Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет2/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Курстың міндеттері:
-
Студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен және 
философиялық , әліснамалық негіздерін түсінідіру; 
-
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби 
құзіреттілік деңгейін көтеру; 
-
Инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару 
жұмыстарымен таныстыру; 
-
Инклюзивті білім беру ұйымдарында ерекше білім алуды қажет ететін балаларды 
психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктерін 
қалыптастыру; 
-
Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі ерекше білім алуды қажет 
ететін балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру; 
-
Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім беруге біріктіру бойынша 
ережелермен танысу. 
Оқытудан күтілетін нәтижелер: 
(Блум таксономиясы бойынша) 
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек: 
-
инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;
 
-
инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;
 
-
инклюзивті білім берудің қағидалары;
 
-
инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;
 
-
инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
 
-
инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру 
тұжырымдамаларын;
 
-
инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен
тәрбиедегі жалпы сұрақтар, психологиялық-педагогикалық қолдау;
 
-
білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық 
технологияларды қолдану ерекшеліктерін.
 
-
мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын 
зерттеп білу және оларды шешуді.
 
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек: 
- ерекше білім алуды қажет ететін балалар категориясының психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін білу;


- ерекше білім алуды қажет ететін балалармен кездесетін қиын жағдайларды саралай алу;
- инклюзивті білім беруде ЕБҚ балаларға оқытудың жеке бағдарламасын жасай алу 
қабілеті.
Игерілетін дағдылар: 
- инклюзивті кеңістікті қалыптастыру жолдарын; 
 
- түрлі категориядағы ерекше білім алуды қажет ететін балалармен сабақты ұйымдастыра 
алу дағдысы;
-ерекше білім алуды қажет ететін балаларға кедергісіз ортаны құра алу тәжірибесі;
- сыни тұрғыда ойлау дағдыларын меңгеру; 
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын жетілдіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет