Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Ә мәтіні Жаңа технология тарихымызбен таныстырады



бет55/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Ә мәтіні
Жаңа технология тарихымызбен таныстырады

ҚР ұлттық мұражайында енгізілген «Online-ticket», «QR-код» және «Аudio-гид» жүйелерінің таныстырылымы өтті.


Еліміздегі заманауи жаңа технологиямен жабдықталған бірегей мұражай – ұлттық музей деп айтуға енді толық негіз бар. Бұған дейін мұражайға келушілер экскурсия жүргізушілерге тәуелді еді. Бүгінгі таңда кез келген азамат мұражайдағы аудио-гид қызметін пайдалана отырып, өз бетінше барлық экспонаттармен толық таныса алады. Аудио-гид үш тілде, яғни қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат береді. 
Сондай-ақ мұражайдың әр жәдігерінің тұсында QR-кодтар орналастырылды. Бұл кодтарды планшет, смартфон, айфон секілді гаджеттердегі арнайы бағдарламамен сканерлеп, экспонаттар туралы толық мағлұмат алуға болады. Таңдаған үш тілдің (қазақ, ағылшын және орыс) бірінде жәдігер туралы ақпарат мобильдік құрылғының экранына шығады. 
Бұған қоса, ұлттық мұражай келушілерге қызметтің жаңа түрі – «Online-ticket» жүйесін енгізді. Қазақстанның кез келген аймағынан музей сайтына кіріп, онлайн тәсілімен билет сатып алуға болады. Бұл келушінің уақытын үнемдеп, қолайлы жағдай туғызады.
«Дамыған отыз елдің қатарына енуді көздеген мемлекетімізде әрбір мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс ұйымдастыруға талпыну қажет. Біз интернет арқылы онлайн режимде билет алу мәселесін ұйымдастырдық. Бұл жүйе астаналық драма театрында бар және бүгінде біздің мұражайға орнатылды. Мәдениет саласы экономика мен әлеуметтік өмірге көп әсер ететін ресурс болғандықтан ұлттық мұражайды жаңа заманауи технологиялармен жетілдіру арқылы тарихымыз бен құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек. Бұл тек елдік рухымызды оятып қана қоймай, еліміздің әлем аренасындағы абыройын арттырады», – деді ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай. 
Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА
http://e-history.kz/kz/publications/view/1266


Тапсырма
1.Мәтіндерге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасаңыздар.
2.Мәтіндерге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасаудың басқа қандай үлгісін ұсынуға болады?
Орындау уақыты: 15 минут.
Топ көшбасшысының ойды ортаға бөлісуі: 3 минут.
Кері байланыс: 2 минут





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет