Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы»



бет21/47
Дата18.02.2022
өлшемі429,02 Kb.
#25853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Биохим ЛАБ

Реактивтер мен құралдар:

Рефрактометр.

4% -ті кальций хлоридінің ертіндісі.

Су моншасы.

Пробиркалар - 2 дана.

5 мл пипетка.

Воронка.

Сүзгі қағаз.



Жұмысты орындау тәртібі: 1. Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4%-ті кальций хлоридінің ертіндісін қосады.

2. Пробирканы жақсылап шайқап, 10 мин су моншасындағы қайнап жатқан суға салып қояды.

3. Уақыт өткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бөлме температурасында қалдырады.

4. Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.

5. Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің төменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне тегістеп жаяды.

6. Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды.

7. Сыну көрсеткіші бойынша таблицадан лактозаның проценттік мөлшерін анықтайды.

Қосымша нұсқау.

1. Сүзіліп алынған сүт сары суында тұнба болмауға тиіс.

2. «Көмірсулар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма

Оқулық және дәріс конспектісі бойынша «Көмірсулар» тақырыбына дайындалып келу.

Проблемалық сұрақтар

Әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының сүтіндегі лактоза мөлшері қандай?

Лактозаның мал төлдері үшін қандай маңызы бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет