Сабақтың жоспары:
1. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар
2. Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік констациясы
3. Ле-Шателье принципі
Мақсаты: Студенттерді химиялық тепе-теңдік ұғымымен таныстыру. Жаттығулар мен есептер шығару.
2. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүрген жағдайда химиялық тепе-теңдік күйі орнайды. Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды. Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.
2KClO 2KCl + 3O2
Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес. Реакциялардың көбі қайтымды болады.
Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады. Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды. Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:
N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q
Техникада қайтымды реакциялар, әдетте, тиімсіз. Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды, температураны, және т.б. өзгерте отырып) іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады. Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде. алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде, газ күйінде ұшып кететін, мысалы:
ВаСІ2 + Н2 SO4 =ВаSO4 ↓ + 2HCl
Na2CO3+ 2HCl = 2NaCI + CO2 ↑ + H2O
Өте а диссоцияланатын қосылыс түзілетін, мысалы су
Достарыңызбен бөлісу: |