Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Бақылау сұрақтары: 
1. Лоқсу үрдісін шақыратын егізгі препараттарды атаңыздар? 
2. Лоқсу мен құсудың қауіптілігі қандай? 
3. Лоқсу мен құсудың алдын алу мен емдеу принциптері? 
Дәріс № 9 Лазермен емдеу 
Мақсаты: Ветеринариялық хирургияда лазер сәулесін қолдану негіздерімен, лазер 
құрылғысының орналасуымен студенттерді таныстыру. 
Кілт сөздер: лазер, оптикалық кванттық генератор, гелий - ненон лазері, қатты 
асыл тас лазерлері. 
Жоспары: 
1. Лазер емінің негіздері. 
2. Көрсетілуі және қарсы көрсетілімдері.
3. Лазермен емдеу тәсілдері. 
Лазер немесе оптикалық кванттық генератор (ОКГ) ХХ ғасырдың ең көрнекті 
ғылыми жетістігі. "Лазер" сөзі (laser) ағылшын тілінен аударғанда бес сөздің бастапқы 
әріптерінен құралған labight Amplification ву Stimulated Emission of Radiation, күштеп 
сәулелендірудің көмегімен жарықты немесе сәулені ұлғайту. Сайып келгенде, лазер - бұл 
жарық генерацияланатын не өңделетін физикалық құрал. 
Лазерлердің негізгі үлгілері: 
1. Гелий - ненон лазері, жұмыс істейтін заты инертті неон газы. Гелий қоспасы 
неон атомдарының инверсиясының деңгейін күшейтеді. Бұл лазер түріне берілетін 
мінездеме: сәулелену жиілігінің жоғарғы дәлдігі, контрукцияның қарапайымдылығы, 
сәулеленудің жоғары бағыты, сонымен қатар қызметінің ұзақ мезгілділігі (10 сағат). 
Дәрігерлік тәжірибеде ұзын толқынды гелий - ненон лазерлері дәстүрлі түрде 


29 
қолданылады 632,8 нм (0,64 мкм). Бірақ шет елдік фирмалардың бірқатары басқа толқын 
ұзындықтарымен гелий - ненон лазерлерін шығаруда. Мысалы, "жасыл" лазер 
толқынының ұзындығы 543,3 нм, қуаттылығы 0,5-1 мВт және инфрақызыл лазер 
толқынының ұзындығы 1523,1 нм. Негізінен гелий - ненон лазерлері жалпы , ереже сай 
шығатын қуаттылығы аса көп емес (10-100 мВт), яғни төменгі энергиялық болып келеді. 
2. Қатты денелілер (лағылды (рубин) - неодимдік және т.б.) бұл лазерлер 
қуаттылық үлкен күшті сәулеленуін тудырады. Кез келген затты жарып тастау, күйдіріп 
алу, кесуге қабілетті. Ол тіпті қалыңдығы бірнеше миллиметр болат плиткаларын тесіп 
шығуға қабілетті. Сондай лазерлер келесідей блоктардан тұрады: 
А) 
сыртқы жарық көзі, «тарту» шамы. 
Б) 
сырты күмістелінген цилиндр түріндегі, белсенді кристалдық зат.
В) 
суыту жүйесі. 
Г) 
электр энергиясының көзі. 
Лағыл лазерлері жарықтың қызыл түсті спектрінде, толқын ұзындығы 694,3 нм 
дейін энергия шығарады. Шығаратын энергияның қуаты 0,001 Дж-дан, бірнеше мың Дж-
ға дейін жетеді. Бөлінетін жарықтың толқыны 1060 нм-ге дейін ұзартуға болады.
3. Жартылай өткізгіштік лазерлер. Белсенді зат ретінде жартылай өткізгіштерді 
қолданады (галий арсениді, қорғасын селениді және т.б.). Қуаты нашар шамамен 1 Вт. 
Олардың артықшылығы, толқынның ұзындығын магниттік өріс көмегімен өзгертуге 
болады, бірақ когеренттік дәрежесі, яғни сәуле шығарылуының дәлдігі бұзылады. 
4. Газды және сұйық затты лазерлер - толассыз тәртіпте жұмыс істейді . Олардың 
сәулеленуі биік монохроматомды және когеренттігі жоғары. Қуаттылығы кішкене, жасау 
қымбат, бірақ ұзақ қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет