Курсы, тобы: 2курс 3топ
Психолог-әдіскер: Бейсембаева Кенже Доғаровна
«6В03105 – ПСИХОЛОГИЯ: ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГТЫ ДАЯРЛАУ» МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ПРАКТИКАСЫН ӨТКІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты: білім беру мекемесіндегі оқу процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Студенттердің педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
2. Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
4. Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.