Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет12/34
Дата17.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#83415
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Бақылау сұрақтары:
1. Ықпалды өзгерістер
2. Ықпалсыз өзгерістер
Глоссарий:
Дыбыстық өзгерістер – тілдік заңдылықтардан туған дыбыстық құбылыстар.
Ықпалды (комбинаторлы) өзгерістер – көрші дыбыстардың ықпалынан сөз құрамында болатын алуан түрлі дыбыстық өзгерістер.
Протеза – сөйлеуде (кейде жазуда да) кірме сөздердің басындағы Р, Л, С дауыссыздарының алдынан дауысты (көбіне қысаң дауысты) дыбыстың қосылып айтылуы.
Эпентеза – заңсыз қатар тұрған (тіркескен) екі дауыссыз дыбыстың арасына қысаңдардың бірінің қыстырылып айтылуы.
Редукция – сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп қалуы.
Элизия – бір бунақпен (ырғақпен) айтылғане екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы (түсіріліп айтылуы).
Диереза – қатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы.
Апокопа – қатар келген екі дауыссыз дыбыстың соңғысының түсіп қалуы.
Диссимиляция – сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі (әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа дыбыспен алмастырылуы.
Синкопа – сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) бір не екі буынның түсіп (қысқарып) қалуы.
Метатеза – сөз ішіндегі қатар келген екі дауыссыздың орындарын алмастыруы (ауыстыруы).
Ықпалсыз (спонтанды) өзгерістер – дыбыстардың бір-біріне ешқандай ықпалсыз, әсерсіз, тарихи түрде болған дыбыстық өзгерістер.
Ықпалды өзгерістер – сөз құрамындағы бір дыбыстың көрші дыбыс әсерінен болған өзгерісі.
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Талайсыз: жуан сөз; 8 әріп; 8 дыбыс; 3 буын: та – ашық буын, лай – бітеу буын, сыз – бітеу буын; 2 тасымал: та-лайсыз, талай-сыз.
2 (а,ы) жуан – 2 (а,ы) ашық – 1 (a)
7 = ; 2 = ; 2 = ;
5 (т,л,й,с,з) жіңішке – 0 қысаң – 1 (ы)
еріндік – 0
2 = ;
езулік – 2 (а,ы)
қатаң – 2 (т,с); ұяң – 1 (з)
7 =
үнді – 2 (л,й)


Орфография: талайсыз
Орфоэпия: талайсыз
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: талайс`ыз

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,


Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.


Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де.
Шыдар ем күйіп, мен жанып,
Айында бірер көрсем де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет