Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Қосымша оқу Іс-әрекеттегі зерттеу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012. 18-күн



Pdf көрінісі
бет26/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Қосымша оқу
Іс-әрекеттегі зерттеу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
18-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеудің ерекшеліктері
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеу мен Сабақты зерттеу тәсілдерінің ұқсастықтары 
мен айырмашылықтарын талдайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Тыңдаушыларды бүгінгі күні қарастырылатын мәселелермен таныстыру және 
бірінші сабақта Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеудің артықшылықтары 
мен кемшіліктері қаралатынын жеткізу.
2.
Сабақты зерттеу тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау. 
Тыңдаушыларға бұл тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктері бейнеленген 
тұжырымдамалық карта жасауды тапсыру.
3.
Шағын топтар карталарының таныстырылымын өткізеді.
4.
Дәл осыны Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілімен қайталау.
5.
Тыңдаушылардың тұжырымдамалық карталарын қабырғаға іліп қою.
6.
Топтық талқылау. Сабақты қорытындылау
2-сабақ
1.
Өткен сабақта әр тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктері талданғанына 
сілтеме жасай отырып, бұл сабақта бұл екі тәсілдің ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары қарастырылатынын жеткізу.
2.
Тыңдаушыларарасында«Миғашабуыл»өткізіп,екітәсілдіңайырмашылықтары 
мен ұқсастықтарын атауды сұрау. Айтылған ойлардың барлығын мектеп 
тренері өзі тақтаға (флипчартқа) жазып отырады немесе тыңдаушылардың 
біреуінен жазып тұруды сұрайды. Оларды ешқандай тәртіпке салмай, жалпы 
тізіммен жаза беру қажет. Себебі әуел бастан рет-ретімен ойлана бастаса, онда 
сонша көп ой тудыруға мүмкіндік бомайды, олар шектен шыға алмай қалуы 
мүмкін.
3.
Жалпы тізім жазылған флипчартты бөлменің барлық тыңдаушыларға көрінетін 
жеріне іліп қою. Содан кейін шағын топта жазбаларды талдап, оларды белгілі 
бір ретпен, тәртіппен жүйелеуді тапсыру.
4.
Шағын топтар өз тізімдерін таныстырады. Тыңдаушылар сабақ басында өздері 
жазған тізімді қарастырып, қажет болған жағдайда, өзгеріс енгізеді.
5.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Екі зерттеу тәсілінің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіңіз бе? 
ә) Екі тәсілді бір-бірінен айыра аласыз ба?


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
28
б) Сабақты зерттеу үдерісінің негізгі мәні – қадағалау, ал Іс-әрекеттегі 
зерттеудің негізгі мәні – өзгеріс енгізу арқылы әрекет ету екенін ұғындыңыз 
ба?
6. Курста оқу туралы эссе жазу, сауалнама.
Қосымша оқу
1.
Рыскулбекова А., Алимов А., Саипова А. Мұғалімдердің зерттеушілік 
мәдениетін дамытуға арналған әдістемелік ұсынымдар. Астана, 2016.
2.
Уилсон Э., Абибулаева А. Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе. Ньютон-әл- 
Фараби серіктестік бағдарламасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет