Көлік құралдары мен контейнерлерді тазарту, жуу және
дезинфекциялау міндеті жүк алушыларға жүктеледі. Тасымалдаушы
жүк алушымен келісім бойынша көлік құралдары мен контейнерлерді
жуу және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды орындауды ақы
төлеп өзіне алуға құқылы.
Бас тарту және жүктерді қайта бағыттау. Жүкті жеткізу
кідіртілген жағдайда тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіні және
жүк алушыны хабардар етеді.
Егер жүк тасымалдау шартында өзгеше белгіленбесе, жүк
жөнелтуші мен жүк алушы жүкті жоғалды деп санауға және егер жүк
алушының талап етуі бойынша жүк алушыға берілмеген болса,
жоғалған жүк үшін нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы:
а) жүкті тасымалдау үшін қабылдаған күннен бастап 10 күн
ішінде – қалалық және қала маңындағы қатынастарда тасымалдау
кезінде;
б) жүк алушыға берілуі тиіс болған күннен бастап 30 күн ішінде –
қалааралық қатынаста тасымалдау кезінде.
Егер жүкті тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаса,
жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартуға және тасымалдаушының
кінәсінен тасымалдау процесінде жүк зақымданған (бүлінген) жағдайда
тасымалдаушыдан залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Жүк алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер
бойынша жүкті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, соңғысы жүкті жүк
жөнелтуші көрсеткен жаңа мекенжай бойынша жеткізуге (жүкті басқа
адреске жіберу), ал жүкті жаңа мекенжай бойынша жеткізу мүмкін
болмаған кезде – тиісті алдын ала хабарламамен жүкті жүк
жөнелтушіге қайтаруға құқылы. Жүкті қайтару немесе басқа
мекенжайға жіберу кезінде тасымалдауға арналған шығыстар жүк
жөнелтушінің есебінен өтеледі.
Достарыңызбен бөлісу: