Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


-деңгей: жалпы тақырыпқа қатысты мақсаттар



Pdf көрінісі
бет59/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
3-деңгей: жалпы тақырыпқа қатысты мақсаттар: 

• Математика  пәні  бойынша  жаңа  міндеттерді  шешу  үшін  өз  білімдерін  белсенді 

қолдану. 

• Ғылыми  дағдыларды  дамыту,  мысалы,  бес  сезім  мүшесін  пайдалану, 

қорытындыларды растау үшін дәлелдемелерді пайдалану. 

4-деңгей: оқушыларды ұзақ мерзімді дамыту мақсаттары: 

• Оқушы ретінде бастама жасау. 

• Ынта-жігермен оқыту. 

• Достықты құрметтеу. 

• Басқалармен бірлескен жұмыс. 

Сондай-ақ,  егер  Сабақты  зерттеу  тобы  қандай-да  бір  пән  бойынша  құрылмаса,  осы 

кезеңде олар зерттеу жүргізілетін пән саласын таңдайды. Зерттеу сабағының тақырыбын 

анықтай  отырып,  зерттеу  тобы  зерттеу  сабағының  негізі  болып  табылатын  бөлім  мен 

тақырыпты  анықтайды.  Сабақтың  мақсаты  мен  зерттеу  мақсатын  белгілейді.  Зерттеу 

мақсатын  белгілемей  тұрып,  зерттеу  тобы  "Біз  осы  зерттеуден  не  күтеміз?»  деген  сұрақ 

қояды.  Егер  не  істеу  керек  екендігі,  осы  мақсатқа  жету  үшін  қандай  шаралар  қолдану 

керек  екендігі  түсініксіз  болса,  мақсатты  қайта  қарап,  нақтылау  қажет  болуы  мүмкін. 

Оқытушылар  өздерін  толғандыратын  сұрақтарды  таңдайды.  Зерттеу  тобы  бұл  мәселеге 

көп  уақыт  бөлуі  керек.  Сондықтан,  бұл  шынымен  қызықтыратын,  тереңірек  біліп, 

үйренгіңіз келетін сұрақ болса, дұрысырақ болады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет