Температура әсері.Температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады (Вант-Гофф заңы– Ле Шателье принципінің жеке бір түрі )2СО + О2 ↔ 2СО2, ▲Н< 0;
N2O4 ↔ 2NO2, ▲H > 0 .
Қысымның әсері. Тепе-теңдікте тұрған жүйенің сыртқы қысымын көбейткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына қарай, яғни жүйенің ішкі қысымы кемитін жаққа қарай ығысады. Керісінше, сыртқы қысымды кеміткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны көбейетін бағытына қарай, яғни ішкі қысымның өсуі жағына қарай ығысады. Мысалы, N2 + 3H2 ↔ 2NH3 тепе-теңдіктің сол жағында 4 молекула, оң жағында 2 молекула, сонда сыртқы қысым артқанда тепе-теңдік оң жаққа, аммиак түзілетін жаққа ығысады.Тепе-теңдіктің екі жағындағы молекулалар саны бірдей болса, N2+O2↔2NO, онда қысымды өзгерту тепе-теңдікке әсер етпейді.