Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет62/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
 

11-сурет. Оқытуды басқару жоспарының үш шоғырланған шеңбері 

 

Сабақты зерттеу тобы бірлесіп зерттеу сабағын жоспарлайды. Бұл сабақтың әдеттегі 



сабақтан бірнеше айырмашылығы бар. Мысалы, бұл сабақта, әдеттегі сабаққа  қарағанда, 

оқушылар  қол  жеткізетін  нәтиже  түріндегі  мақсат  бар.  Ал  Сабақты  зерттеу  барысында, 




51 

 

Сабақты зерттеу 



оқытушыны бағалауға 

емес, оқушының ойлау 

мен оқуын зерттеуге 

арналған (Lewis, 2011) 

сабақ  мақсатымен  бірге,  зерттеу  тобы  осы  шараның  нәтижесінде  анықтауға  тырысқан 

зерттеу  мақсаты  бар,  яғни  оқытушылар  осы  зерттеуден  қандай  сабақ  алатындығын 

көрсететін  зерттеу  жоспары  бар.  Мүмкіндігінше  егжей-тегжейлі  әзірленген  бір  сабаққа 

арналған  жоспармен  (Сабақты  зерттеу)  бірге,  зерттеу  жоспарының  құрамына  сабақтың 

тақырыбына  қатысты  бөлімге  шолу,  бөлімнің  қалай  жасалғанын  және  сабақты  зерттеуді 

негіздеу, сондай-ақ осы сабақта зерттеу тақырыбы қалай қаралғанын, сабақтың мақсатына 

қалай  қол  жеткізілгенін  нақты  түсіндіру  кіреді.  Жоспарда  осы  сабақта  орындалатын 

жаттығулар,  көтерілген  мәселелер,  қойылған  сұрақтар,  осы  шаралар  бойынша 

оқушылардан  күтілетін  әрекеттер  болжанады,  оқытушы  оларға  қалай  жауап  беруді 

жоспарлағанын көрсетуі керек. Бұл құжаттың үлгісі кәсіби даму курсында қарастырылады 

және талданады.  

Сабақты  жоспарлау  барысында  зерттеу  тобының  мүшелері  төмендегі  мәселелерді 

назарға алуы тиіс: 

• Қазіргі уақытта оқушылар осы тақырып бойынша не біледі? 

• Осы бөлімді өткеннен кейін олардың не үйренетінін және не түсінетінін қалаймыз? 

• Оқушыларға  бір  тараудан  екінші  тарауға  ауысуға  көмектесетін  дәйекті  сабақтар 

тізбегі қандай болуы керек? 

• Әр тақырыпты және әр сабақты қалай әсерлі және қызықты етуге болады?  

• Сабақты зерттеу үшін осы тақырып арасында қандай сабақ таңдалады? 

• Оқушылар  осы  сабақты  бастамас  бұрын  не  білуі  керек,  яғни  осы  сабақ  алдында 

олардың білімі қандай болуы керек? 

• Осы сабақ барысында оқушылар нені үйренеді? 

• Осыған үйрену үшін оқушылар қандай жаттығулар жасауы керек?  

• Оқушылар  жаттығуларды  қалай  орындайды  және  сұрақтарға  қалай  жауап  береді 

(болжау)? 

• Қандай  проблемалар  туындауы  мүмкін,  қандай 

түсініспеушіліктер  пайда  болуы  мүмкін  және  оқытушылар 

оларды қалай шеше алады? 

• Оқушылардың  білімді,  дағдыларды  игеруі,  олардың 

құлшынысы  мен  мінез-құлқы  туралы  қандай  мәліметтер  жинау 

керек,  оларды  қалай  талқылау  керек?  Ол  үшін  деректерді 

жинаудың қандай әдістерін қолдануға болады? 

Сабақты  зерттеуді  жоспарлау  кезінде  ескерілетін 

маңызды  нәрсе  –  оқушылардың  жаттығуларды  қалай 

қабылдайтынын  және  қалай  орындайтынын  болжау.  Бұл  ретте,  осыдан  бұрын 

оқушылардың берілген тақырып бойынша не білгенін және қандай қате білім қалыптасуы 

мүмкін  екенін  ескеру  қажет.  Қандай  мұқият  тұжырымдалған  сұрақтар  мен  жаттығулар 

оқушылардың ойлау процесін дамытуға көмектесетіні туралы ойлану керек. Зерттеу тобы, 

жоспарлау  кезінде  кейбір  жаттығуларды  әзірлей  отырып,  одан  әрі  оқушының  сабақ 

барысында  осы  жаттығуларды  қалай  орындайтынын  қарастырып,  оқушының  санасында 

болып  жатқан  ойлау  процесі  туралы  білімді  толықтырады.  Сондай-ақ,  сабақ  алдында 

оқытушыларға осы жаттығуларды өздері орындауға тырысып, оқушылар бұл тапсырманы 

қандай жолдармен шеше алатынын көру орынды. Осылайша, әріптестердің ойлары қалай 

дамығанын зерттей отырып, осы процеске кіріскен жөн. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет