Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет18/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
10-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісімен танысу
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеу тәсілімен, оның кезеңдерімен танысып, зерттеу 
кезеңдерін талдайды.
Жаттығулар 
1-2-сабақтар
1.
Тыңдаушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
2.
Кіріспе. Тыңдаушылар «БББ» кестесінің бастапқы екі бағанын толтырады.
3.
Таныстырылым негізінде ІӘЗ туралы жалпы ақпаратпен таныстыру.
4.
«Қаркесегі»әдісі.«Іс-әрекеттегізерттеуменғылымизерттеудіңайырмашылығы» 
жаттығуы. Тыңдаушылар жұп болып жұмыс істеп, 2-үлестірме материалды 
толтырады. Кейіннен көршілес жұптар бірігіп, шағын топ құрып, парақтарын 
салыстырады. Егер бір жұпта белгілі бір зерттеудің қандай да бір сипаттамасы 
болмаса, оны өз парақтарына қосады. Егер тыңдаушылар саны жетсе, шағын 
топтарды тағы бір біріктіруге болады.
5.
Бір топ өз кестесімен таныстырады. Қалған топтардың мүшелері өздерінде 
бар, бірақ таныстырылған кестеге кірмеген тармақтар болса, олармен бөліседі. 
Мектептренері3-үлестірмематериалдықолданаотырыпжәнетыңдаушылардың 
жұмыстарына иек арта отырып, жаттығуды қорытындылайды.
6.
«Іс-әрекеттегі зерттеу түрлері» үлестірме материалын оқу және ол туралы 
пікір алмасу.
7.
«Ықпалын түсіну» жаттығуы.
8.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінің мәнін түсіндіңіз бе?
ә) Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеуі маңызды деп санайсыз ба?
б) Іс-әрекеттегі зерттеудің оқушыларға ықпалы бар деп ойлайсыз ба?
9.
Тыңдаушылар БББ кестесінің үшінші бағанын толтырады.
10.
Сабақты қорытындылау.
11.
Үй тапсырмасы: интернет желісінен ақпарат іздеу арқылы іс-әрекеттегі зерттеу 
үдерісі туралы, бұл тәжірибенің басқа мектептерде, елдерде қалай жүретінімен 
танысу.
Қосымша оқу
1.
Уилсон Э. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдары.
2.
Іс-әрекеттегі зерттеу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет