Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Ертегілер Ертегілердің классификациясы. Жанрлық түрлері



бет21/43
Дата20.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#51329
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Ертегілер
Ертегілердің классификациясы. Жанрлық түрлері.
Әлемдік фольлортану ғылымында қара сөзбен айтылатын ауыз әдебиетінің барлық түрін халық прозасы деп, оны 2 топқа бөледі:

  • Аңыздық проза

  • Ертегілік проза

Ертегілік проза немесе ертегілер адам баласының еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.
Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңімен, мән-маңызына қарай 2 топқа бөлу қажет сияқты.
1.Қазақ жеріне ислам дінінің келуіне дейінгі ертегілер.
2.Ислам діні келгеннен кейін пайда болған ертегілер.
Ал ертегілік прозаны С.Қасқабасовтың жүйелеуі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1.жан-жануарлар туралы ертегілер;
2.қиял-ғажайып ертегі-лер;
3.батырлық ертегілер;
4.новеллалық ертегілер;
5.сықақ ертегілер.
Батырлық ертегі.
«Батырлық ертегі» деген термин фольклортану ғылымында төрт түрлі мағынада қолданылады. В.М. Жирмунский бұл жанрға Оңтүстік сібірдегі түркі-монғол халықтарының көне эпосын жатқызады, қаһармандық эпостың шығу тарихын зерттеген Е.М.Мелетинский «батырлық ертегі» деп угорлар мен тунгус-маньчжур және кейбір Сібір халықтарының әңгіме түрінде келетін эпостан басқа шығармаларын атайды. Орыс былиналарының білгір зерттеушісі А.М. Астахова «батырлық ертегі» түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі замандарда пайда болған ертегі түріндегі шығармаларды жатқызады. Сонымен қатар бұл жанрға ерлік, қаһармандық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де қосылып жүр.
Қазақ фольклоры туралы ғылымда бұл жанр жеке алынып зерттелген емес, сондықтан «батырлық ертегі» деген термин әлі толық қалыптасқан жоқ.. Қазақтан мұндай ертегілердің бар екенін тұңғыш байқаған ғалым - академик В.В.Радлов.Ол өзінің атақты «Түркі халықтары әдебиетінің нұсқалары» атты жинағы-ның қазақ фольклорына арналған томында ІХ бөлімді «Батыр ертегі» деп атап, оған «Қан шентей» және «Еркем Айдар» ертектерін енгізген.
Қазақ ертегілерінің құрамында батырлық ертегілер бар екенін М. Әуезов те айтқан. Ол кісі дәл осы терминді қолданбаса да бұл жанрдың екі тобын дұрыс көрсеткен. «Сол ертегілердің ішінде, - деп жазады Мұхтар Әуезов, - ең ескіргенін алсақ, бұрынғы ескі нанымды білдіретін жалмауыздар араласқан ертегі мен кәсіп ертегілер болады. Кәсіптік ертегілерге өте көп кіретін аңшылық, өте ескі ертегілер «Еділ-Жайық», «Құламерген» сияқтылар болса, бұнда иен тау, елсіз өзендерде жапа-жалғыз мекен еткен батыр аңшылар әңгімеге кіреді». Мұқаңның бұл айтып отырған ертегілері – ең көне екені рас. Ол – хикаядан, бір жағы, қиял-ғажайып ертегі, екінші жағы, батырлық ертегіге айналады. Басқаша айтқанда, Еділ-Жайық», «Құламерген» сияқты шығармалар – архаикалық батырлық ертегінің негізін қалаған хикаялар. М.Әуезов көне батыр-аңшылар туралы әңгімемен бірге кейінгі замандарда туған «батыр әңгімелер» бар екенін айтқан. Батырлық ертегінің бір бастауы көне миф пен хикая, ал екінші өзегі – қиял ғажайып ертегі. Соған қарамастан, ол өз бетінше, өз жолымен қалыптасып, дамыған. Батырлық ертегіде жеке адамның рулық коллективтен дараланып шыға бастағаны және ол өзін жеке адам ретінде сезіне бастағаны көрініс тапқан. Табиғатқа толық тәуелді «әйтеуір бір адамнан» басқа, керемет күш пен қасиеттердің иесі - алып батыр тұлғасы пайда болады. Ол - алып батыр ғана емес, небір сиқыр сырларды білетін ерекше адам,, сол себепті ол өзінің іс-әрекетінде аруақтарға емес, қара басының қасиетіне, білегінің күшіне сенеді. Егер қиял-ғажайып ертегіде Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты керемет көмекшілер дәріптелсе, мұнда елден асқан батыр мадақталады, оның күші мен қимылы, ерлігі әсірелене баяндалады. Бұл жанрдың халық прозасының басқа жанрларынан айырмашылығының бірі – кейіпкердің белсенділігі мен күштілігі. Аса күшті, әрі сирек сүйенеді. Батырлық ертегінің қаһарманы–эпикалық қаһарман, оның ерлік істері қиял-ғажайып ертегілеріндегідей сиқырлы көмекшілерсіз-ақ жасалып жатады.
Қазақтың батырлық ертегілерінде Шығыс пен батыстық ситуациялар мен сюжеттік формулалар мол. Бұл сияқты көп елге ортақ жағдайларда қаһарманның таңғажайып жағдайда тууы мен оның туысымен-ақ болашағын таныта бастауы жатады.
Батырлық ертегілердегі қаһарманның айнымас серігі мен көмекшісі – ат. Көшпелі тұрмыс жағдайындағы түрік пен моңғол халықтарының батырлық ертегілерінде адал көмекші ретінде атқа айрықша орын беріледі. Ұшып бара жатқан құстарды тісімен қағып түсіретін, «алты айлық жолды алты аттайтын», желден жүйрік жануар, тамаша тұлпар Керқұла ержүрек иесі Кендебайға қапысыз қызмет етеді. Ер Төстіктің Шалқұйрығы бұдан асып түспесе, кем емес. Мұндай ғажайып аттар адамша сөйлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет