Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Ісіктің жедел түрлері 
Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ 
және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты 
тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. 
Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер 
тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен 
денеге жабысып тұрады. 
Кілегей астылық аумаққа дамыған фиброманы полиптер, тыртықты тоқымадан 
пайда болған фибромаларды келлойдтар деп атайды. Егер де бірнеше ағзаны бір уақытта 
көптеген фиброма зақымданса оны фиброматоз деп атайды [2]. 
Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін 
май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. Олардың сыртындағы капсуласы 
кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ. 
Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар 
тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады. 
Рак - беткейлік немесе безді эпителиде дамиды. Ісік дәнекер тоқымалы стромадан 
және паренхимадан, оның негізін эпителиальды клеткалар құрайды ағзалардан тұрады. 
Рак тоқымалар мен ағзаларда дамып эпитиальды тоқымаларын зақымдайды, сонымен 
қатар теріде, желінде, және ауыз қуысында, лимфа түйінде, көз аумақтарында да пайда 
болады. 
Макроскопиялық қөрінісіне қарағанда рак тығыз, кедір - бұдырлы немесе жұмсақ 
тығыздығы бар матастаздануға және ыдырауға қабілеті бар жаңа пайда болған өсіндіге 
ұқсайды. 


32 
Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға 
жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады 
немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни 
метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды 
бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп 
жағдайда рецидив дамиды. 
Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар: рак - эпителиясы шығу тегі 
бар ісік, саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет