Жұмысты орындау тәртібі: Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі ертіндісі (сұйылту дәрежесі 1:1000). Алынған ертіндінің бір бөлігін (2-3 мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған кан ертіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ертіндісін косады. Екі колбадағы 2 мл сутегі асқын тотығының 1% ертіндісін құйып, оны 30 мин термостатка 37-40°С қояды. 30 мин өткен соң екі колбаға да 3 мл Н2SО4 10% ертіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша КМnО4 0,1н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл айырманы 1,7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1,7 – Н2О2 1 мл КМnО4 0,1н ертіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері .
Қосымша нұсқау
1. 2 мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Проблемалық сұрақтар
1. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті калай әсер етеді?
2. Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай өэгеріске үшырайды?
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Ферменттер классификациясы және олардың биологиялык маңызы» тарауын дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |