Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет1/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ





«Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» білім беру бағдарламасы


ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

Нұр-Сұлтан, 2022
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Педагогикалық шеберлік орталығы, 2022
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

Түсініктеме жазбасы

Жұмыс дәптері «Тыңдаушыға арналған нұсқаулық» құралына қосымша әдістемелік құрал болып табылады.


Жұмыс дәптеріне мұғалімдер біліктілікті арттыру барысында зерделейтін және одан әрі әріптестерін үйрету тәжірибесінде қолдануға арналған тапсырмалар кіреді. Тапсырмалар біліктілікті арттыру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес жасалған. Тапсырмаларды талдау, бағалау, сондай-ақ оларды өз бетінше әзірлеу және сараптау дағдысын қалыптастыруға бағытталған; бағдарлама мазмұнын мұғалімдердің өз бетінше меңгеруіне септігін тигізеді.
Жұмыс дәптері сабақтың мазмұнын ашуға көмектесетін түрлі мазмұнды материалдарды қамтиды: ақпараттық («Тыңдаушыға арналған нұсқаулық» әдістемелік құралында берілген материалмен танысу және талдау), тәжірибелік (тапсырманы орындау және өз тәжірибесінде пайдалану туралы ойлану, қорытынды жасау) және бағалау құралдары (өзін-өзі бағалау, сабақтың тақырыбы немесе тапсырманың мазмұны бойынша рефлексия жасау).
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар «жеңілден күрделіге», «теориядан тәжірибеге» және керісінше, «тәжірибеден теорияға» қағидаттары бойынша құрастырылған. Материалды қабылдауды және кең ауқымда кешенді түсінуді оңайлату мақсатында сурет, сызба, кестелер қолданылған.
Әр тапсырманың соңында мұғалімнің өз ойын, жауабын жазуға арналған бос орындар бар, сондай-ақ мұғалімнің орындалған тапсырманы түзету және жетілдіру мүмкіндігі бар. Бұл сабақ тақырыбы бойынша игерген білімді жүйелеуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар шиыршық қағидаты бойынша құрастырылған: сабақтан сабаққа алға ілгерілеген сайын алдыңғы материалды қайталау арқылы бағдарлама материалы күрделене түседі. Әр сабақтың оқу мақсаты белгіленіп, күтілетін нәтижеге қол жеткізуге қатысты рефлексия жасалады. Мұғалімдердің психологиялық тұрғыда жайлы ортада (оқу ортасы) жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған (тапсырманы жеке, жұпта, шағын топта орындау, әріптестердің бір-біріне ауызша/жазбаша кері байланыс ұсынуы, т.с.с.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет