Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет1/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған
«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы» пәнінен ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Пән оқытушысы:
ф.ғ.к., доцент Айгүл Әбидуллақызы Иманғазина
Ақтөбе, 2023

Практикалық сабақтар


І. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

1-2 практикалық сабақ тақырыбы: Фонетика туралы түсінік


Сабақ жоспары:
1. Фонетика – тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың зерттеу нысаны.
2. Фонетиканың ғылыми салалары. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әр түрлі әдістер.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің фонетикасы туралы жалпы мәліметтер
2. Сипаттамалы фонетика
3. Салыстырмалы фонетика
4. Тарихи фонетика
5. Салғастырмалы фонетика
6. Эксперименттік фонетика
Глоссарий:
Фонетика – тіл білімінің дыбыстар жүйесін зерттейтін саласы.
Сипаттамалы фонетика (синхрондық немесе статикалық фонетика деп те аталынады) тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады.
Салыстырмалы фонетика – туыс тілдердің дыбыстар жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындап беретін фонетика.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) – тілдің дыбыстар жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын, өзгерістерін айқындайды.
Салғастырмалы фонетика бір-бірімен ешқандай туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтарын көрсетеді.
Эксперименттік фонетика болса, белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет