельдерді жасағанда олардың құрамына күшейткіш элемент қосады, оның тұрақты орнықтылығын арттыру үшін тежегіш (армирующий) заттармен толтырылады. Сыртқы меаникалық әсерлерді азайтқыш шаралар жасап және дымқыл өткізбеу амалдарын жасайды. Оптикалы кабельдерді жасағанда осылар ескеріледі. [16]
Оптикалы талшық. Оптикалы талшықтың екі түрі болады: бірі біртұтас талшық, екіншісі көп талшықты (1.1-сурет).
Бір тұтас Көп талшықты
1.1-сурет
Көп талшықтының иілгіштігі және көп қайтара майыстырғанға мықтылығы жоғары болады. Бірақ ол ауырлау және қымбаттырақ болады. Жиілік ауқымы да аздау болады. Сондықтан көп талшықты кабель иілгіштік пен майысу қасиеті жақсы болуын талап ететін жылжымалы құрылғыларда ғана пайдаланылады.
Талшықтың сыртқы ғабығы. Екі қабат әйнектен жасалған талшықты механикалық және атмосфералық әсерлерден қорғануын күшейту үшін оны пластмассалық қабықпен қаптайды. Ондай қаптаудың екі түрі болады: кептелу және түтікше (1.2-сурет)
Кептелген Түтікше
1.2.-сурет
Түтікше қабықшаның ішіне бос салынған талшық сыртқы механикалық әсерлерден жақсырақ қорғалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |